Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета 2009 года областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на обеспечение закладки и выращивания многолетних насаждений плодово-ягодных культур и винограда Қолданыста
Басқа 0
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2009 жылдың республикалық бюджетінен жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының " Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы " 2005 жылғы 8 шілдедегі және " 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы " 2008 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2009 жылдың республикалық бюджетінен жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2009 жылдың республикалық бюджетінен жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 2 ақпандағы
N 98 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2009 жылдың республикалық бюджетінен жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2009 жылдың республикалық бюджетінен жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының " Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы " 2005 жылғы 8 шілдедегі және " 2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы " 2008 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарына сәйкес әзірленді және 087 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасы бойынша 2009 жылғы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттерді облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің пайдалануы тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге арналған қаражат (бұдан әрі - бюджеттік субсидиялар) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі - АШТӨ):
Тармақша 1
1) 2008 жылғы күзде және (немесе) 2009 жылғы көктемде жүргізілген жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін (интенсивті типті өнеркәсіптік бақтарды) отырғызуға және оларды 2009 жылы өсіруге арналған.
Бұл ретте көпжылдық көшеттерді отырғызу:
Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне немесе ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесіне енгізілген сорттармен;
2009 жылғы 1 шілдеден бастап - тиісті лицензиясы (жерге орналастырумен, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыспен айналысуға) бар және АШТӨ-нің көпжылдық көшеттерді отырғызу жүзеге асырылатын жер учаскесімен байланысқан тұлға әзірлеген бақтарды, жидектіктерді және жүзімдіктерді отырғызу үшін бекітілген үлгі жобаға (бақ отырғызу үшін жарамдылығына топырақтық-мелиоративтік зерттеулердің жүргізілгенін растайтын) сәйкес жүзеге асырылуы тиіс;
Тармақша 2
2) 2007 жылғы күзде және (немесе) 2008 жылғы көктемде 009 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасының 106 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жеміс дақылдарының және жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" кіші бағдарламасы бойынша 2008 жылы бөлінген республикалық бюджеттің қаражаты есебінен отырғызылған жеміс дақылдары мен жүзімнің бірінші өсу жылғы көпжылдық көшеттерін өсіруге (күтуге);
Тармақша 3
3) 2006 жылғы күзде және (немесе) 2007 жылғы көктемде 009 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасының 106 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жеміс дақылдарының және жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" кіші бағдарламасы бойынша 2007 жылы бөлінген республикалық бюджеттің қаражаты есебінен отырғызылған жеміс дақылдары мен жүзімнің екінші өсу жылғы көпжылдық көшеттерін өсіруге (күтуге) кеткен шығындардың құнын ішінара өтеуге арналған.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде 087 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге берілетін нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасының төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспары негізінде облыстар бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген субсидиялау көлемдеріне сәйкес, сондай-ақ облыс әкімі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы қол қойылған келісімнің шеңберінде ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге аударады.
Тармақ 4
4. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға және өсіруге бюджеттік субсидиялар алған АШТӨ-ге осы мақсаттарға тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттен қаражат бөлу шартымен, келесі жылдары, бірақ төрт жылдан аспайтын уақытқа жеміс беру сәті туындағанға дейін оларды өсіруге арналған бюджеттік субсидиялар беріледі.
Тармақ 5
5. Бюджеттік субсидия жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу мен өсірудің осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес 1 гектарға арналған шығындардың мөлшерінен аспайтын құнының 40 %-ына дейінгі мөлшерде белгіленеді.
Тарау 2. 2. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға және өсіруге кеткен шығындарды ішінара өтеуге арналған бюджеттік субсидияларды алу тәртібі
2. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға және өсіруге кеткен шығындарды ішінара өтеуге арналған бюджеттік субсидияларды алу тәртібі
Тармақ 6
6. АШТӨ өтінімдерін қарау және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу актілерін және тексеру актілерін жасау үшін аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция (бұдан әрі - АӨК) комитетінің аудандық (қалалық) аумақтық инспекциясының, аудандық (қалалық) статистика, жер қатынастары басқармаларының, аграрлық бейіндегі ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері құрамында ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) құрылады.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі - ауыл шаруашылығы бөлімі) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.
