Об определении целевых групп населения и мер по содействию занятости и социальной защите в 2009 году Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылы халықтың нысаналы топтарын белгілеу және оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасы негізінде, Қазақстан Республикасы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Халықтың нысаналы топтары болып мына санаттар анықталсын: аз қамтылғандар; жиырма бір жасқа дейінгі жастар; балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар; кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелейтін жалғызілікті, көп балалы ата-аналар; Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртібі бойынша тұрақты асырауына, көмекке немесе қадағалауға мұқтаж деп танылған тұлғаларды күтетін азаматтар; жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға (екі жыл қалған зейнеткерлік жасына дейінгі) тұлғалар; мүгедектер; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған тұлғалар; бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар; оралмандар; ұзақ уақыт (жылдан артық) жұмыс істемейтін азаматтар; жоғары, орта арнайы, кәсіптік сондай-ақ дайындау курсын бітірген түлектер; жиырма бір жастан бастап жиырма төрт жасқа дейінгі жастар; жасқа байланысты еңбекке жарамсыз тұлғалар (елу жастан жоғары); жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына немесе жұмыс беруші - заңды тұлғаның іс-әрекеті тоқтатылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.
Тармақ 2
2. Федоров селосы және селолық округтердің әкімдеріне "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірге халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды жұмысқа орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне:
Тармақша 1
1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар қабылдасын;
Тармақша 2
2) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуын бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Жұмыс берушілерге ұсынылсын:
Тармақша 1
1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуына көмек көрсету;
Тармақша 2
2) ұйымның таратылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердің қызметтері мен кәсіптері, мамандықтары, біліктілігі және еңбекақы мөлшері көрсетіле отырып, босатылуы мүмкін қызметкерлердің саны мен санаттары және олар босатылатын мерзімдер туралы жұмыстан босату бастамастан кемінде бір ай бұрын "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне толық көлемде ақпарат беру.
Тармақша 3
3) "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бос жұмыс (бос лауазым) орындары пайда болған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде олар туралы мәлімет беру.
Тармақша 4
4) Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі берген жолдамаға тиісті белгі қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебін көрсете отырып, ол туралы дер кезінде (Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен оған азаматтарды жіберген күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде) хабарласу.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары В.Н. Заверухаға жүктелсін.