Об организации в 2009 году приписки граждан к призывному участку Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді 2009 жылы ұйымдастыру туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасы негізінде, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабының 3 тармағына және "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. "Жамбыл облысы Тараз қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында Тараз қаласында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери-дәрiгерлiк сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 Қаулысымен айқындалған тәртiппен әскери қызметке жарамдылық деңгейiн анықтау үшін шақыру учаскелерiне тiркелу кезiнде азаматтардың медициналық комиссиядан өтуі ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Жамбыл облыстық Ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесінің № 1, 2, 3 қалалық полиция бөлімдеріне (келісім бойынша) әскери мiндеттерiн орындаудан жалтарған адамдарды iздестiрудi және ұстауды өз құзыретi шегiнде жүзеге асыру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары М.А. Ақтановаға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан туындайтын қатынастарға таралады. КЕЛІСІЛДІ: "Жамбыл облысы Тараз қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы С.И. Мельников 09 қаңтар 2009 жыл "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің Тараз қалалық № 1 полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Ә.Қ. Қарасартов 09 қаңтар 2009 жыл "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің Тараз қалалық № 2 полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Б.Ә. Күлекеев 09 қаңтар 2009 жыл "Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігі Жамбыл облысы Ішкі Істер Департаментінің 3-ші полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы М.М. Бужуков 09 қаңтар 2009 жыл