Тармақ 7
7. АШТӨ осы Ереженің 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидияларды алу үшін ағымдағы жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде ВАК-ка мынадай құжаттардан тұратын өтінімді тапсырады:
Тармақша 1
1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Тармақша 2
2) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмелері;
Тармақша 3
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы не жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері;
Тармақша 4
4) көшеттерді отырғызу үшін пайдаланылған отырғызу материалының сорттық және егістік сапасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 5
5) көшеттерді отырғызу үшін пайдаланылған отырғызу материалын сатып алу-сату және/немесе қаржылық лизинг шарттарының көшірмелері;
Тармақша 6
6) осы Ереженің 12-тармағында көзделген басым тәртіппен бюджеттік субсидия алуға АШТӨ-нің құқығын растайтын құжаттар.
Тармақ 8
8. Өткен жылдары бюджеттік субсидиялар алған АШТӨ осы Ереженің 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген бюджеттік субсидияларды алу үшін ағымдағы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде ВАК-қа мынадай құжаттардан тұратын өтінімді тапсырады:
Тармақша 1
1) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Тармақша 2
2) өткен жылы жасалған жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу актісінің көшірмелері;
Тармақша 3
3) өткен жылдары бюджеттік субсидиялар алғаны туралы куәландыратын құжаттың көшірмелері.
Тармақ 9
9. ВАК:
Тармақша 1
1) он жұмыс күні ішінде ұсынылған өтінімдердің толықтығы мен нақтылығын тексереді, орналасқан жеріне бара отырып, осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу актісін және осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін тексеру актісін жасайды;
Тармақша 2
2) ағымдағы жылдың 15 маусымына дейінгі мерзімде бюджеттік субсидиялар алуға үміткер АШТӨ тізбесін (бұдан әрі - тізбе) бөлінген қаражат шегінде қалыптастырады және оны өтінімдермен қоса аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне бекітуге жібереді.
Тармақ 10
10. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі бекіткен тізбені, өтінімдерді әрбір АШТӨ бойынша отырғызу актісін, әрбір АШТӨ бойынша тексеру актісін ауыл шаруашылығы бөлімі үш жұмыс күні ішінде АШТӨ өтінімдерін облыста қарау жөніндегі жұмыс органы болып табылатын облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі - Ауыл шаруашылығы басқармасы) жібереді.
Ауыл шаруашылығы бөлімі Ауыл шаруашылығы басқармасына ұсынылған құжаттардың дұрыстығы үшін жауапты болады.
Тармақ 11
11. Ауыл шаруашылығы басқармасы ауыл шаруашылығы бөлімі ұсынған АШТӨ өтінімдерін алғаннан кейін оларды он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Тармақ 12
12. Егер өтінімдер сомасы бөлінген бюджет қаражатының сомасынан асып кетсе, онда бюджеттік субсидиялауға жататын алқаптар АШТӨ арасында алқаптардың сұрау салынған мөлшеріне байланысты бара-бар бөлінеді. Бұл ретте:
Тармақша 1
1) мыналар:
алманың "Апорт" сортын отырғызған;
Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында қысқа циклды алма бақтарын отырғызған АШТӨ басым тәртіппен субсидияланады.
Тармақша 2
2) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызудың және өсірудің бюджеттен ең аз субсидияланатын алқабы бара-бар бөлуден кейін бір АШТӨ-де бір гектардан кем болмауы тиіс.
Тармақ 13
13. Ауыл шаруашылығы басқармасы АШТӨ-нің өтінімін қарағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыс бойынша АШТӨ-нің бюджеттік субсидиялар алуға арналған тізбесін жасайды және оны облыс әкіміне бекітуге ұсынады;
Тармақша 2
2) өтінімдерді ұсынған АШТӨ-ге қабылданған шешім туралы жазбаша хабарламаны, теріс шешім қабылданған жағдайда - өтінімді қабылдамаудың себептерін көрсете отырып жібереді;
Тармақша 3
3) АШТӨ ұсынған растаушы құжаттардың негізінде осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомосты қалыптастырады.
Тармақ 14
14. Ауыл шаруашылығы басқармасы үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шотын ұсынады.
Тармақ 15
15. Ауыл шаруашылығы басқармасы бюджеттік субсидияларды төлеу үшін ұсынылған құжаттардың дұрыстығы үшін жауапты болады.
Тармақ 16
16. Қандай да бір облыс бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда Министрлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2009 жылға республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде облыстар бойынша субсидияларды қайта бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді.
