2009 жылы халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы шаруашылық субьектілерінің тізбесін бекіту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылы халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы шаруашылық субьектілерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149-II Заңдарына сәйкес және Мұнайлы аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 03 наурыздағы N 46 - Қ «Мұнайлы аудандық халықты жұмыспен қамтудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс - шаралар жоспары туралы» қаулысын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2009 жылға халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы шаруашылық субъектілерінің тізбесі және еңбек ақы мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж. Әбіловке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Мұнайлы аудандық әділет басқармасында тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Ж.К.Тұманбаева 22 желтоқсан 2008 жыл
Басқа 4
Мұнайлы ауданы әкімдігінің 22 желтоқсандағы 2008 жыл N 243 қаулысына қосымша 2009 жылға халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы шаруашылық субьектілерінің тізбесі және еңбек ақы мөлшері. N Мекемелер атауы Әлеумет- тік жұмыс орын (адам) Ең төменгі еңбек ақысы Жұмыс мерзі-мі Қаржы- ландыру  көзі 1 «Казпочта » Акционерлік қоғамы Маңғыстау облыстық филиалы 10 1,0 1 жылға дейін Аудандық бюджет 2 «Мұнайлы-Тұрмыс» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны 5 1,0 1 жылға дейін Аудандық бюджет 3 «Маңғыстау-жылу» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны 5 1,0 1 жылға дейін Аудандық бюджет 4 «Маңғыстау энерго» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны 2 1,0 1 жылға дейін Аудандық бюджет 5 «Ауыл газ» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік 1 1,0 1 жылға дейін Аудандық бюджет 6 Маңғыстау селолық ауруханасы 2 1,0 1 жылға дейін Аудандық бюджет Барлығы: 25