О реализации бюджетной программы "Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов" в 2009 году Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылы "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" бюджеттік бағдарламасын іске асыру туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 1-3) тармақшасы, Рудный қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 151 "Рудный қаласының 2009 жылға арналған қалалық бюджеті туралы" шешіміне сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жергілікті бюджеттен мынадай төлемдер белгіленсін:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан Соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне монша және шаштараз қызметтеріне әлеуметтік көмек;
Тармақша 2
2) азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелік даталарға және жалпықалалық бұқаралық іс-шараларға біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджеті туралы" 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңымен белгіленген орта есеппен жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (бұдан әрі ең төменгі күнкөріс деңгейі) төмен отбасылардың мектеп жасындағы балаларға және жүкті әйелдерге, амбулаторлық емделу кезеңіне туберкулезбен ауыратындарға тамақтануға әлеуметтік көмек;
Тармақша 4
4) орта есеппен жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балаларын немесе халықтың нысаналы топтарына кіретін азаматтардың балаларын профилакторийлерде және жазғы демалыс лагерлерінде сауықтыру үшін әлеуметтік көмек;
Тармақша 5
5) орта есеппен жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың немесе халықтың нысаналы топтарына кіретін азаматтардың балаларына оқу жылы басына мектеп жасындағы балаларға әлеуметтік көмек;
Тармақша 6
6) белгілі бір жағдайлардың күшіне байланысты әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға стационарда емделуге, медициналық мекемелерде тексерілуге біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 7
7) белгілі бір жағдайлардың күшіне байланысты көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (құжаттандыруға, жерлеуге, азық-түлік, киім, дәрі-дәрмектерді және басқаларды сатып алуға) біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 8
8) орта есеппен жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға жазғы маусымда саяжай учаскесін жалға алуға, тұқым материалдарын сатып алуға және саяжай учаскелеріне көлікпен жүруге әлеуметтік көмек көрсету;
Тармақша 9
9) жан басына шаққандығы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, толық емес отбасылардағы азаматтарға, 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге, бала жасынан мүгедектерге, мүгедек балаларға және халықтың нысаналы топтарына жататын басқа азаматтарға жоғары және арнайы орта оқу орындарында оқу төлеміне әлеуметтік көмек;
Тармақша 10
10) үйде тәрбиеленетін және оқитын 18 жастан асқан 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге әлеуметтік көмек;
Тармақша 11
11) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға азық-түлік сатып алуға әлеуметтік көмек;
Тармақша 12
12) орта есеппен жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың жеті жасқа дейінгі балаларына және ата-аналардың (қамқоршылардың, қорғаншылардың) табысына қарамастан жеті жасқа дейінгі мүгедек балаларға балабақшаға төлеуге әлеуметтік көмек;
Тармақша 13
13) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің тізімдеріне сәйкес республикалық және облыстық жарыстарға қатысушылар болып табылатын 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге, бала жасынан мүгедектерге, мүгедек балаларға әлеуметтік көмек;
Тармақша 14
14) медициналық жоғары оқу орындарын бітірген, Рудный қаласына, Горняцк, Қашар, Перцев поселкелеріне, Железорудная стансасына тұрақты жұмысқа келген мамандарға біржолғы әлеуметтік көмек.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Мыналар анықталсын:
Тармақша 1
1) уәкілетті органның әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімі, құжаттардың тізімі және берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қалалық консультациялық-кеңесші ведомствоаралық комиссияның ұсынысын ескере отырып, құжаттарды қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде қабылданады;
Тармақша 2
2) әлеуметтік көмекті төлеу жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі берген тізімге сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің операциялардың тиісті түрлеріне берілген лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы әлеуметтік көмекті алушының жеке есебіне ақшалай қаражаттарды аудару жолымен төленеді;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемақылар" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы ресми жариялануы тиіс және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.