Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета 2009 года областными бюджетами на поддержку семеноводства Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.02.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық бюджеттердің 2009 жылғы республикалық бюджеттен тұқым шаруашылығын қолдауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының " Тұқым шаруашылығы туралы " 2003 жылғы 8 ақпандағы және " 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы " 2008 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Облыстық бюджеттердің 2009 жылғы республикалық бюджеттен тұқым шаруашылығын қолдауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі ;
Тармақша 2
2) көбейту жылдары бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының түрлеріне және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға 2009 жылға арналған бюджеттік субсидиялар нормативтері ;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сатылған элиталық тұқымының 1 тоннасына 2009 жылға арналған бюджеттік субсидиялар нормативтері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Облыстық бюджеттердің 2009 жылғы республикалық бюджеттен тұқым шаруашылығын қолдауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 ақпандағы N 99 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттердің 2009 жылғы республикалық бюджеттен тұқым шаруашылығын қолдауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Облыстық бюджеттердің 2009 жылғы республикалық бюджеттен тұқым шаруашылығын қолдауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңында 082 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұқым шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде көзделген қаражат есебінен және шегінде бірегей тұқым өндірушілердің (бұдан әрі - оригинаторлар) және элиталық тұқым шаруашылықтарының (бұдан әрі - элиттұқымшарлар) өсімдік шаруашылығын дамытудың басым бағыттарын ескере отырып, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығын дамытуға арналған қаражатты (бұдан әрі - бюджеттік субсидиялар) пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Министрлік облыстық бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды бюджеттік бағдарламаның төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына (бұдан әрі - төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары) және облыс әкімі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес жүргізеді.
Тармақ 3
3. Бюджеттік субсидиялар:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын өндіруге жіберілген шығындарды ішінара өтеуге;
Тармақша 2
2) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жіберілген шығындарды толық өтеуге;
Тармақша 3
3) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымының және жеміс дақылдары мен жүзімнің көшеттерінің (бұдан әрі - элиталық тұқым мен көшеттер) құнын ішінара арзандатуға арналады.
Тармақ 4
4. Осы Ереженің 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар белгіленген тәртіппен аттестатталған оригинаторларға Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берілген және (немесе) перспективалық деп танылған ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының бірегей тұқымының нақты өндірілген көлемі үшін төленеді.
Тармақ 5
5. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын өндіру шығындарын ішінара өтеуді бюджеттік субсидиялау Министрлік элиталық тұқымдар мен көшеттер алу үшін оларды өндірудің ғылыми негізделген нормаларына сәйкес көбейту жылдары бойынша тұқымның әрбір түріне әрбір оригинатор үшін белгілеген квоталар шеңберінде жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Осы Ереженің 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар заңнамада белгіленген тәртіппен аттестатталған оригинаторларға жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салу және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету жөніндегі нақты орындалған іс-шаралар үшін төленеді.
Тармақ 7
7. Әрбір оригинатор үшін жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салу және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету алаңын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі - облыстың жергілікті атқарушы органы) өтінімдерін ескере отырып, Министрлік көп жылдық екпелер алаңына келетін телітушілерге қажеттіліктің ғылыми негізделген нормаларына сәйкес белгілейді.
Тармақ 8
8. Осы Ереженің 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар заңнамада белгіленген тәртіппен аттестатталған элиттұқымшарларға Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берілген сорттардың элиталық тұқымы мен көшеттерінің арзандатылған құны бойынша отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге Министрлік тұқымның және көшеттердің әрбір түрі бойынша әрбір облыс үшін белгілеген квоталар шегінде нақты сатылған көлемі үшін төленеді.
