О социальной помощи отдельным категориям граждан города Экибастуза на 2009 год Қолданыста
Басқа 0
2009 жылға арналған Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік қолдау және жеңілдіктер туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына, Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" № 169/5 қаулысына, Екібастұз қалалық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы (IV шақырылған кезекті XI сессия) "Екібастұз қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы" № 129/11 шешіміне сәйкес, азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша комиссия құрамы (бұдан әрі – Комиссия) 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Комиссия отырысы кемінде тоқсанына бір рет өткізілсін.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмекті алуға құқылы азаматтардың санаттары белгіленсін:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысы жылдары тылда атқарған қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестер Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғалар; ресми мәртебесі бар, Ұлы Отан соғысы жылдары 6 ай жұмыс істеген тұлғалар;
Тармақша 3
3) қайтадан некеге отырмаған қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оған теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері);
Тармақша 4
4) қайтыс болған соғысқа қатысушылардың әйелдері (күйеулері), партизандар, астыртын жұмыс атқарғандар, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Ленинград қоршауының тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтар, екінші рет некелеспегендер; аурулығы салдарынан, жұмыс орнында жарақат алған және басқа да себептермен мүгедек деп танылғандар;
Тармақша 5
5) белгіленген жеңілдіктер негізінде зейнетақы тағайындау үшін атқарған еңбегі есептелген, Ұлы Отан соғысы кезiнде әрекеттегі (майдандағы) армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдарда болған,немесе тиісті мерзімде 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін саналған, қорғауға тиісті қалаларда болған, бұрынғы Социалистік Республикалар Кеңестер Одағының әскери және ішкі істер мен мемлекеттік қауіпсіздік ограндарының, Кеңес Армиясының, Теңіз Әскери Флотының,еркін жалдамшы құрамының әскери қызметкерлеріне және тұлғаларына, әрекеттегі армияның бөлімдеріндегі әскери қызметшілеріне;
Тармақша 6
6) әскери қызметкерлер және бұрынғы Социалистік Республикалар Кеңестер Одағының мемлекеттік қауіпсіздігін қорғауда, басқа да мерзімде әскери қызметін атқару кезінде немесе майданда болуына байланысты жарадан, контузиядан, жарымжан болған ішкі істер органдарының басшы тұлғалары мен құрамы, майданда болуына байланысты сырқаттану салдарынан мүгедек болғандар;
Тармақша 7
7) Ұлы Отан соғысында қаза болғандардың (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) екінші рет некелеспеген жесірлері;
Тармақша 8
8) бұрынғы гетто және басқа да мәжбүр ету мағынасындағы концлагерлердің кәмелеттік жасқа толмаған тұтқындары;
Тармақша 9
9) Ауған соғысында қаза тапқандардың ата-аналары, екінші рет некелеспеген әйелі (күйеуі);
Тармақша 10
10) Ауған соғысына қатысушылар және мүгедектер, сондай-ақ басқа да мемлекеттер аумағындағы әскери соғыс-әрекеттеріне қатысушылар;
Тармақша 11
11) Чернобыль атом электр станциясының апаты салдарын жоюға қатысқандар;
Тармақша 12
Тармақша 13
13) "Қала алдында сіңірген еңбегі үшін" белгісімен марапатталған тұлғалар;
Тармақша 14
14) республикалық және облыстық мағынадағы дербес зейнеткерлер;
Тармақша 15
15) өткен жылы әлеуметтік көмек алмаған, жан басына шаққандағы табысы күн көріс шегінен төмен айрықша жағдайға (өрт, үйді тонау, ұзаққа созылған бір айдан аса сырқат, әрі басқа да) тап болған тұлғалар;
Тармақша 16
16) "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Бөлім) үйге барып әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде есепте тұрған жалғызілікті және жалғыз тұратын азаматтар;
Тармақша 17
17) зейнетақы мөлшері ең төменгі зейнеткерлер;
Тармақша 18
18) бөлімде тіркеуде тұрған жұмыссыз азаматтар;
Тармақша 19
19) қайтыс болған сәтінде Бөлімнің есебінде тіркеуде тұрған жұмыссыздарды жерлеуді іске асырушы тұлғалар;
Тармақша 20
20) бас бостандығынан айыру орнынан босатылған тұлғалар;
Тармақша 21
