Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета 2009 года областными бюджетами на поддержку племенного животноводства Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық бюджеттердің 2009 жылғы республикалық бюджеттен асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының " Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы " 1998 жылғы 9 шілдедегі және " 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы " 2008 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарына сәйкес, асыл тұқымды өніммен (асыл тұқымды материалмен) қамтамасыз етуде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің 2009 жылғы республикалық бюджеттен асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Облыстық бюджеттердің 2009 жылғы республикалық бюджеттен асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 167 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттердің 2009 жылғы республикалық бюджеттен асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Облыстық бюджеттердің 2009 жылғы республикалық бюджеттен асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) аттестатталған асыл тұқымды мал зауыттарының, малды асылдандырушы шаруашылықтардың, малды асылдандырушы орталықтардың, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (бұдан әрі - тауар өндірушілер) ағымдағы нысаналы трансферттерді (бұдан әрі - бюджеттік субсидиялар) асыл тұқымды мал шаруашылығын сақтау және дамыту мақсатында 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 083 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Бюджеттік субсидиялар:
Тармақша 1
1) тауар өндірушілер сатқан асыл тұқымды төлдің, бір тәуліктік балапандардың және асыл тұқымды жұмыртқалардың, сондай-ақ тауар өндірушілер сатып алған аталық бұқалар ұрықтарының құнын ішінара (50 %-ға дейін) арзандатуға;
Тармақша 2
2) мал шаруашылығындағы асылдандыру ісі жөніндегі республикалық малды асылдандырушы орталық (бұдан әрі - малды асылдандырушы орталық) және асылдандыру ісін дамыту үшін қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды зауыты сатып алатын арнайы технологиялық, зертханалық жабдықтарды (бұдан әрі - жабдықтар), сондай-ақ арнайы ауыл шаруашылығы техникасының және ұйымдастыру техникасының (бұдан әрі - техника) құнын толық өтеуге;
Тармақша 3
3) асылдандырушы орталыққа асыл тұқымды бұқаларды және аталық қошқарларды, шет елдік селекцияның ұрықтары мен эмбриондарын сатып алу, сондай-ақ асыл тұқымды бұқаларды және аталық қошқарларды күтіп-бағу, олардың ұрықтары мен эмбриондарын алу, сақтау, пайдалану жөніндегі шығындарды толық өтеуге;
Тармақша 4
4) етті бағыттағы құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылыққа (бұдан әрі - асылдандырушы шаруашылық) асыл тұқымды құстарды сатып алу және ұстау жөніндегі шығындарды толық өтеуге;
Тармақша 5
5) қостанай тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытында асыл тұқымды жылқыларды өсіру, ұстау және жаттықтыру, асыл тұқымды айғырлардың ұрығын алу және сақтау жөніндегі шығындарды толық өтеуге арналады.
Тармақ 3
3. Бюджеттік субсидиялар:
Тармақша 1
1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерге тауар өндірушілерге сатылған, белгіленген тәртіппен бағалаудан өткізілген өз төлінен өсірілген асыл тұқымды төл үшін;
Тармақша 2
2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерге құс фабрикаларына - ата-тегі және (немесе) ата-енесі жағынан асыл тұқымды жұмыртқаны және тәуліктік балапандарды сатқаны үшін төленеді. Құс фабрикаларына жатпайтын кәсіпорындарға, сондай-ақ халыққа сатылған асыл тұқымды жұмыртқа, тәуліктік балапандар субсидиялауға жатпайды;
Тармақша 3
3) тауар өндірушілерге асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерінен сатып алынған және пайдаланылған аталық бұқалардың ұрығы үшін төленеді.
Тармақ 4
4. Тауар өндірушілерге ақысыз берілген, айырбас бойынша, өзара есеп айырысу есебіне, сондай-ақ аффилиирленген тұлғаларға сатылған (ата-тегі жағынан асыл тұқымды жұмыртқаны қоспағанда) асыл тұқымды төл, асыл тұқымды жұмыртқа, тәуліктік балапандар (бұдан әрі - асыл тұқымды өнімдер), сондай-ақ аталық бұқалардың ұрықтары (бұдан әрі - асыл тұқымды материал) субсидиялауға жатпайды.
