2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.02.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы негізінде, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2009 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы мекемелердің тізбесі № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. 2009 жылға арналған қоғамдық жұмыс түрлері мен көлемі, нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. "Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б. Абдрахманова), ауылдық округтердің әкімдері азаматтарды қоғамдық жұмысқа тартқан кезеңде нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды ескерсін.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбек ақысы "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңымен белгіленген ең төменгі жалақы көлемінің 1,5 еселенген мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 5
5. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандағы уәкілетті орган - "Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушімен қоғамдық жұмыстарды орындауға үлгілік шарт жасассын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Садубаевқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. 2009 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы мекемелердің ТІЗБЕСІ
Байзақ ауданы Әкімдігінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 70 қаулысына № 1-қосымша 2009 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы мекемелердің ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. "Ботамойнақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 2
2. "Бурыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 3
3. "Диқан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 4
4. "Жалғызтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 5
5. "Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 6
6. "Көктал ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 7
7. "Көптерек ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 8
8. "Қостөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 9
9. "Қызыл жұлдыз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 10
10. "Мырзатай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 11
11. "Сазтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 12
12. "Сарыкемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 13
13. "Суханбаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 14
14. "Темірбек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 15
15. "Түймекент ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 16
16. "Ынтымақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 17
17. "Үлгілі ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 18
18. "Байзақжылукоммуналсервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Басқа 27. 2009 жылға арналған қоғамдық жұмыс түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс
Байзақ ауданы Әкімдігінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 70 қаулысына № 2-қосымша 2009 жылға арналған қоғамдық жұмыс түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс № Жұмыс түрлері Нақты жұмыс түрлері Көлемі 1 Аудан аумағын экологиялық сауықтыру (көріктендіру көгеріштендіру және тазалық жұмыстары) 1.Арық тазалау 2.Күл-қоқыс шығару 3.Жол құрлысы және жөндеу 4.Гүл егу жұмыстары және гүлзарларды күту 5.Тал егу 6.Күзету, суару, күту, және ретке келтіру 7.Тал түбін әктеу 8.Бағана сырлау,әктеу 9.Насихат тақталарын жаңалау, сырлау, жазу 10.Басқа да жұмыстар 122 км 1399 тн 19 км 2120 м2 37150 түп 58,2 га 26275 дана 3057 дана 348 м2 2 "Жасыл ел" бағдарламасы және ауыл әкімдерінің ұйымдастыруымен егілген талдардың сақталуын қамтамасыз ету Күзету, суғару, күту және ретке келтіру 137 га 3 Республикалық және аймақтық науқандар өткізу шараларына қатысу 1.Сауалнама жүргізу 2.Сайлау, санақ жұмыстарына жәрдемдесу 3.Басқа да жұмыстар Қажеттілігіне сәйкес 4 Бюджеттік мекемелерді қысқа мерзімге дайындауға қатысу, соғыс ардагерлерімен мүгедектерге, жалғызбасты қарттарға жәрдемдесу 1.Ағымды жөндеу 2.Отын дайындау 3.Аулаларды ретке келтіру Қажеттілігіне сәйкес 5 Барлығы кестенің жалғасы Қаржы көздері Еңбекақы мөлшері (адам басына) Сұра- ныс Ұсы- ныс Жергі- лікті бюджет "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңымен белгіленген ең төменгі жалақы көлемінің 1,5 еселенген мөлшерінде 110 110 Жергі- лікті бюджет "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңымен белгіленген ең төменгі жалақы көлемінің 1,5 еселенген мөлшерінде 20 20 Жергі- лікті бюджет "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңымен белгіленген ең төменгі жалақы көлемінің 1,5 еселенген мөлшерінде 5 55 Жергі- лікті бюджет "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңымен белгіленген ең төменгі жалақы көлемінің 1,5 еселенген мөлшерінде 15 15 Барлығы 150 150