21) орта жанға шаққандағы табысы облыс бойынша бекітілген ең төмен күн көріс деңгейінің көлемінің мөлшерінен (сәйкес жылдың 2 тоқсаны) аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан студенттер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетімдер (мемлекеттік білім беру грантын алуға байқаудан өтпеген), сонымен қатар облыс әкімінің гранты бойынша облыстың жоғары оқу орындарында оқуын жалғастырушы студенттер; қала әкімінің гранты бойынша Екібастұз қаласының колледждерінде оқуын жалғастырушы студенттер;
Тармақша 22
22) жоғары медициналық оқу орындарындағы жоғарғы курсында оқуын жалғастырушы студенттер;
Тармақша 23
23) медицина және педагогика мамандықтарының жас мамандары;
Тармақша 24
24) түберкулез ауруымен ауыратын тұлғалар;
Тармақша 25
25) онкологиялық аурулармен зардап шегуші тұлғалар;
Тармақша 26
26) адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шеккен тұлғалар;
Тармақша 27
27) 18 жасқа дейінгі мүгедек-балалар;
Тармақша 28
28) 18 жасқа дейінгі балалары бар мүгедек-әйелдер;
Тармақша 29
29) мүгедек-балаларды тәрбиелейтін жалғызілікті аналар;
Тармақша 30
30) арбадағы мүгедектер;
Тармақша 31
31) көру қабілетінен айырылған мүгедектер;
Тармақша 32
32) жасына байланысты зейнетақының толық емес көлемдегi төлемдерi алатын азаматтар, бірақ ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспау қажет;
Тармақша 33
33) мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақы алатын азаматтар;
Тармақша 34
34) жүкті әйелдер;
Тармақша 35
35) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
Тармақша 36
36) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
Тармақша 37
37) гемодиализ өткізуде мұқтаж тұлғалар.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмекті алу үшін осы қаулының 2-тармағында көрсетілген әрбір санат бойынша келесі құжаттар Бөлімге берілуі қажет:
Тармақша 1
1) 1-тармақшада көрсетілген санат үшін Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне (2009 жылдың 1 сәуірдегі жағдай бойынша) біржолғы материалдық көмекті төлеу үшін; дәрі-дәрмек сатып алуға ай сайын төлем жүргізу үшін – тегін, атын, әкесінің атын, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Екібастұз қалалық бөлімшесімен (Г.К.Сәлімова) (келісім бойынша) ұсынылған, алатын мемлекеттік арнайы жәрдемақының түрін, "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірін көрсете отырып тізімді;
Тармақша 2
2) 1, 10, 11-тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін - 1 жылда бір рет Алматы және Астана қалаларының госпитальдарына, тоқсанына бір рет облыстық диагностикалық орталығына бару және тұрақты жеріне кері қайту үшін жол ақы шығындарын төлеуге – "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесінде немесе екінші деңгейдегі банктерде жеке шотының нөмірі көрсетілген өтінішті, азаматтарды тіркеу кітабінің, белгіленген пунктке және кері тұрақты жеріне дейінгі автомобиль немесе теміржол көліктерінде пайдаланылған жол билеттерін, жеке куәлігінің көшірмесін, мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесін және салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
Тармақша 3
3) 2-11-тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне біржолғы материалдық көмек төлеу үшін – 2009 жылдың 1 сәуіріне арналған жағдай бойынша, тегін, атын, әкесінің атын, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Екібастұз қалалық бөлімшесімен (Г. К. Сәлімова) (келісім бойынша) ұсынылған, алатын мемлекеттік арнайы жәрдемақының түрін, "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірін көрсете отырып тізімді;
7, 8, 10, 11-тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін - тұрғын-үй-коммуналды қызметтерін өтеуге ай сайынғы материалдық көмек үшін – тегін, атын, әкесінің атын, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Екібастұз қалалық бөлімшесімен (Г. К. Сәлімова) (келісім бойынша) ұсынылған, алатын мемлекеттік арнайы жәрдемақының түрін, "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірін көрсете отырып тізімді;
Тармақша 4
