Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және 2009 жылы оларды жұмыспен қамтумен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы Қолданыста
Басқа 0
Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және 2009 жылы оларды жұмыспен қамтумен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31 - бабы 1 - тармағы 13), 14)-тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149-II Заңының 5 - бабы 2- тармағына, 7 - бабы 2-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі жұмыссыз азаматтардың мынадай санаттарымен толықтырылсын:
Тармақша 1
1) дәрігерлік - консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғалар;
Тармақша 2
2) 50 жастан асқан әйелдер;
Тармақша 3
3) 55 жастан асқан ерлер;
Тармақша 4
4) толық 24 жасқа дейінгі оқу мекемелерінің түлектері;
Тармақша 5
5) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар;
Тармақша 6
6) отбасында бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар;
Тармақша 7
7) 5 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер;
Тармақ 2
2. Халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар анықталсын:
Тармақша 1
1) толық мөлшерде төлеумен ең төмен жалақыдан кем емес қоғамдық жұмыстарға жіберілген мүгедектерге; дәрігерлік консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғаларға; 14 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналарға; кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы аналарға; асырауында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет ететін тұлғалары бар азаматтарға; 5 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге ыңғайлы кесте (толық емес жұмыс аптасы немесе толық емес жұмыс күні) енгізілсін.
Тармақша 2
2) дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамалары бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғаларға, мүгедектерге әлеуметік жұмыстарға қатысу мерзімі алты айдан бір жылға дейін белгіленсін;
Тармақша 3
3) нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз еткен жұмыс берушілермен жергілікті бюджеттің қаражатынан бір жақты тәртіппен төлеумен қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша келісім - шарттар жасалсын;
Тармақша 4
4) оқу мерзімінде қоғамдық көлікте жүруге, жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқытуға облыстың оқу орындарымен келісім - шарттар жасалсын. Кәсіби оқуға арналған ақы курстардағы оқуға қатысқан нақты уақытқа жұмыс уақытын есепке алудың табельдеріне және актіге сәйкес жүргізілсін.
Тармақ 3
3. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды іске асыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж. Әбіловке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Мұнайлы аудандық әділет басқармасында тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Мұнайлы аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы
Ж.К.Тұманбаева
22 желтоқсан 2008 ж