Тармақ 17
17. Бюджеттік субсидиялар алған АШТӨ Ауыл шаруашылығы басқармасына Министрлік бекіткен нысан бойынша есепті кезеңде алынған бюджеттік субсидиялардың нысаналы және тиімді пайдаланылғаны туралы есеп береді.
Тармақ 18
18. Ауыл шаруашылығы басқармалары ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей және тиісті жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей Министрлікке төленген бюджеттік субсидиялардың көлемі және дақылдар мен сорттар бөлінісінде көпжылдық көшеттерді отырғызу және өсіру алқаптары туралы есепті ұсынады.
Тармақ 19
19. Облыс әкімдері, Министрлікке тікелей және түпкілікті нәтижелердің нақты жетістіктері туралы аралық есепті жарты жылдық қорытындылары бойынша 30 шілдеден кешіктірмей, ал қорытынды есепті келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.
Тармақ 20
20. Министрлік нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттерді төмен тұрған бюджетке аудармағаны үшін және ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану кезінде нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізбегені үшін жауапты болады.
Тармақ 21
21. Облыс әкімдері нысаналы трансферттердің нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес пайдаланылмағаны, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмегені, алған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті ұсынбағаны үшін жауапты болады.
Басқа 1. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін 2009 жылы отырғызудың және 2006-2008 жылдары отырғызылғандарын өсірудің 1 гектарға арналған шығындарының мөлшері
Ережеге
1-қосымша
Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін 2009 жылы отырғызудың және 2006-2008 жылдары отырғызылғандарын өсірудің 1 гектарға арналған шығындарының мөлшері
1. 2008 жылдың күзінде және (немесе) 2009 жылдың көктемінде отырғызуға және 2009 жылы өсіруге
Р/с
N
Дақыл
Отырғызудың және өсірудің 1 гектарға арналған шығындары, теңге
Отырғызудың және өсірудің 1 гектарға арналған шығындарының құнын бюджеттік субсидиялау пайызы
Отырғызудың және өсірудің 1 гектарға арналған бюджеттік субсидияларының мөлшері, теңге
1
Жеміс-жидек дақылдары
1 063 653
40
425 461
2
Жүзім
532 161
40
212 864
2. 2007 жылдың күзінде және (немесе) 2008 жылдың көктемінде отырғызылған көпжылдық көшеттердің бірінші жылғы өсуіне (күтіміне)
Р/с
N
Дақыл
Өсірудің 1 гектарға арналған шығындары (1 өсу жылғы), теңге
Өсірудің 1 гектарға арналған шығындарының құнын бюджеттік субсидиялау пайызы (1 өсу жылғы)
Өсірудің 1 гектарға арналған бюджеттік субсидиялардың мөлшері (1 өсу жылғы), теңге
1
Жеміс дақылдары
66 258
40
26 503
2
Жүзім
813 627
40
325 451
3. 2006 жылдың күзінде және (немесе) 2007 жылдың көктемінде отырғызылған көпжылдық көшеттердің екінші жылғы өсуіне (күтіміне)
Р/с
N
Дақыл
Өсірудің 1 гектарға арналған шығындары (2 өсу жылғы), теңге
Өсірудің 1 гектарға арналған шығындарының құнын бюджеттік субсидиялау пайызы (2 өсу жылғы)
Өсірудің 1 гектарға арналған бюджеттік субсидиялардың мөлшері (2 өсу жылғы), теңге
1
Жеміс дақылдары
72 735
40
29 094
2
Жүзім
202 967,5
40
81 187
Басқа 2. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге арналған бюджеттік субсидияларды алуға өтініш
Ережеге
2-қосымша
_____________ ауданының
ведомстволық комиссиясы
Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге арналған бюджеттік субсидияларды алуға өтініш
1. _______________________________________________________
(құрылтайшы құжаттың атауы)
негізінде әрекет өтетін _____________________________________________
(ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші)
бірінші басшысының атынан ___________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
осымен _____ га алқапқа жеміс-жидек дақылының/жүзімнің (қажетінің астын
сызу керек) көпжылдық көшеттерін отырғызуға және өсіруге арналған бюджеттік
субсидияларды бөлу туралы өтінеді.