Тармақ 9
9. Әрбір элиттұқымшар үшін элиталық тұқым мен көшеттердің әрбір түрі бойынша квотаны облыстың жергілікті атқарушы органының бұйрығымен құрылатын тұрақты жұмыс істейтін комиссия белгілейді және ол облыстың жергілікті атқарушы органының бұйрығымен бекітіледі. Комиссия құрамына облыстың жергілікті атқарушы органының, Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері енгізіледі. Облыстың жергілікті атқарушы органы комиссияның жұмыс органы болып табылады. Квоталарды бөлу дақылдың басымдылығын ескере отырып, олардың ғылыми негізделген қажеттілік нормаларына сәйкес егістік алаңына жүргізіледі. Көрсетілген квотаға облыстан тыс жерлерге сатылатын тұқымдар енгізіледі.
Тармақ 10
10. Белгіленген квоталар көлемдерін орындау барысын және бюджеттік қаражатын игерудің уақтылығын бақылау үшін облыстың жергілікті атқарушы органы Министрлікке ағымдағы жылдың 30 шілдесінен кешіктірмей нақты жетістіктердің тікелей және түпкілікті нәтижелерін көрсетіп бірінші жарты жылдықтың қорытындылары бойынша бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы ақпарат береді. Аттестатталған тұқым өндірушілер бірегей тұқым өндіру және элиталық тұқым мен көшеттер сату квоталарының белгіленген көлемдерін орындамаған жағдайда облыс ішінде квоталарды қайта бөлуді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілетін Аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндірудің және элиталық тұқымдарды сатудың жыл сайынғы квоталарын белгілеу ережесіне сәйкес Министрлік жүзеге асырады. Аттестатталған тұқым өндірушілердің бірегей тұқым өндіру және элиталық тұқым мен көшеттер сату квоталарының белгіленген көлемдерін орындамауы бюджеттік субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлуге әкеп соққан жағдайда Министрлік Қазақстан Республикасының Үкіметіне заңнамада белгіленген тәртіппен 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде бюджеттік субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
Тармақ 11
11. Элиттұқымшарлар элиталық тұқым мен көшеттерді отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге Министрліктің бұйрығымен белгіленген шекті бағадан аспайтын баға бойынша сатады.
Тарау 2. 2. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын өндіруге жіберілген шығындарды ішінара өтеуге және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жіберілген шығындарды толығымен өтеуге арналған бюджеттік субсидияларды пайдалану тәртібі
2. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын өндіруге жіберілген шығындарды ішінара өтеуге және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жіберілген шығындарды толығымен өтеуге арналған бюджеттік субсидияларды пайдалану тәртібі
Тармақ 12
12. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын өндіруге жіберілген шығындарды ішінара өтеуге бюджеттік субсидиялар алу үшін:
Тармақша 1
1) оригинаторлар тиісті жылдың 10 қарашасынан кешіктірмейтін мерзімде облыстың жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды: ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының оригинатор нақты өндірген көлемдері жөніндегі тізілімді; ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын кіріске алу актілерін; ауыл шаруашылығы өсімдіктері бірегей тұқымдарының егістігін сынақтан өткізу актілерін; егістіктерді сынақтан өткізу туралы екі данадағы есепті; тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы зертхананың (бұдан әрі - тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана) тексерілген тұқымның саны мен сапасының мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы анықтамасын ұсынады;
Тармақша 2
2) облыстың жергілікті атқарушы органы ұсынылған құжаттардың шынайылығын тексереді, оригинатор нақты өндірген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының көлемдері жөніндегі тізілімді бекітеді, облыс бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының нақты өндірілген көлемдері жөнінде жиынтық тізілім жасайды және тиісті жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмейтін мерзімде белгіленген бюджеттік субсидиялар нормативтерінің негізінде оригинаторларға төленуі тиіс қаражаттың көлемін айқындайды.
Тармақ 13
13. Оригинатор нақты өндірген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының көлемдері жөніндегі тізілімнің, облыс бойынша нақты өндірілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының көлемдері жөніндегі жиынтық тізілімнің, республика бойынша нақты өндірілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының көлемдері жөніндегі жиынтық тізілімнің, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын кіріске алу актісінің, тексерілген тұқымдардың саны мен сапасы туралы тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана анықтамасының нысандарын Министрлік белгілейді.