Тармақ 5
5. Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген бюджеттік субсидиялар асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерге нақты сатылған асыл тұқымды өнім үшін, ал тауар өндірушілерге облыстардың жергілікті атқарушы органдары белгілеген квоталар шегінде асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерінен нақты сатып алынған және пайдаланылған асыл тұқымды материал үшін төленеді.
Тармақ 6
6. Асыл тұқымды өнімнің (асыл тұқымды материалдың) әр түріне субсидиялар нормативі осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Тармақ 7
7. Асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілері асыл тұқымды өнімді тауар өндірушілерге төленетін субсидиялар мөлшерін есепке алмай, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бекіткен бағадан жоғары емес баға бойынша дербес, ал асыл тұқымды материалды нарықтық баға бойынша (Министрлік бекіткен малды асылдандырушы орталықтың асыл тұқымды материалды сату бағасын қоспағанда) сатады.
Тармақ 8
8. Облыстар бөлінісінде қаражатты бөлу сметасын, аудан, облыс бойынша асыл тұқымды өнімді (асыл тұқымды материалды) сатып алу-сату шартының, сатылғаны туралы жиынтық актілерді, аналықтарды ұрықтандыру актісінің ұсынылатын нысандарын сондай-ақ Министрлікке ведомстволық бағынысты малды асылдандырушы орталықтың, малды асылдандырушы шаруашылықтың, қостанай тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытының қаражатын бөлудің жылдық сметасын Министрлік бекітеді.
Тармақ 9
9. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде Министрлік төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес, сондай-ақ облыс әкімі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы қол қойылған келісім шеңберінде облыстық бюджеттерге асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді аударады.
Тарау 2. 2. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға арналған субсидияларды пайдалану тәртібі
2. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға арналған субсидияларды пайдалану тәртібі
Тармақ 10
10. Асыл тұқымды өнімді сатқаны, сондай-ақ сатып алынған және пайдаланылған асыл тұқымды материал үшін бюджеттік субсидиялар алу үшін:
Тармақша 1
1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер, сондай-ақ тауар өндірушілер осы Ереженің ресми жарияланған күнінен бастап бір апта мерзімде аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөліміне (бұдан әрі - бөлім) асыл тұқымды өнім сатудың жоспарланған мөлшеріне, сондай-ақ сатып алынатын асыл тұқымды материалдың санына өтінімдер береді;
Тармақша 2
2) бөлім өтінімдерді алған сәттен бастап жиналған өтінімдерді үш жұмыс күні ішінде облыс әкімдігінің Ауыл шаруашалығы басқармасына (бұдан әрі -Басқарма) асыл тұқымды өнімді сатуға немесе асыл тұқымды материалды сатып алуға арналған квотаны қалыптастыруға және бекітуге ұсынады;
Тармақша 3
3) асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілері, сондай-ақ тауар өндірушілер мәмілелер жасасу шамасына қарай, бірақ 2009 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей бөлімге мынадай құжаттарды: асыл тұқымды өнімді (асыл тұқымды материалды) сатып алу-сату шартын; аталық бұқалардың ұрығын пайдаланған кезде аналықтарды ұрықтандыру актісін; асыл тұқымды өнімнің (асыл тұқымды материалдың) сатылғанын (сатып алынғанын) растайтын төлем құжаттарының (кассалық кіріс ордерінің, банктің төлем тапсырмасы мен шот-фактураның) көшірмелерін ұсынады;
Тармақша 4
4) бөлім ай сайын құжаттардың түсуіне қарай екі жұмыс күні ішінде, бірақ 2009 жылғы 22 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынылған кұжаттарды тексереді. Олар сәйкес болған жағдайда аудан бойынша асыл тұқымды өнімнің (асыл тұқымды материалдың) сатылғаны туралы жиынтық акт жасайды және бекітеді, жиналған құжаттарды (асыл тұқымды өнімді (асыл тұқымды материалды) сатып алу-сату шартының түпнұсқасын немесе нотариалды бекітілген көшірмесін, аналықты ұрықтандырудың төлем құжаттарының көшірмесі бар актісін) Басқармаға ұсынады. Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда бөлім екі жұмыс күнінен кешіктірмей оларды асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілеріне, сондай-ақ тауар өндірушілерге құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкес келмеу себептерін сипаттай отырып, пысықтауға қайтарады;
Тармақша 5