4) 10, 11-тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін - сауықтыруға арналған тоқсан сайынғы материалдық көмекті, сондай-ақ Отан қорғаушылар Күніне біржолғы материалдық көмекті төлеу үшін – тегін, атын, әкесінің атын, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Екібастұз қалалық бөлімшесімен (Г. К. Сәлімова) (келісім бойынша) ұсынылған, алатын мемлекеттік арнайы жәрдемақының түрін, "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірін көрсете отырып тізімді;
Ауған соғысына қатысқандарға Ауғанстаннан әскерлерді шығарған Күніне орай қосымша біржолғы материалды көмек;
Тармақша 5
5) 13-тармақшада көрсетілген санаттар үшін – Екібастұз қаласында тұратын және зейнеткерлік жасқа толғандарға ай сайынғы материалдық көмекті төлеу үшін – Екібастұз қалалық мәслихатымен берілген (келісім бойынша), "Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің кадр қызметі және ұйымдастыру – бақылау жұмысы бөлімінің тегі, аты, әкесінің аты, мекен-жайы көрсетілген тізімді, "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі. Екі мәртебе болған жағдайда екеуінің біреуіне төлем жүргізу;
Тармақша 6
6) 14-тармақшада көрсетілген санат үшін - Осы қаулының 13 санаттары бойынша төлем алмайтындарға ай сайынғы материалдық көмекті төлеу үшін - "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесінде немесе екінші деңгейдегі банктерде жеке шотының нөмірі көрсетілген өтінішті, азаматтарды тіркеу кітабінің, жеке куәлігінің көшірмесін, республикалық немесе облыстық мағынадағы жеке зейнеткер мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесін және салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
Тармақша 7
7) 15-тармақшада көрсетілген санат үшін - біржолғы материалдық көмек төлеу үшін - "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесінде немесе екінші деңгейдегі банктерде жеке шотының нөмірі көрсетілген өтінішті, отбасы құрамы туралы анықтама немесе үй кітабы немесе азаматтарды тіркеу кітабын, өрт, үйді тонау, сырқаттану туралы тиісті органдардан (қалалық ішкі істер бөлімінен, өрт бөлімінен, медициналық мекемеден және тағы басқалардан) анықтаманы, отбасының барлық мүшелерінің табыстары туралы анықтама, жеке куәлігінің көшірмесі және салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
Тармақша 8
8) 16-тармақшада көрсетілген санат үшін - тұрғын-үй-коммуналдық қызметтерін өтеуге тоқсан сайынғы материалдық көмекті, біржолғы материалдық көмекті төлеу үшін - тегін, атын, әкесінің атын, үйге барып әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерінің меңгерушілерімен "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің азаматтардың жекеленген санаттарымен жұмыс жөніндегі секторға ұсынылған "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесінде немесе екінші деңгейдегі банктерде жеке шотының нөмірін көрсетумен тізімі;
Тармақша 9
9) 17, 32, 33 тармақшаларында көрсетілген - үй-коммуналдық қызметтерді өтеу үшін тоқсан сайынғы материалдық көмек төлеу үшін және азық-түлікке бағаның өсуіне байланысты – тегін, атын, әкесінің атын, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Екібастұз қалалық бөлімшесімен (келісім бойынша) ұсынылған, алатын мемлекеттік арнайы жәрдемақының түрін, "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірін көрсете отырып тізімді;
Тармақша 10
10) 18-тармақшада көрсетілген санат үшін – кәсіби оқудан өту кезінде материалдық көмекті төлеу үшін - "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодтың көшірмесін, оқу кезеңін растайтын құжат;
Тармақша 11
11) 19-тармақшада көрсетілген санат үшін – жерлеуге біржолғы материалдық көмекті төлеу үшін - "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесін, қайтыс болған кезде Бөлімде тіркеуде тұрғандығы туралы және қайтыс болған жұмыссыздың азаматтарды тіркеу кітабінің көшірмелері;
Тармақша 12
12) 20-тармақшада көрсетілген санат үшін – біржолғы материалдық көмекті төлеу үшін - "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, мекен-жайы көрсетілген Екібастұз қаласының ішкі істер Бөлімімен (О. А. Обухов) (келісім бойынша) ұсынылған тізімді;
Тармақша 13
