Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета 2009 года областным бюджетом Южно-Казахстанской области на экспертизу качества казахстанского хлопка-волокна Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.02.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысы облыстық бюджетінің 2009 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға пайдалану ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының " Мақта саласын дамыту туралы " 2007 жылғы 21 шілдедегі және " 2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2008 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Оңтүстік Қазақстан облысы облыстық бюджетінің 2009 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға пайдалану ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Оңтүстік Қазақстан облысы облыстық бюджетінің 2009 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға пайдалану ережесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 ақпандағы N 130 қаулысымен бекітілген Оңтүстік Қазақстан облысы облыстық бюджетінің 2009 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға пайдалану ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Оңтүстік Қазақстан облысы облыстық бюджетінің 2009 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді және 089 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджет қаражатының есебінен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді Оңтүстік Қазақстан облысы облыстық бюджетінің пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде 089 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасының төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспары негізінде, сондай-ақ облыс әкімі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы қол қойылған келісімнің шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген субсидиялау көлеміне сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының ағымдағы нысаналы трансферттерін аударады.
Тармақ 3
3. Қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға арналған қаражат (бұдан әрі - бюджеттік субсидиялар) мақта иелеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 1215 қаулысымен бекітілген Министрліктің стратегиялық жоспарының 3-қосымшасында айқындалған көлемде мақта талшығының сапасына сараптама жасауға арналған шығындардың құнын толық өтеуге арналады.
Тармақ 4
4. Қажет болған жағдайда мақта талшығының бумасына қайта сараптама жасау мақта талшығы иесінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға арналған шығындарды толық өтеуге арналған бюджеттік субсидияларды пайдалану тәртібі
2. Қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға арналған шығындарды толық өтеуге арналған бюджеттік субсидияларды пайдалану тәртібі
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын сарапшы ұйым мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметтерді көрсетуші (бұдан әрі - қызметтер көрсетуші) болып табылады.
Тармақ 6
6. Мақта иелері мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметтерді сатып алушылар (бұдан әрі - қызметтерді сатып алушы) болып табылады.
Тармақ 7
7. Мақта талшығының сапасына сараптама жасауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы N 1173 қаулысымен бекітілген Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру ережесіне сәйкес қызметтер көрсетуші жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Мақта өңдеу ұйымдары қызметтер көрсетушіге осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтерді сатып алушылардың тізілімін ұсынады.
Тармақ 9
9. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнінде қызметтер көрсету фактісі бойынша қызметтер көрсетуші мақта өңдеу ұйымдары ұсынған қызметтерді сатып алушылар тізілімдерінің негізінде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнінде көрсетілген қызметтердің жиынтық актісін жасайды.
Тармақ 10
10. Қызметтер көрсетуші бюджеттік субсидиялар алу үшін ай сайын, есептіден кейінгі айдың 10-күніне Ауыл шаруашылығы басқармасына мынадай құжаттарды ұсынады: мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнінде көрсетілген қызметтердің жиынтық актісі; мақта талшығының сапасы паспорттарының көшірмелері.
Тармақ 11
11. Ауыл шаруашылығы басқармасы он жұмыс күні ішінде бюджеттік субсидиялар алу үшін қызметтер көрсетуші ұсынған құжаттарды тексереді. Ауыл шаруашылығы басқармасы қызметтер көрсетуші ұсынған растаушы құжаттардың негізінде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомосты қалыптастырады.
Тармақ 12
12. Ауыл шаруашылығы басқармасы үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін және ақы төлеу шотын ұсынады.
Тармақ 13
13. Ауыл шаруашылығы басқармасы бюджеттік субсидиялар төлеу үшін берілетін құжаттардың дұрыстығы үшін жауапты болады.
Тармақ 14
14. Ауыл шаруашылығы басқармасы ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей және тиісті қаржы жылының 25 желтоқсанынан кешіктірмей сараптаманың жүзеге асырылуы жөнінде Министрлікке төленген субсидиялардың көлемі мен мақта талшығы сынамасының саны туралы есеп береді.
Тармақ 15
15. Облыс әкімдері Министрлікке тікелей және түпкілікті нәтижелердің нақты жетістіктері туралы аралық есепті жарты жылдық қорытындылары бойынша 30 шілдеден кешіктірмей, ал қорытынды есепті келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.
Тармақ 16
16. Министрлік нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттерді төмен тұрған бюджеттерге аудармағаны үшін және ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану кезінде нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізбегені үшін жауапты болады.
Тармақ 17
17. Облыс әкімдері нысаналы трансферттердің Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелері туралы жасалған келісімге сәйкес пайдаланылмағаны, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті ұсынбағаны үшін жауапты болады.
Басқа 1. мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметтерді сатып алушылардың тізілімі
Оңтүстік Қазақстан облысы облыстық бюджетінің 2009 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға пайдалану ережесіне 1-қосымша __________________________________________________ (мақта өңдеу ұйымының атауы) ________________________ кезеңдегі мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметтерді сатып алушылардың тізілімі Р/с N Қыз­мет­тер­ді са­тып алушы­ның ата­уы Бу­ма­лар (сы­на­ма­лар) са­ны, да­на Бу­ма­лар (сы­на­ма­лар) нө­мір­ле­рі 1 2 3 4 Жиы­ны: Басшы               _______________                      (Т.А.Ә., қолы) Бас бухгалтер       _______________                      (Т.А.Ә., қолы) М.О. Күні _________
Басқа 2. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнінде көрсетілген қызметтердің жиынтық актісі
Оңтүстік Қазақстан облысы облыстық бюджетінің 2009 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға пайдалану ережесіне 2-қосымша Мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнінде көрсетілген қызметтердің жиынтық актісі Р/с N Мақ­та өң­деу ұй­ы­мы­ның ата­уы, заң­ды ме­кен-жайы Қыз­мет­тер­ді са­тып алушы­ның ата­уы Бу­ма­лар (сы­на­ма­лар) са­ны, да­на Бу­ма­лар (сы­на­ма­лар) нө­мір­ле­рі Қыз­мет­тер­дің бір бір­лі­гі­нің ба­ға­сы, тең­ге Со­ма­сы, тең­ге 1 2 3 4 5 6 7 Жиы­ны: Қызметтер көрсетуші _________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) Күні ___________
Басқа 3. 200__ ж. _______________ кезеңдегі мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнінде қызметтер көрсетушіге субсидиялар төлеуге арналған N _______________ ведомость
Оңтүстік Қазақстан облысы облыстық бюджетінің 2009 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға пайдалану ережесіне 3-қосымша "Бекітемін" Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы _________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) 200_ ж."__" _____________ 200__ ж. _______________ кезеңдегі мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнінде қызметтер көрсетушіге субсидиялар төлеуге арналған N _______________ ведомость Р/с N Қыз­мет­тер көр­се­ту­ші­нің ата­уы Нақ­ты көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер, да­на Жыл ба­сы­нан ба­стап ти­е­сі­лі суб­си­ди­я­лар со­ма­сы, тең­ге Жыл ба­сы­нан ба­стап тө­лен­ге­ні, тең­ге Ти­е­сі­лі суб­си­ди­я­лар со­ма­сы­ның қал­ды­ғы, тең­ге Тө­ле­у­ге жа­та­ды, тең­ге жыл ба­сы­нан ба­стап, да­на ________ ке­зең­де, да­на Жиы­ны: Төленетін сома ______________________________________                             (жазумен) Ауыл шаруашылығы басқармасы құрылымдық бөлімшесінің басшысы ____________________________                                    (Т.А.Ә., қолы)