5) Басқарма ұсынылған құжаттарды үш жұмыс күні ішінде, бірақ 2009 жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей қарайды және олар сәйкес келген жағдайда облыс бойынша асыл тұқымды өнімнің (асыл тұқымды материалдың) сатылғаны туралы жиынтық акт жасайды және бекітеді, асыл тұқымды өнімнің (асыл тұқымды материалдың) оларда көрсетілген көлемі мен әрбір түріне субсидиялар нормативтері негізінде тиесілі бюджет ақшасының көлемін айқындайды және белгіленген квоталар шегінде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біріктірілген жиынтық ведомості және төлеу шоттарын қалыптастырады. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы, сондай-ақ Тауар өндірушілер тиісті субъектілердің ағымдағы шоттарына тиесілі субсидияларды аударуды Басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне (бұдан әрі - аумақтық қазынашылық бөлімшелері), 2 данада ақы төлеу шоттарының тізілімін және ақы төлеу шоттарын ұсыну жолымен жүзеге асырады. Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, Басқарма үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны белгіленген талаптарға сәйкес келмеу себебін сипаттай отырып бөлімге пысықтауға қайтарады.
Тармақ 11
11. Асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды, ұрық пен эмбриондарды, жабдықтар мен техниканы сатып алуға арналған шығындарды толық өтеу үшін:
Тармақша 1
1) малды асылдандырушы орталық мәмілелердің жасалуына қарай, бірақ 2009 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей Басқармаға Министрлікпен келісілген тізбе бойынша асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды, отандық немесе шетелдік селекцияның ұрығы мен эмбриондарын, жабдықтарды, техниканы сатып алуға арналған шарттарды бір данадан ұсынады;
Тармақша 2
2) Басқарма ұсынылған шарттарды он жұмыс күн ішінде тексереді, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомості, сондай-ақ төлемге шоттарды қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидияларды асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды, ұрық пен эмбриондарды, жабдықтарды және техниканы сатып алу үшін малды асылдандырушы орталықтың ағымдағы шотына аударады. Малды асылдандырушы орталық асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды, ұрық пен эмбриондарды, жабдықтарды, техниканы сатып алғаннан кейін келесі айдың ішінде Басқармаға төлем құжаттары мен жеткізу актілерінің көшірмелерін ұсынады.
Тармақ 12
12. Малды асылдандырушы орталықта асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды ұстауға, олардың ұрығы мен эмбриондарын алуға, сақтауға, пайдалануға арналған шығындарды толық өтеу үшін:
Тармақша 1
1) малды асылдандырушы орталық мәмілелердің жасалуына қарай, бірақ 2009 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей Басқармаға асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды ұстау, олардың ұрығы мен эмбриондарын алу, сақтау, пайдалану жөніндегі есептемелердің бір данасын, сондай-ақ асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды ұстау, олардың ұрығы мен эмбриондарын алу, пайдалану, сақтау жөніндегі нақты шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады;
Тармақша 2
2) Басқарма ұсынылған құжаттарды он жұмыс күні ішінде тексереді, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомості, сондай-ақ төлемге шоттарды қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидияларды асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды ұстауға, олардың ұрығы мен эмбриондарын алуға, сақтауға, пайдалануға малды асылдандырушы орталықтың ағымдағы шотына аударады.
Тармақ 13
13. Асыл тұқымды құстарды сатып алу жөніндегі шығындарды толық өтеу үшін:
Тармақша 1
1) малды асылдандырушы шаруашылық мәмілелердің жасалуына қарай, бірақ 2009 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей Басқармаға асыл тұқымды құстарды сатып алуға арналған шарттарды бір данадан ұсынады;
Тармақша 2
2) Басқарма ұсынылған шарттарды он жұмыс күні ішінде тексереді, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомості, сондай-ақ, төлемге шоттарды қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидияларды асыл тұқымды құстарды сатып алу үшін малды асылдандырушы шаруашылықтың ағымдағы шотына аударады. Малды асылдандырушы шаруашылық асыл тұқымды құстарды сатып алғаннан кейін келесі айдың ішінде Басқармаға төлем құжаттары мен жеткізу актілерінің көшірмелерін ұсынады.