13) 21-тармақшада көрсетілген санат үшін – студенттерге Екібастұз қаласының колледждеріндегі, облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуларына төлеу үшін - "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген студенттің өтініші, азаматтарды тіркеу кітабінің көшірмесі, жеке куәлігінің және салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, білім беру қызметін көрсетуге Екібастұз қаласы әкімінің, жоғары оқу орны және/немесе Екібастұз қаласының колледждерінің басшысының және студенттің қолы қойылған үш жақты келісім-шарт. Тұрудың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын зерттеу актілері және қосылған табыс туралы мәлімет бір рет оқуға төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау кезінде беріледі;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, жетім балаларға және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан 2009 - 2010 оқу жылына оқу ақысын төлеу үшін төтенше жағдайға тап болған студенттерге Екібастұз қаласының жоғарғы оқу орындарында және колледждерінде оқу ақысын төлеу үшін – "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірін көрсетумен студенттің өтініші, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, жеке бас куәлігінің көшірмесі және салық төлеушінің тіркеу нөмірі, студенттің және Екібастұз қаласының жоғарғы оқу орындарының және/немесе колледждерінің басшыларымен қол қойылған білім беру қызметін көрсетуге келісімшарт;
Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы, жетім-балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған Екібастұз қаласының жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, колледж және кәсіби мектептердің оқушыларына ішкі қалалық жолаушылар көлігінде жол жүру шығындарын өтеуде әлеуметтік көмек үшін, сондай-ақ Екібастұз қаласының колледждерінде оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек алатын студенттерге – "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірін көрсетумен студенттің өтініші, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, жеке бас куәлігінің көшірмесі және салық төлеушінің тіркеу нөмірі, оқу орнынан анықтама;
Тармақша 14
14) 22-тармақшада көрсетілген санат үшін – жоғары медициналық оқу орындарындағы соңғы курстардың студенттерге оқуларына төлеу үшін әлеуметтік көмекті төлеу үшін - "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші (Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының Екібастұз қаласының емдеу-сауықтыру жұмысты үйлестіру бөлімімен келісім бойынша), жеке куәлігінің және салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, Екібастұз қаласы әкімінің, жоғары оқу орны басшысының және студенттің қолы қойылған үш жақты келісім-шарт;
Тармақша 15
15) 23-тармақшада көрсетілген санаттар үшін (тек қана жоғары оқу орындарының медициналық және педагогикалық мамандықтарының түлектері) – біржолғы материалдық көмекті төлеу үшін - "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, ЖОО аяқтағаны туралы дипломның, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың, ЖОО түлегін Екібастұз өңіріне жіберу туралы бұйрықтың көшірмелері;
Тармақша 16
16) 24-тармақшада көрсетілген санаттар үшін – міндетті медициналық тексеруден өтуге байланысты ауылдық жерде тұратындар амбулаториялық емделуде барларға жолақыға шығындарды өтеу үшін материалдық көмекті; біржолғы материалдық көмекті; амбулаториялық емделуде бар ауыратындарға тамақтануға ай сайынғы материалдық көмекті төлеу үшін - "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, мекен-жайы көрсетілген "Екібастұз қалалық түберкулез ауруханасы" мемлекеттік мекемесімен (А. Қ. Құсайынова) (келісім бойынша) ұсынылған тізімді;
Тармақша 17
17) 25-тармақшада көрсетілген санат үшін – біржолғы материалдық көмекті төлеу үшін - "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген аурудың өтініші, ауруды растайтын және отбасы құрамы туралы анықтамалар немесе үй кітабінің немесе азаматтарды тіркеу кітабінің көшірмесі, жеке куәлігінің және салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмелері;
Павлодар облыстық онкологиялық диспансері" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнына және тұрғылықты орнына қайта бару жолақы шығындарын төлеу үшін - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірін, салық төлеушінің тіркеу нөмірін көрсетумен өтініші, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, жеке басы куәлігінің көшірмесі және онколог-дәрігерінің кеңес беру қабылдауының парағы, автомобиль немесе теміржол көліктерінде белгіленген мекенге және қайта тұрғылықты орнына қолданылған жол жүру билеттері. Жыл ішінде қайта өтінген жағдайда - өтініш, онколог-дәрігерінің кеңес беру қабылдауы парағының көшірмесі, автомобиль немесе теміржол көліктерінде белгіленген мекенге және тұрғылықты орнына қайтуда қолданылған жол жүру билеттері;
