2009 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» N 836 қаулысын іске асыру мақсатында аудан әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі және ұйымдардың тізбесін қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі(Ш.Отыншиев) бекітілген тізбеге сәйкес 2009 жылға арналған аудан бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 4
4. Аудандық қаржы бөлімі (Б.Утегенов) қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге қаражаттың уақтылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органдарында тіркеліп ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Жолдасқа жүктелсін.