Об установлении повышенных, не менее чем на двадцать пять процентов, должностных окладов и тарифных ставок гражданским служащим социального обеспечения, образования, культуры работающим в аульной (сельской) местности, за счет средств районного бюджета на 2009 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.01.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауылдық (селолық) мекенде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет азаматтық қызметкерлерінің жиырма бес пайыздан кем емес көтерілген лауазымдық еңбекақы мен тарифтік мөлшерін 2009 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен белгілеу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ауылдық (селолық) мекенде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет азаматтық қызметкерлеріне лауазымдық еңбекақы мен тарифтік мөлшерін жиырма бес пайыздан кем емес көтеру қалалық жағдайда осы қызмет түрлерімен айналысатын азаматтық қызметкерлердің еңбекақылары мен еңбекақы мөлшерін салыстыру бойынша 2009 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен 2009 жылдың 1 қаңтарынан белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім баспасөзде алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған іс-әрекеттерге таратылады.