Тармақша 18
18) 26-тармақшада көрсетілген санат үшін – біржолғы материалдық көмекті төлеу үшін - "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, мекен-жайы көрсетілген ЖҚТБ-мен күрес және сауықтыру бойынша облыстық орталығының Екібастұз филиалымен ұсынылған тізімді;
Тармақша 19
19) 27-тармақшада көрсетілген санат үшін – біржолғы материалдық көмекті төлеу үшін – ата-аналарының (қамқоршысының) біреуінен "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген материалдық көмек тағайындау туралы өтінішті, баланың мүгедектігін анықтайтын құжат, азаматтарды тіркеу кітабінің көшірмесін, жеке куәлігінің және салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесін, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін;
"Әлем" оңалту орталығында (мүмкіншіліктері шектеулі балаларды күту бойынша бөлімшесінде үйге барып әлеуметтік қызмет көрсетуде тұрған, тірек-қозғалу аппаратынның бұзылуынан зардап шеккен және облыстық оңалту орталықтарында оңалту курсын өту үшін қарсы көрсетілімдері бар ғана) оңалту курсынан өтуге материалдық көмекті төлеу үшін – баланың және ата-ананың (қамқоршының) тегін, атын, әкесінің атын, "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген, "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүмкіншіліктері шектеулі балаларды күту бойынша бөлімшесі ұсынылған тізімді;
Тармақша 20
20) 28-тармақшада көрсетілген санат үшін – біржолғы материалдық көмекті төлеу үшін - "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің, мүгедектігі туралы анықтаманың, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, азаматтарды тіркеу кітабі, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
Тармақша 21
21) 29-тармақшада көрсетілген санат үшін – ай сайынғы материалдық көмекті төлеу үшін - "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, баланың туу туралы куәлігінің көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабі, баланың мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі, "Екібастұз қаласының әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесімен берілген N 4 түріндегі анықтама;
Тармақша 22
22) 34-тармақшада көрсетілген санат үшін – ауылдық жерде тұратын әйелдердің жүктілігі бойынша; 12 аптаға дейін жүктілігімен есепке тұрған кезде: аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы, 4-ші және одан көп балалы аналардың отбасыларына, бірінші рет туғандарға, біржолғы материалдық көмек үшін – тегінің, атының, әкесінің атының, мекен-жайының, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірін, Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы Екібастұз қаласының емдеу-сауықтыру жұмысын үйлестіру бөлімі ұсынатын мәртебесінің көрсетуімен тізімдер (келісім бойынша);
Тармақша 23
23) 35-тармақшада көрсетілген санат үшін – азық-түлікке бағаның өсуіне байланысты тоқсан сайынғы материалдық көмек төлемдері үшін - баланың тегінің, атының, әкесінің атының және қамқоршысының, туған жылының, мекен-жайының, "Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен ұсынылған "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірін көрсетумен тізімдер;
Тармақша 24
24) 36-тармақшада көрсетілген санат үшін - азық-түлікке бағаның өсуіне байланысты тоқсан сайынғы материалдық көмек төлемдері үшін - тегінің, атының, әкесінің атының, туған жылының, Бөлімнің әлеуметтік көмек секторымен ұсынылатын "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірін көрсетумен тізімдер;
Тармақша 25
25) 37-тармақшада көрсетілген санат үшін – Павлодар қаласының 1 қалалық емханасы" қазыналық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына және тұрғылықты орнына қайта бару жол ақы шығындарын төлеу үшін - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірін, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, жеке басы куәлігінің көшірмесі және гемодиализ курсын алғаны туралы парағы, автомобиль немесе теміржол көліктерінде белгіленген мекенге және қайта тұрғылықты орнына қолданылған жол жүру билеттері.