Тармақ 14
14. Облыстың жергілікті атқарушы органы оригинаторлар ұсынған растаушы құжаттар негізінде осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірілген бірегей тұқым үшін бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость жасайды.
Тармақ 15
15. Төлемдер бойынша көрсетілген бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес тиесілі сомаларды оригинаторлардың ағымдағы шоттарына аудару үшін облыстың жергілікті атқарушы органы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін және ақы төлеу шоттарын береді.
Тармақ 16
16. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жіберілген шығындарды толық өтеу үшін:
Тармақша 1
1) оригинаторлар жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салу және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету жөнінде келтірілген шығындар нәтижелері бойынша облыстың жергілікті атқарушы органына жасалған шарттардың және жұмсалған шығындар бойынша төлеу фактісін растайтын барлық құжаттардың, сондай-ақ кіріске алу актілерінің көшірмелерін тапсырады;
Тармақша 2
2) облыстың жергілікті атқарушы органы он жұмыс күні ішінде жасалған шарттардың және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салу және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету жөніндегі шығындарды растайтын құжаттардың шынайылығын тексереді және осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость жасайды. Төлемдер бойынша көрсетілген бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес тиесілі сомаларды оригинаторлардың ағымдағы шоттарына аудару үшін облыстың жергілікті атқарушы органы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін және ақы төлеу шоттарын береді.
Тарау 3. 3. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған элиталық тұқым мен көшеттердің құнын ішінара арзандатуға арналған бюджеттік субсидияларды пайдалану тәртібі
3. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған элиталық тұқым мен көшеттердің құнын ішінара арзандатуға арналған бюджеттік субсидияларды пайдалану тәртібі
Тармақ 17
17. Арзандатылған құн бойынша сатылған элиталық тұқым мен көшеттерге бюджеттік субсидиялар алу үшін:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы қорғалатын өсімдіктер сорттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдары белгіленген квота шегінде сатылған жағдайда, элиттұқымшарлар ауыл шаруашылығы саласындағы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі - ауданның жергілікті атқарушы органы) лицензиялық шартты береді, бұл бойынша патент иесі (лицензиар) элиталық тұқым шаруашылығына (лицензиатқа) "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығын береді;
Тармақша 2
2) элиттұқымшарлар ай сайын 1-күнге қарай ауданның жергілікті атқарушы органына сатып алушылар бөлінісінде сатылған элиталық тұқымның және көшеттердің саны мен сапасы туралы ақпарат береді;
Тармақша 3
3) элиттұқымшарлар элиталық тұқымдар мен көшеттерді сату фактісін растау үшін мынадай мерзімде: жаздық дақылдар мен көшеттер бойынша - тиісті жылдың 20 маусымына дейін, ал күздік дақылдар бойынша - тиісті жылдың 10 қарашасына дейін ауданның жергілікті атқарушы органына: элиттұқымшар нақты сатқан элиталық тұқымдар мен көшеттердің көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді; элиталық тұқымдарды өндіруге арналған бастапқы материалдың шығу тегін растайтын құжаттарды (көбейту питомниктері, суперэлита және элита егістерін сынақтан өткізу актілері мен сынақтан өткізу туралы есепті, ал көбейту питомниктерінің тұқымы мен суперэлитаны сатып алған жағдайда - тұқымға арналған аттестаттың көшірмесін); тексерілген тұқымның (көшеттерді қоспағанда) саны мен сапасының мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың анықтамасын; сатылған элиталық тұқымның және көшеттердің бастапқы төлем құжаттарының, сондай-ақ тұқымды және көшеттерді тиеп жөнелтуге арналған жүкқұжаттың және шот-фактуралардың көшірмелерін; элиттұқымшар мен сатып алушының арасындағы сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның және көшеттердің саны туралы элиталық тұқымды және көшеттерді сатып алу-сату шартын ұсынады. Элиталық тұқымды және көшеттерді сатып алу-сату шарты төрт данада жасалады: біріншісі - элиттұқымшар үшін, екіншісі - сатып алушы үшін, үшіншісі - ауданның жергілікті атқарушы органы үшін, төртіншісі - облыстың жергілікті атқарушы органы үшін;
Тармақша 4
4) ауданның жергілікті атқарушы органы ұсынылған бастапқы төлем құжаттарының көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады және өзінің мөрімен куәландырады. Куәландырылған бастапқы төлем құжаттарының көшірмелері, элиталық тұқымның және көшеттердің нақты сатылған көлемдері жөніндегі жиынтық тізілімнің бір данасы және сатып алу-сату шартының бір данасы ауданның жергілікті атқарушы органында сақтауға тапсырылады;
Тармақша 5
5) ауданның жергілікті атқарушы органы мынадай мерзімде: жаздық дақылдар және көшеттер бойынша - тиісті жылдың 1 шілдесіне дейін, ал күздік дақылдар бойынша - тиісті жылдың 20 қарашасына дейін облыстың жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды: элиттұқымшар нақты сатқан элиталық тұқым және көшеттер көлемдері жөніндегі жиынтық тізілімді; элиттұқымшар мен сатып алушы арасындағы сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның және көшеттердің саны туралы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартын; элиталық тұқымды және көшеттерді мақсатты пайдалану туралы актіні; тексерілген тұқымның (көшеттерді қоспағанда) саны мен сапасының мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың анықтамасын тапсырады. Элиталық тұқымдар мен көшеттердің мақсатты пайдаланылуын растау жөніндегі комиссияның төрағасы осы Ереженің 17-тармағының 2) тармақшасына сәйкес берілген ақпаратқа сәйкес ауданның тиісті жергілікті атқарушы органына немесе көрсетілген тұқымдар мен көшеттерді сатқан элиталық тұқым шаруашылығына элиталық тұқымдар мен көшеттердің мақсатты пайдаланылуы туралы актіні беруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) облыстың жергілікті атқарушы органы: он бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді, облыс бойынша элиталық тұқымның және көшеттердің нақты сатылған көлемі жөніндегі жиынтық актіні жасайды және бекітеді; облыс бойынша элиталық тұқым мен көшеттердің нақты сатылған көлемі жөнінде бекітілген жиынтық актілер бойынша, онда көрсетілген элиталық тұқым мен көшеттердің көлемі мен бекітілген бюджеттік субсидиялар нормативтері негізінде тиесілі бюджет қаражатының көлемін анықтайды; әрбір элиттұқымшарға белгіленген квоталар шегінде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған элиталық тұқымның және көшеттердің ішінара арзандатылған құны үшін бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомость жасайды;
Тармақша 7
7) ұсынылып отырған элиталық тұқымдарды және көшеттерді сатып алу-сату шартының, элиталық тұқымдарды және көшеттерді мақсатты пайдалану актісінің, элиттұқымшар нақты сатқан элиталық тұқымның және көшеттердің көлемі жөніндегі жиынтық тізілімнің, облыс бойынша сатылған элиталық тұқымдардың және көшеттердің көлемі жөніндегі жиынтық актінің нысандарын Министрлік бекітеді.
Тармақ 18
18. Облыстың жергілікті атқарушы органы төлемдер бойынша көрсетілген бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес бюджеттік субсидиялар төлеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін және ақы төлеу шоттарын береді.
