2009 жылы жұмыссыздарға арнап ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыратын шаруашылық субъектілерінің тізімін бекіту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылы жұмыссыздарға арнап ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыратын шаруашылық субъектілерінің тізімін бекіту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 23.01.2001 жылғы және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 23.01.2001 жылғы Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2009 жылы аудан көлемінде жұмыссыздарға арнап ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыратын шаруашылық субъектілерінің тізбесі бекітілсін. Жалғанды: /Қосымша/
Тармақ 2
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Д.Шүкірбаева) жұмыссыздардың ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілуін және олардың еңбекақысын төлеуді ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Жарылғаповаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. "КЕЛІСІЛДІ": Жарылғапова.О.Б С.Қани Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы 30 желтоқсан 2008 жыл Шүкірбаева Д.С. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы 30 желтоқсан 2008 жыл
Басқа 5
Түпқараған ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 30 желтоқсан N 816 қаулысына 1 қосымша 2009 жылы аудан көлемінде жұмыссыздарға арнап ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыратын шаруашылық субъектілерінің тізбесі N Қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын мекемелер атауы Жұмыссыздар тартылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері Бір жұмыссызға жұмыс көлемі Қоғам- дық жұмыс мерзімі Еңбекақы мөлшері(ең төменгі жалақы мөлшері) Қаржылан- дыру көзі 1 Аудандық әкімдік Курьер Мекемелерге және өтініш иелеріне жауап хаттар тарату 3 айдан 6 айға дейін 1,3 Жергілікті бюджет қаражаты 2 Баутин селосы әкімдігі Халықтың санағын алу Салық жинау агенттері көмекшіле-рі 50 үйдің санағын алу 30 үйге түбіршек тарату 3 айдан 6 айға дейін 1,5 Жергілікті бюджет қаражаты 3 Ақшұқыр село әкімдігі Салық жинау агенттері Халықтың санағын алу көмекшіле-рі 50 үйдің санағын алу 30 үйге түбіршек тарату 3 айдан 6 айға дейін 1,5 Жергілікті бюджет қаражаты 4 Таушық село әкімдігі Халықтың санағын алу Салық жинау агенттері көмекшіле-рі 50 үйдің санағын алу 30 үйге түбіршек тарату 3 айдан 6 айға дейін 1,5 Жергілікті бюджет қаражаты 5 Қызыл- Өзен село әкімдігі Халықтың санағын алу Салық жинау агенттері көмекшіле-рі 50 үйдің санағын алу 30 үйге түбіршек тарату 3 айдан 6 айға дейін 1,5 Жергілікті бюджет қаражаты 6 Аудандық қорғаныс бөлімі Әскер қатарына шақыру қағаздарын таратушы 30 адамға повестка тарату 3 айдан 6 айға дейін 1,5 Жергілікті бюджет қаражаты 7 Қызылөзен селосындағы "Қараған түбек" ЖШС Шөп шабу, қой қырқу, тері, жүн жинау 5 қой қырқу, маусымдық шөп шабу, тері, жүн жинау 3 айдан 6 айға дейін 1,5 Жергілікті бюджет қаражаты 8 Басқалар Хаттар тарату, қарауыл, әр түрлі жұмыстар 30 данадан астам хаттар тарату 3 айдан 6 айға дейін 1,3 Жергілікті бюджет қаражаты