Тармақ 14
14. Асыл тұқымды құстарды ұстауға арналған шығындарды толық өтеу үшін:
Тармақша 1
1) малды асылдандырушы шаруашылық, мәмілелердің жасалуына қарай, бірақ 2009 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей, Басқармаға асыл тұқымды құстарды ұстау жөніндегі нақты шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады;
Тармақша 2
2) Басқарма ұсынылған құжаттарды он жұмыс күні ішінде тексереді, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомості, сондай-ақ төлемге шоттарды қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидияларды асыл тұқымды құстарды ұстауға малды асылдандырушы шаруашылықтың ағымдағы шотына аударады.
Тармақ 15
15. Жабдықтар мен техниканы сатып алуға арналған шығындарды толық өтеу үшін:
Тармақша 1
1) қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды мал зауыты мәмілелердің жасалуына қарай, бірақ 2009 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей Басқармаға жабдықтар мен техниканы Министрлікпен келісілген тізбе бойынша сатып алуға арналған шарттарды бір данадан ұсынады;
Тармақша 2
2) Басқарма жасалған шарттарды он жұмыс күні ішінде тексереді, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомості, сондай-ақ төлемге шоттарды қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидияларды жабдықтар мен техника сатып алу үшін қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды мал зауытының ағымдағы шотына аударады. Қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды мал зауыты жабдықтар мен техниканы сатып алғаннан кейін келесі айдың ішінде Басқармаға төлем құжаттары мен жеткізу актілерінің көшірмелерін ұсынады.
Тармақ 16
16. Асыл тұқымды жылқыларды өсіруге, ұстауға, жаттықтыруға және айғырлардың ұрығын сақтауға арналған шығындарды толық өтеу үшін:
Тармақша 1
1) қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды мал зауыты мәмілелердің жасалуына қарай, бірақ 2009 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей, Басқармаға асыл тұқымды жылқыларды өсіру, ұстау, жаттықтыру және айғырлардың ұрығын сақтау жөніндегі есептемелердің бір данасын және асыл тұқымды жылқыларды өсіру, ұстау, жаттықтыру және айғырлардың ұрығын сақтау жөніндегі нақты шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады;
Тармақша 2
2) Басқарма ұсынылған есептемелерді он жұмыс күні ішінде тексереді, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомості, сондай-ақ төлемге шоттарды қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидияларды асыл тұқымды жылқыларды өсіруге, ұстауға, жаттықтыруға және айғырлардың ұрығын сақтауға қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды мал зауытының ағымдағы шотына аударады.
Тармақ 17
17. Басқарма осы Ереженің 11, 12, 13, 14, 15, 16-тармақтарына сәйкес бюджеттік субсидияларды төлеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне 2 данадан төлемге шоттардың тізілімін және төлемге шоттарды ұсынады.
Тармақ 18
18. Бөлім осы Ереженің 10-тармағына сәйкес бюджеттік субсидияларды төлеу үшін ұсынылатын құжаттардың дұрыстығы үшін жауапты болады.
Тармақ 19
19. Басқарма осы Ереженің 11, 12, 13, 14, 15, 16-тармақтарына сәйкес бюджеттік субсидияларды төлеу үшін ұсынылатын құжаттардың дұрыстығы үшін жауапты болады.
Тармақ 20
20. Қандай-да бір облыс бөлінген қаражатты толығымен игермеген жағдайда, Министрлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне республикалық бюджетте бюджеттік бағдарламаны іске асыруға көзделген қаражат шегінде облыстар бойынша бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қаражатты қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
Тармақ 21
21. Басқарма ай сайын келесі есепті айдың 5 күніне дейінгі мерзімде, бірақ 2009 жылғы 30 желтоқсаннан кешіктірмей Министрлікке орындалған жұмыстардың көлемі, құны мен тиімділігі, төленген бюджеттік субсидиялардың көлемі туралы есепті ұсынады.