Тармақ 19
19. Ай сайын 5-күнге қарай, бірақ тиісті жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей облыстың жергілікті атқарушы органы Министрлікке тұқым шаруашылығын дамытуға бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомостардың және жиынтық ведомостардың көшірмелерін, бюджеттік субсидиялардың төленген көлемі туралы есепті ұсынады. Облыстың жергілікті атқарушы органы тікелей және түпкілікті нәтижелердің нақты жетістіктері туралы қорытынды есепті келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей Министрлікке береді.
Тарау 4. 4. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау
4. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау
Тармақ 20
20. Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің тұқым шаруашылығы бойынша мемлекеттік инспекторлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 21
21. Облыстың және ауданның жергілікті атқарушы органдары бюджеттік субсидиялар төлеу үшін тапсырылған құжаттардың шынайылығы үшін жауапты болады.
Тармақ 22
22. Министрлік нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттердің уақтылы аударылмағаны және нысаналы трансферттерді пайдалану кезінде көрсеткіш нәтижелеріне жетпегені үшін жауапты болады.
Тармақ 23
23. Облыстың әкімдері нысаналы трансферттерді нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес келмейтіндей пайдаланғаны, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті табыс етпегені үшін жауапты болады.
Басқа 1. 200__ жылғы "___" ______ - "___" __________ кезеңінде өндірілген бірегей тұқымдар үшін бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость
Облыстық бюджеттердің 2009 жылғы республикалық бюджеттен тұқым шаруашылығын қолдауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесіне 1-қосымша Бекітемін _______________________________ облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы ___________________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) 200 жылғы " " 200__ жылғы "___" ______ - "___" __________ кезеңінде өндірілген бірегей тұқымдар үшін бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость Аудан­ның ата­уы Бі­ре­гей тұқым өн­ді­ру­ші­нің ата­уы Да­қыл Өсім­паз­дық Бі­ре­гей тұқым өн­ді­ру­дің жыл­дық кво­та­сы Бюд­жет­тік суб­си­ди­я­ла­у­ға құ­жат­тар тап­сы­ры­л­ған бі­ре­гей тұқым­ның нақ­ты кө­ле­мі, тон­на Өн­ді­рі­л­ген бі­ре­гей тұқым­дар­дың 1 тон­на сы­на ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­ти­ві, тең­ге Жыл ба­сы­нан ти­е­сі­лі бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар со­ма­сы, тең­ге Жыл ба­сы­нан тө­лен­ге­ні, тең­ге Ти­е­сі­лі бюд­жет­тік суб­си­дия со­ма­сы­ның қал­ды­ғы, тең­ге 200_ж. "__" ____  кво­та ше­гін­де тө­ле­у­ге жа­та­ты­ны, тең­ге тон­на со­ма­сы, (тең­ге) жыл ба­сы­нан 200_ ж. "__" ____ - "__" ____ ке­зе­ңін­де 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 Жиы­ны: _________________ облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы құрылымдық бөлімшесінің басшысы                       (Т.А.Ә., қолы)
Басқа 2. 200__ жылғы "___" _______ - "___" __________ кезеңінде жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость
Облыстық бюджеттердің 2009 жылғы республикалық бюджеттен тұқым шаруашылығын қолдауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесіне 2-қосымша Бекітемін _______________________________ облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы ___________________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) 200 жылғы " " 200__ жылғы "___" _______ - "___" __________ кезеңінде жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость Аудан­ның ата­уы Бі­ре­гей тұқым өн­ді­ру­ші­нің ата­уы Да­қыл Іс-ша­ра ата­уы (са­лу және/ неме­се қыз­мет көр­се­ту) Са­лу­дың және/неме­се қыз­мет көр­се­ту­дің жыл­дық кво­та­сы Са­лы­на­тын және/неме­се қыз­мет көр­се­ту­дің нақ­ты кө­ле­мі, га Са­лу­дың және/неме­се қыз­мет көр­се­ту­дің 1 гек­та­ры­на ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­ти­ві, тең­ге Жыл ба­сы­нан ти­е­сі­лі бюд­жет­тік суб­си­дия со­ма­сы, тең­ге Жыл ба­сы­нан тө­лен­ге­ні, тең­ге Ти­е­сі­лі бюд­жет­тік суб­си­дия со­ма­сы­ның қал­ды­ғы, тең­ге 200_ ж. "__" ____ кво­та ше­гін­де тө­ле­у­ге жа­та­ты­ны, тең­ге га со­ма­сы, (тең­ге) жыл ба­сы­нан 200_ ж. "__" ____ -  "__" ____ ке­зе­ңін­де 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 Жиы­ны: _________________ облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы құрылымдық бөлімшесінің басшысы                       (Т.А.Ә., қолы)
Басқа 3. 200__ жылғы "__" _________ - "__" ___________ кезеңінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған элиталық тұқымның және көшеттердің ішінара арзандатылған құнына бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомость
Облыстық бюджеттердің 2009 жылғы республикалық бюджеттен тұқым шаруашылығын қолдауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесіне 3-қосымша Бекітемін _______________________________ облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы ___________________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) 200__ жылғы "__"______________________ 200__ жылғы "__" _________ - "__" ___________ кезеңінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған элиталық тұқымның және көшеттердің ішінара арзандатылған құнына бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомость Аудан­ның ата­уы Элит­тұқым­шар ата­уы Да­қыл Са­ты­л­ған кү­ні Эли­та­лық тұқым­ды са­ту­дың жыл­дық кво­та­сы Бюд­жет­тік суб­си­ди­я­ла­у­ға құ­жат­тар тап­сы­ры­л­ған эли­та­лық тұқым­ның және кө­шет­тер­дің нақ­ты са­ты­л­ған кө­ле­мі, тон­на Са­ты­л­ған эли­та­лық тұқым­дар­дың 1 тон­на­сы­на ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­ти­ві, тең­ге Жыл ба­сы­нан ти­е­сі­лі бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар со­ма­сы, тең­ге Жыл ба­сы­нан тө­лен­ге­ні, тең­ге Ти­е­сі­лі бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар со­ма­сы­ның қал­ды­ғы, тең­ге 200_ ж. "__" ____ кво­та ше­гін­де тө­ле­у­ге жа­та­ты­ны, тең­ге тон­на со­ма­сы, (тең­ге) жыл ба­сы­нан 200_ ж. "__" ____ -  "__" ____ ке­зе­ңін­де 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 Жиы­ны: _________________ облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы құрылымдық бөлімшесінің басшысы                       (Т.А.Ә., қолы)
