О реализации бюджетной программы "Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов" в 2009 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылғы "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 242–бабының 1- тармағы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағы 1-3), 14) тармақшасына сәйкес, Қамысты аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 98 "Қамысты ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімін іске асыру мақсатында Қамысты ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жергілікті бюджеттен келесі әлеуметтік төлемдер орнатылсын:
Тармақша 1
1) Кәмелеттік жасқа толмаған қайтыс болған балалар мен жұмыссыз азаматтарды жерлеуге, он еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерде;
Тармақша 2
2) мүгедек балалардың компьютерлік томографта тексерілуіне сәйкес шығынын толтыратын, есептеу құжаттар негізінде тексерілудің құнынан жүз пайыз мөлшерде болу керек;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқуына байланысты облыс және аудан еңбек нарығына өте қажетті мамандығы бойынша студенттерге келісім-шарт негізінде білім беру қызмет көрсететін оқу құнынан жүз пайыз мөлшерде шығынын өтеуге;
Тармақша 4
4) амбулаториялық емделу кезеңінде туберкулезбен ауыратын ауруларға қосымша тамақтануға бес еселік айлық есептік көрсеткішке мөлшерде;
Тармақша 5
5) балалар күні мен мүгедектер күні қарсаңына мүгедек балаларға 1000 теңге ақшалай мөлшерде;
Тармақша 6
6) Орташа табысы кедейшілік сызығынан төмен азаматтарды (отбасыларды) құжаттандыруға (жеке куәлік), отын сатып алуға және жеке шаруашылықты дамытуға алпыс еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерде;
Тармақша 7
7) Кейбір жағдайларға байланысты әлеуметтік көмекке мұқтаж, табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға (құжаттандыруға, жерлеуге, Азық-Түлік тамақ сатып алуға, киімдерге, дәрілерге, медициналық мекемелерде тексерілуге және басқаларға) 10 еселік айлық есептік көрсеткішке дейін;
Тармақша 8
8) 80 жастан асқан зейнеткерлерге қарттар күні қарсаңына 1000 теңге ақшалай мөлшерде;
Тармақша 9
9) мемлекеттік мейрамдарға және бұқаралық аудандық шараларға он еселік айлық есептік көрсеткішке дейін;
Тармақша 10
10) мүгедектерге, мүгедектер күні қарсаңына 1000 теңге ақшалай мөлшерде;
Тармақша 11
11) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және оларға теңелгендерге мерзімді басылымдарға жазылуды ресімдеуге жылына 6 еселік айлық есептік көрсеткішке дейін;
Тармақша 12
12) Қамысты ауданының құрметті азаматына және Ұлы Отан соғысына қатысушыға атақ берілген күннен бастап ай сайын 11 еселік айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 13
13) Орташа табысы кедейшілік сызығынан төмен азаматтарға, Азық-Түлік себеті мөлшерінің көбеюіне сәйкес, ай сайын айлық есептік көрсеткіш мөлшерде;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жұмыскерлерге және дербес зейнеткерлерге біржолғы 30000 теңге мөлшерде.
Тармақ 2
2. "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жергілікті бюджеттен келесі әлеуметтік төлем орнатылсын:
Тармақша 1
1) үйде оқытылып және тәрбиеленіп жатырған мүгедек балаларға ай сайын сегіз еселік айлық есптік көрсеткіш мөлшерде.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмекті төлеу және тағайындау бойынша уәкілетті орган болып "Қамысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" (бұдан әрі-уәкілетті орган) анықталсын.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесін уәкілетті орган бекітсін.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмекті төлеу екінші деңгейдегі банкілер арқылы немесе банкілік операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің лицензиясы бар ұйымдар арқылы уәкілетті органдарымен ұсынған тізіміне сай жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек қаржыландыруы "Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарлама бойынша жүргізілсін.
Тармақ 7
7. Қамысты ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 17 қаңтардағы № 33 "2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 17 Қамысты аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы "Қамысты ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы (2008 жылғы 25 ақпандағы, мемлекеттік нөмірі 9-11-64, 2008 жылғы 14 наурыздағы № 14 "Новый путь-Бозторғай) аудандық газетінде жарияланған, Қамысты ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 01 тамыздағы № 168, 2008 жылғы 17 қаңтардағы № 33 Қамысты аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 17 "Қамысты ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы (2008 жылғы 03 қыркүйектегі, мемлекеттік нөмірі 9-11-78, 2008 жылғы 12 қыркүйектегі № 40 "Новый путь-Бозторғай) аудандық газетінде жарияланған, Қамысты ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 273, 2008 жылғы 17 қаңтардағы №33 Қамысты аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №17 "Қамысты ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы (2008 жылғы 29 желтоқсандағы, мемлекеттік нөмірі 9-11-83, 2009 жылғы 02 қаңтардағы № 1 "Новый путь-Бозторғай) аудандық газетінде жарияланған қаулысының күші жойылған деп саналсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Алмат Амантайұлы Қылыбаевқа жүктелсiн.
Тармақ 9
9. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтар айынан бастап қолданысқа енгізіледі.