Тармақ 22
22. Облыс әкімдері Министрлікке жарты жылдықтың қорытындылары бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелердің іс жүзіндегі жетістіктері туралы аралық есепті 30 шілдеден кешіктірмей, ал қорытынды есепті келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.
Тармақ 23
23. Министрлік нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттерді төмен тұрған бюджеттерге уақтылы аудармағаны үшін жауапты болады.
Тармақ 24
24. Облыс әкімдері нысаналы трансферттерді нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімдерге сәйкес пайдаланбағаны үшін, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті ұсынбағаны үшін жауапты болады.
Тармақ 25
25. Министрлік пен облыс әкімдері ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану кезінде тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбегені үшін жауапты болады.
Басқа 1. Субсидиялардың нормативтері
Ережеге 1-қосымша Субсидиялардың нормативтері 1. Асыл тұқымды төл субсидияларының нормативтері Р/с N Мал­дың түр­ле­рі мен тұқым­да­ры 1 ки­ло­грамм ті­рі сал­ма­ғы­на суб­си­ди­я­лар нор­ма­тив­те­рі, тең­ге Ірі қа­ра мал: сүт­ті ба­ғыт­та­ғы: 1. Қа­ра-ала (гол­ш­тин) сиы­ры 150 2. Қы­зыл (қыр­дың қы­зыл) сиы­ры 150 3. Қо­ңыр (ала­тау) сиы­ры 150 4. Қыз­ғы­лт са­ры шұ­бар (сим­мен­тал) сиы­ры 150 ет­ті ба­ғыт­та­ғы: 1. Қа­з­ақ­тың ақ­бас сиы­ры 150 2. Әу­лие­көл сиы­ры 150 3. Сан­та-гер­тру­да сиы­ры 150 4. Ша­ро­ле сиы­ры 150 5. Ге­ре­форд сиы­ры 150 Қой би­я­зы жүн­ді ба­ғыт­та­ғы: 1. Қа­з­ақ­тың би­я­зы жүн­ді қойы 125 2. Қа­з­ақ­тың ар­қар ме­ри­но­сы 125 3. Оң­тү­стік қа­зақ ме­ри­но­сы 125 4. Сол­тү­стік қа­зақ ме­ри­но­сы 125 5. Ав­стра­лия ме­ри­но­сы 125 би­я­зы­лау жүн­ді ба­ғыт­та­ғы: 1. Сы­ғай қойы 125 2. Қа­з­ақ­тың би­я­зы­лау кросс­бред­ті жүн­ді қойы 125 3. Де­ге­рес ет­ті-жүн­ді қойы 125 Ет­ті-май­лы ба­ғыт­та­ғы: 1. Еділ­бай қойы 125 2. Қа­з­ақ­тың құй­рық­ты қы­л­шық жүн­ді неме­се қа­з­ақ­тың би­я­за­лау жүн­ді қойы 125 3. Са­ры­ар­қа құй­рық­ты қойы 125 4. Қис­сар қойы 125 5. Қа­ра­көл қойы 125 Жыл­қы өнім­дік ба­ғыт­та­ғы: 1. Қа­з­ақ­тың жа­бы жыл­қы­сы 100 2. Кө­шім жыл­қы­сы 100 3. Мұ­ғал­жар жыл­қы­сы 100 спорт ба­ғы­тын­да­ғы: 1. Қо­ста­най жыл­қы­сы 300 Шош­қа 1. Ірі ақ шош­қа 120 2. Немі­стің асыл тек­ті шош­қа­сы 120 3. Дю­рок 120 Түйе 1. Қа­з­ақ­тың ай­ыр өр­ке­ш­ті түй­е­сі 75 2. Ару­а­на 75 2. Қолдан ұрықтандыруға арналған субсидиялар нормативтері Р/с N Атау 1 бас сиыр мен қа­шар­ды қол­дан ұрық­тан­ды­ру­ға ар­нал­ған суб­си­дия нор­ма­тив­те­рі, тең­ге 1. Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­ді­ру­ші­лер 1000 3. Бір тәуліктік балапандарға субсидия нормативтері Р/с N Асыл тұқым­ды өнім­дер­дің түр­ле­рі Са­ты­л­ған 1 бас­қа суб­си­дия нор­ма­тив­те­рі, тең­ге 1. Тәу­лік­тік ба­ла­пан 322 4. Асыл тұқымды жұмыртқаның 1 данасына арналған субсидиялар нормативтері, теңге Р/с N Асыл тұқым­ды жұ­мыр­тқа­ның түр­ле­рі Ата-тек­ті та­бын­да­ры бар Ата-ене­лі та­бын­да­ры бар асыл тұқым­ды ша­ру­а­шы­лық­тар­ға 1. Та­уық (жұ­мырт­қа­ла­ғыш) жұ­мырт­қа­сы 30 25 2. Та­уық (ет­ті) жұ­мырт­қа­сы 60 40 3. Үй­рек жұ­мырт­қа­сы 35 30