Басқа 4. Көбейту жылдары бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының түрлеріне және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға 2009 жылға арналған бюджеттік субсидиялар нормативтері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 ақпандағы N 99 қаулысымен бекітілген Көбейту жылдары бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының түрлеріне және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға 2009 жылға арналған бюджеттік субсидиялар нормативтері Р/с N Өнім­нің тү­рі, іс-ша­ра­лар Бі­ре­гей тұқым­ның 1 тон­на­сын (да­на­сын) өн­ді­ру­ге, ана­лық­тар са­лу­ға жі­бе­рі­л­ген шы­ғын­дар­ды өтеу пай­ы­зы, (дей­ін) Бір тон­на­ға (да­на­ға, гек­тар­ға) ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­ти­ві, тең­ге 1 2 3 4 Кө­бей­ту пи­том­ник­те­рі мен ана­лық ны­сан­дар 1 Жү­ге­рі мен кү­ріш­тен бас­қа, дән­ді және дән­ді бұр­шақ­ты да­қыл­дар 40 55187 2 Жү­ге­рі 40 332808 3 Кү­ріш 40 76269 4 Қы­тай­бұр­шақ 40 161907 5 Күн­ба­ғыс 40 412262 6 Бас­қа май­лы да­қыл­дар 40 161907 7 Кар­топ 40 124241 8 Көп жыл­дық шө­птер: бұр­шақ­ты дән­ді 40 40 571733 219436 9 Бір жыл­дық шө­птер 40 56967 10 Қант қы­зы­л­ша­сы 40 2085600 11 Мақ­та 40 212128 12 Же­міс-жи­дек да­қыл­да­ры мен жү­зім­нің көп жыл­дық ек­пе­ле­рі ана­лық­та­рын са­лу 100 1323723,4 13 Са­лын­ған же­міс-жи­дек да­қыл­да­ры мен жү­зім­нің көп жыл­дық ек­пе­ле­рі ана­лық­та­ры­ның аяқ­тал­ма­ған өн­ді­рі­сіне қыз­мет көр­се­ту 100 1126047,2 Су­пер­э­ли­та 1 Жү­ге­рі мен кү­ріш­тен бас­қа, дән­ді және дән­ді бұр­шақ­ты да­қыл­дар 40 12072 2 Жү­ге­рі 40 72802 3 Кү­ріш 40 18300 4 Күн­ба­ғыс 40 90182 5 Қы­тай­бұр­шақ 40 35417 6 Бас­қа май­лы да­қыл­дар 40 35417 7 Кар­топ 40 27178 8 Көп жыл­дық шө­птер: бұр­шақ­ты дән­ді 40 40 125067 48002 9 Бір­жыл­дық шө­птер 40 12462 10 Қант қы­зы­л­ша­сы 40 1000000 11 Кө­кө­ніс 40 878400
Басқа 5. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сатылған элиталық тұқымының 1 тоннасына 2009 жылға арналған бюджеттік субсидиялар нормативтері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 ақпандағы N 99 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сатылған элиталық тұқымының 1 тоннасына 2009 жылға арналған бюджеттік субсидиялар нормативтері Р/с N Өнім­нің тү­рі Эли­та­лық тұқым­ның 1 тон­на­сы­ның құ­нын ар­зан­да­ту пай­ы­зы, (дей­ін) Са­ты­л­ған эли­та­лық тұқым­ның 1 тон­на­сы­на бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­ти­ві, тең­ге (дей­ін) 1 2 3 4 1 Жұм­сақ би­дай 40 19330 2 Қат­ты би­дай 40 20160 3 Қа­ра би­дай 40 19330 4 Ар­па 40 15080 5 Сы­ра дай­ын­да­у­ға ар­нал­ған ар­па 40 15900 6 Сұ­лы 40 15080 7 Та­ры 40 18400 8 Қа­ра­құ­мық 40 21120 9 Жү­ге­рі: кеш пі­се­тін, ор­та­ша-кеш және ор­та­ша пі­се­тін бі­рін­ші ұр­па­ғы­ның бу­дан­да­ры; 40 103600 ер­те пі­се­тін бі­рін­ші ұр­па­ғы­ның бу­дан­да­ры 40 67200 10 Кү­ріш 40 25488 11 Ас­бұр­шақ 40 20600 12 Но­қат 40 21280 13 Қы­тай­бұр­шақ 40 21200 14 Бас­қа дән­ді бұр­шақ­ты да­қыл­дар 40 15000 15 Күн­ба­ғыс: эли­та­лық тұқым­дар; бі­рін­ші ұр­па­ғы­ның бу­дан­да­ры 40 40 168000 140000 16 Рапс 40 78080 17 Бас­қа май­лы да­қыл­дар 40 42744 18 Кар­топ 40 40000 19 Кө­кө­ніс 40 420000 20 Көп жыл­дық шө­птер: бұр­шақ­ты дән­ді 40 40 170000 65584 21 Бір­жыл­дық шө­птер 40 30000 22 Қант қы­зы­л­ша­сы 40 1500000 23 Мақ­та, бі­рін­ші өсім­паз­дық­ты қо­са ал­ған­да 40 45000 24 Же­міс да­қыл­да­ры­ның кө­шет­те­рі 40 140 25 Жү­зім кө­шет­те­рі 40 90