2. Өтінішке мыналар:
жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі;
заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы не жеке кәсіпкер ретінде
мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері;
көшеттерді отырғызу үшін пайдаланылған отырғызу материалының сорттық
және егістік сапасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
көшеттерді отырғызу үшін пайдаланылған отырғызу материалын сатып алу-сату
және/немесе қаржылық лизинг шарттарының көшірмелері;
басым тәртіппен бюджеттік субсидия алуға АШТӨ-нің құқығын растайтын
құжаттар қоса беріледі.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің заңды мекен-жайы және банктік деректемелері
_______________
_______________
_______________
_____________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Басқа 3. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін өсіруді қамтамасыз етуге арналған бюджеттік субсидияларды алуға өтініш
Ережеге
3-қосымша
Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін өсіруді қамтамасыз етуге арналған бюджеттік субсидияларды алуға өтініш
1. ______________________________________________________
(құрылтайшы құжаттың атауы)
негізінде әрекет ететін ____________________________________________
(ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші)
бірінші басшысының атынан __________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
осымен ____ га алқапқа 200__ жылғы күзде және (немесе) 200__ жылғы
көктемде отырғызылған жеміс дақылының/жүзімнің (қажетінің астын сызу
керек) "__" өсу жылғы, көпжылдық көшеттерін өсіруге арналған бюджеттік
субсидияларды бөлу туралы өтінеді.
2. Өтінішке мыналар:
өткен жылдары жасалған жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін
отырғызу актісінің;
өткен жылдары бюджеттік субсидиялар алғаны туралы куәландыратын құжаттың
көшірмелері қоса беріледі.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің заңды мекен-жайы және банктік деректемелері:
__________________
__________________
__________________
____________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Басқа 4. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызудың 200__ жылғы "__"______ N ____ актісі
Ережеге
4-қосымша
Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызудың 200__ жылғы "__"______ N ____ актісі
Біз, төменде қол қойған,___________ облысы ___________________ ауданының
(облыстық маңызы бар қаланың) ведомствоаралық комиссиясының (бұдан әрі -
комиссия) мүшелері, құрамында:
комиссия төрағасы __________________________________________________
____________________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
комиссия мүшелері:
аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы басқармасының (бөлімінің) өкілі
____________________________________________________________________,
(лауазымы, Т.А.Ә.)
Министрліктің АӨК-дегі мемлекеттік инспекция комитеті аудандық
(қалалық) аумақтық инспекциясының өкілі ____________________________
____________________________________________________________________,
(лауазымы, Т.А.Ә.)
аудандық (қалалық) статистика басқармасының өкілі __________________
____________________________________________________________________,
(лауазымы, Т.А.Ә.)
аудандық (қалалық), жер қатынастары, жер кадастры басқармасының өкілі
____________________________________________________________________,
(лауазымы, Т.А.Ә.)
ғылыми ұйымының өкілі ______________________________________________
____________________________________________________________________,
(лауазымы, Т.А.Ә.)
қоғамдық ұйымның өкілі _____________________________________________
____________________________________________________________________,
(лауазымы, Т.А.Ә.)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________ басшысы
(ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)
мынадай көпжылдық көшеттерді отырғызуды жүзеге асырғаны туралы осы
актіні жасадық:
______________ га алқапқа __________________________________________
(дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)
______________ га алқапқа __________________________________________
(дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)
______________ га алқапқа __________________________________________
(дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)
Комиссия төрағасы _______________
(қолы)
комиссия мүшелері:
аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы
бөлімінің өкілі _______________
(қолы)
Министрліктің АӨК инспекция
комитеті аудандық (қалалық)
аумақтық инспекциясының өкілі _______________
(қолы)
аудандық (қалалық) статистика
басқармасының өкілі _______________
(қолы)
аудандық (қалалық) жер
қатынастары басқармасының өкілі _______________
(қолы)
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
ғылыми ұйымның өкілі _______________
(қолы)
қоғамдық ұйымның өкілі _______________
(қолы)
ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші _______________
(қолы)
Басқа 5. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін тексерудің 200__ жылғы "__" N _____ актісі
Ережеге
5-қосымша
Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін тексерудің 200__ жылғы "__" N _____ актісі
Біз, төменде қол қойған,___________ облысы ___________________
ауданының (облыстық маңызы бар қаланың) ведомствоаралық комиссиясының
(бұдан әрі - комиссия) мүшелері, құрамында:
комиссия төрағасы __________________________________________________
____________________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
комиссия мүшелері:
аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы басқармасының (бөлімінің) өкілі
____________________________________________________________________,
(лауазымы, Т.А.Ә.)
