Об определении целевых групп населения и мер по содействию занятости и социальной защите в 2009 году Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылы халықтың нысаналы топтарын және жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу жөніндегі шараларды белгілеу туралы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Келесі санаттағылар халықтың нысаналы топтары деп белгіленсін:
Тармақша 1
1) аз қамтылғандар;
Тармақша 2
2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 3
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығысыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
Тармақша 6
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
Тармақша 7
7) мүгедектер;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
Тармақша 9
9) бас бостандығынан айыру жерлерінен және (немесе) күштеп емдеуден босатылған тұлғалар;
Тармақша 10
10) оралмандар;
Тармақша 11
11) ұзақ уақыт жұмыспен қамтылмағандар (он екі айдан астам);
Тармақша 12
12) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 13
13) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген елу жастан асқан тұлғалар;
Тармақша 14
14) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
Тармақша 15
15) курстық дайындық, бастауыш, орта кәсіптік білімінің түлектері;
Тармақша 16
16) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері.
Тармақ 2
2. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (әрі қарай уәкілетті орган) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыру жөніндегі шараларды қарастырсын:
Тармақша 1
1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар қолдансын;
Тармақша 2
2) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Жұмыс берушілерге ұсынылсын:
Тармақша 1
1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;
Тармақша 2
2) уәкілетті органға ұйымның таралуына, санының немесе штаттың қысқаруына байланысты алдыңғы уақытта жұмыстан босатылатын жұмыскерлер туралы, жұмыстан босатылатын жұмыскерлердің лауазымдары мен кәсіптерін, мамандықтарын, біліктіліктерін және еңбекақы көлемдерін көрсете отырып, жұмыстан босатылуы мүмкін жұмыскерлердің саны мен санаты және олардың жұмыстан босатылатын мерзімдері туралы толық көлемдегі ақпаратты олардың жұмыстан босатылғанына дейін кемінде бір ай ішінде берсін;
Тармақша 3
3) бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы мәліметтерді ол пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға берсін;
Тармақша 4
4) уәкілетті орган берген жолдамадағы тиісті белгі арқылы себебін көрсете отырып, жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы (уәкілетті орган азаматтарды жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде) уақытында хабарласын;
Тармақша 5
5) мүгедектер үшін белгіленген жұмыс орындар квотасын орындау.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А.Ишмұхамбетовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.