Басқа 2. біріктірілген жиынтық ведомость*
Ережеге 2-қосымша "Бекітемін" _______________________ облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы ______________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) 2009 жылғы "__"_______________ _____________________ облысы бойынша 2009 жылдың _____ айындағы __________________________________________________________________ (асыл тұкымды төл, тұкымдық бұқалар ұрығы, асыл тұқымды жұмыртқа - қажеттісі                                     қалдырылсын)          асыл тұқымды өнімді (асыл тұқымды материалды) сату              туралы және субсидиялар төлеу туралы біріктірілген жиынтық ведомость* Ата­уы Жыл­дық кво­та Са­ты­л­ған асыл тұқым­ды өнім­нің бір бір­лі­гі (т/с кг, да­на) үшін неме­се 1 бас мал­ды ұрық­тан­ды­ру үшін суб­си­ди­я­лар нор­ма­ти­ві, тең­ге Асыл тұқым­ды өнім­нің асыл­дан­ды­ру мақ­са­ты­на нақ­ты са­ты­л­ға­ны (кг т/с, да­на) неме­се қол­дан ұрық­тан­ды­ры­л­ған бас Жыл ба­сы­нан  бе­рі ти­е­сі­лі суб­си­дия со­ма­сы, тең­ге Жыл ба­сы­нан  бе­рі тө­лен­ге­ні, тең­ге Суби­ди­я­ның  ти­е­сіл  со­ма­сы­ның қал­ды­ғы, тең­ге Тө­ле­ну­ге ти­іс­ті, тең­ге аудан­ның асыл тұқым­ды өнім­ді са­ту­шы­ның неме­се асыл  тұқым­ды ма­те­ри­ал­ды са­тып алушы­ның (қол­дан ұрық­тан­ды­ры­ла­тын мал ба­сы кг, да­на) тең­ге жыл ба­сы­нан есеп­ті­ай ішін­де * Сатылған асыл тұқымды өнімнің (асыл тұқымды материалдың) әрбір түріне жеке жасалады. Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы ______________ (Т.А.Ә., қолы) Бас бухгалтер ______________ (Т.А.Ә., қолы)
Басқа 3. жиынтық ведомость
Ережеге 3-қосымша "Бекітемін" _______________________ облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы ______________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) 2009 жылғы "__"_______________ Малды асылдандырушы орталыққа, малды асылдандырушы   шаруашылыққа, қостанай тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытына        2009 жылдың _____ айы үшін тиесілі субсидиялар туралы                     (ай) жиынтық ведомость Шы­ғын­дар­дың бап­та­ры Бюд­жет қа­ра­жа­тын бө­лу сме­та­сын­да көз­дел­ген со­ма, мың тең­ге Са­тып алын­ған та­у­ар­лар­ды  (жа­ну­ар­лар­дың), орын­дал­ған қыз­мет­тер мен жұ­мыстар­дың нақ­ты кө­ле­мі Жыл ба­сы­нан бе­рі ти­е­сі­лі со­ма, мың тең­ге Жыл ба­сы­нан бе­рі тө­лен­ге­ні, мың тең­ге Ти­е­сі­лі со­ма­ның қал­ды­ғы,  мың тең­ге Тө­ле­ну­ге ти­іс­ті, мың тең­ге Жиы­ны Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы _________________ (Т.А.Ә., қолы) Бас бухгалтер                     _________________ (Т.А.Ә., қолы)