Министрліктің АӨК-дегі мемлекеттік инспекция комитеті аудандық
(қалалық) аумақтық инспекциясының өкілі ____________________________
____________________________________________________________________,
(лауазымы, Т.А.Ә.)
аудандық (қалалық) статистика басқармасының өкілі __________________
____________________________________________________________________,
(лауазымы, Т.А.Ә.)
аудандық (қалалық) жер қатынастары, жер кадастры басқармасының өкілі
_______________________________________________________________ _____
____________________________________________________________________,
(лауазымы, Т.А.Ә.)
ғылыми ұйымының өкілі ______________________________________________
____________________________________________________________________,
(лауазымы, Т.А.Ә.)
қоғамдық ұйымның өкілі _____________________________________________
____________________________________________________________________,
(лауазымы, Т.А.Ә.)
___________________________________________________________________ _
____________________________________________________________ басшысы
(ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)
мынадай 200__ отырғызылған көпжылдық көшеттерді "__" өсу жылына өсіруді
жүзеге асыратыны туралы осы актіні жасадық:
___________ га алқапқа _____________________________________________
(дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)
___________ га алқапқа _____________________________________________
(дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)
___________ га алқапқа _____________________________________________
(дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)
Комиссия төрағасы _________________
(қолы)
комиссия мүшелері:
аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы
басқармасының (бөлімінің) өкілі _________________
(қолы)
Министрліктің Агроөнеркәсіптік
кешендегі мемлекеттік инспекция
комитеті аудандық (қалалық)
аумақтық инспекциясының өкілі _________________
(қолы)
аудандық (қалалық) статистика
басқармасының өкілі _________________
(қолы)
аудандық (қалалық) жер қатынастары,
жер кадастры басқармасының өкілі _________________
(қолы)
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
ғылыми ұйымының өкілі _________________
(қолы)
қоғамдық ұйымның өкілі _________________
(қолы)
ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші _________________
(қолы)
Басқа 6. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға және өсіруге 2009 жылға арналған бюджеттік субсидияны алуға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізбесі
Ережеге
6-қосымша
Бекітемін
___________ облысының әкімі
_________________________ __
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
200__жылғы "__" _________ __
Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға және өсіруге 2009 жылға арналған бюджеттік субсидияны алуға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізбесі
Р/с
N
Ауданның атауы
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы
Дақыл
Отырғызу және өсіру алқабы, га
Өсіру алқабы (1 өсу жылғы), га
Өсіру алқабы (2 өсу жылғы), га
Отырғызудың және өсірудің 1 га-ға арналған бюджеттік субсидиялардың мөлшері, теңге
Өсірудің 1 га-ға арналған бюджеттік субсидиялардың мөлшері (1 өсу жылғы), теңге
Өсірудің 1 га-ға арналған бюджеттік субсидиялардың мөлшері (2 өсу жылғы), теңге
Бюджеттік субсидиялар сомасы, теңге
Жиыны:
____________________________________________________ облысының
Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы _______________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
200__ж. "__"_________
Басқа 7. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге 2009 жылға арналған бюджеттік субсидияларды төлеу ведомосы
Ережеге
7-қосымша
Бекітемін
___________ облысының әкімі
_________________________ __
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
200__жылғы "__" _________ __
Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге 2009 жылға арналған бюджеттік субсидияларды төлеу ведомосы
Р/с
N
Ауданның атауы
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы
Дақыл
Отырғызу және өсіру алқабы, га
Өсіру алқабы (1 өсу жылғы), га
Өсіру алқабы (2 өсу жылғы), га
Отырғызудың және өсірудің 1 га-ға арналған бюджеттік субсидиялардың мөлшері, теңге
Өсірудің 1 га-ға арналған бюджеттік субсидиялардың мөлшері (1 өсу жылғы), теңге
Өсірудің 1 га-ға арналған бюджеттік субсидиялардың мөлшері (2 өсу жылғы), теңге
Төленуге тиіс, теңге
Жиыны:
Төленетін сома _____________________________________________________
(жазумен)
__________________________________________ облысының Ауыл шаруашылығы
басқармасы құрылымдық бөлімшесінің басшысы __________________________
(Т.А.Ә., қолы)