Жыл ішінде қайта өтінген жағдайда - өтініш, гемодиализ курсын алғаны туралы парағының көшірмесі, автомобиль немесе теміржол көліктерінде белгіленген мекенге және тұрғылықты орнына қайтуда қолданылған жол жүру билеттері;
Тармақ 4
4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (С.А.Арыстанов) осы қаулының 2-тармағында көрсетілген санаттардағы азаматтарға әлеуметтік төлеу тағайындалсын, мына түрлер бойынша:
Тармақша 1
1) 1-тармақшада көрсетілген санат үшін – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне 8000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек, 4000 теңге сомаға мерекелік азық-түлік жиынтығы (Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі жыл сайын 1 сәуірден 9 мамыр кезеңінде қайтыс болған болса, мерекелік сыйлық-жиынтық отбасына тапсырылады), дәрі-дәрмек сатып алуға 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріндегі ай сайынғы төлем;
Тармақша 2
2) 2-11-тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне 2000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
Тармақша 3
3) 10, 11-тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін – сауықтыруға арналған 2 АЕК мөлшерінде тоқсан сайынғы материалдық көмек;
Отан қорғаушылар Күніне 10000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
Ауған соғысына қатысқандарға әскерлерді шығарған Күніне 5 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
Тармақша 4
4) 1, 10, 11-тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін – өтініш бойынша бір жылда бір рет Алматы және Астана қалаларындағы госпитальдарға, тоқсанына бір рет облыстық диагностикалық орталыққа бару және тұратын жеріне кері қайту үшін жолақы шығындарын төлеу;
Тармақша 5
5) 13-тармақшада көрсетілген санаттар үшін – 2500 теңге мөлшерінде ай сайынғы төлемдер;
Тармақша 6
6) 14-тармақшада көрсетілген санат үшін – өтініш беру мерзіміне қарамастан 1 қаңтардан 1 АЕК мөлшерінде ай сайынғы төлемдер;
Тармақша 7
7) 15-тармақшада көрсетілген санат үшін – Комиссияның шешімі бойынша 15 мәрте АЕК аспайтын мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
Тармақша 8
8) 16-тармақшада көрсетілген санат үшін – Қарттар күні мен мүгедектер Күніне 2000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек, 2 АЕК мөлшерінде тоқсан сайынғы материалдық көмек;
Тармақша 9
9) 17, 32, 33 тармақшаларындағы – 2 АЕК мөлшерінде азық-түлікке бағаның өсуіне байланысты, 2 АЕК мөлшеріндегі тұрғын-үй коммуналдық қызметтерді өтеу үшін тоқсан сайынғы материалдық көмек төлемдері үшін;
Тармақша 10
10) 18-тармақшада көрсетілген санаттар үшін – кәсіптік оқудан өту кезеңінде 5000 теңге мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек;
Тармақша 11
11) 19-тармақшада көрсетілген санат үшін – 15 мәрте АЕК мөлшерінде жерлеуге біржолғы материалдық көмек;
Тармақша 12
12) 20-тармақшада көрсетілген санаттар үшін – 5000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
Тармақша 13
13) 21-тармақшада көрсетілген санат үшін – облыстың жоғары оқу орындарында және Екібастұз қаласының колледждерде оқығаны үшін тиісті оқу орындарындағы оқудың нақты құнынның мөлшерінде төлем;
жоғары оқу орындарындағы студеннтер үшін – оқу кезеңінде тұруына, тамағына және тұрғылықты жеріне жолақысына 7000 теңге мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік төлем;
Екібастұз қаласының жоғарғы оқу орындары мен колледждерінің студенттері үшін – оқу бағасының нақты мөлшерінде 2009 - 2010 оқу жылына оқу ақысын төлеу үшін біржолғы материалдық көмек;
Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы, жетім-балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған Екібастұз қаласының жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, колледж және кәсіби мектептердің оқушыларына ішкі қалалық жолаушылар көлігінде жол жүру шығындарын өтеуде әлеуметтік көмек үшін, сондай-ақ Екібастұз қаласының колледждерінде оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек алатын студенттерге – "Екібастұз қаласы бойынша ішкі қалалық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жол жүру үшін толық жол жүру билеті бағасының 50% мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 14
14) 22-тармақшада көрсетілген санаттар үшін – жоғары медициналық оқу орындарындағы соңғы курстардың студенттерге оқуларына төлеу үшін тиісті оқу орындарындағы оқудың нақты құнынның мөлшерінде төлем;
Тармақша 15
15) 23-тармақшада көрсетілген санаттар үшін – медициналық жоғары оқу орындарының түлектеріне 200000 теңге мөлшерінде, педагогикалық жоғары оқу орындарының түлектеріне 100000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек (республикалық трансферттерді есепке ала отырып);
Тармақша 16
16) 24-тармақшада көрсетілген санаттар үшін – 5000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек; "Екібастұз қалалық түберкулез ауруханасы" мемлекеттік мекемесінде міндетті медициналық тексеруден өтуге байланысты ауылдық жерде тұратындар амбулаториялық емделуде барларға жол ақысына жолақының нақты құнынның мөлшерінде төлем; амбулаториялық емделуде бар ауыратындарға тамақтануға 6000 теңге мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек;
Тармақша 17
17) 25-тармақшада көрсетілген санат үшін – 10000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
"Павлодар облыстық онкологиялық диспансері" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнына және тұрақы тұратын жеріне қайта жол жүрудің нақты бағасының мөлшерінде жол жүру шығындарын төлеу;
Тармақша 18
18) 26-тармақшада көрсетілген санаттар үшін – 10000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
Тармақша 19
19) 27-тармақшада көрсетілген санат үшін – Мүгедектер Күніне 5000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
"Әлем" оңалту орталығында оңалту курсынан өтуге 16750 теңге мөлшерінде материалдық көмекті төлеу үшін;
Тармақша 20
20) 28-тармақшада көрсетілген санаттар үшін – 8000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
Тармақша 21
21) 7, 8, 10, 11-тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін – 1,25 АЕК мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек;
Тармақша 22
22) 29-тармақшада көрсетілген санаттар үшін – 2 АЕК мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек;
Тармақша 23
23) 30-тармақшада көрсетілген санат үшін – көлікпен тасымалдау және арбаларды жөндеу жұмыстарына қызмет көрсету;
Тармақша 24
24) 31-тармақшада көрсетілген санат үшін – тифлотехникалық құралдарды жөндеу жұмыстарына қызмет көрсету;
Тармақша 25
25) 34-тармақшада көрсетілген санат үшін – 5000 теңге мөлшеріндегі біржолғы материалдық көмек;
Тармақша 26
26) 35, 36-тармақшаларда көрсетілген санат үшін – 2 АЕК мөлшерінде азық-түлікке бағаның өсуіне байланысты, тоқсан сайынғы материалдық көмек;
Тармақша 27
27) 37-тармақшада көрсетілген санат үшін – Павлодар қаласының 1 қалалық емханасы" қазыналық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына және тұрғылықты орнына қайта бару жолақы шығындарын төлеу жол жүрудің нақты бағасының мөлшерінде.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарда таратылады.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру 2009 жылға арналған қалалық бюджет аясында жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А. А. Құрмановаға жүктелсін.
Келісілді:
Павлодар облысының денсаулық
сақтау басқармасының бастығы
2009 жылдың 3_ақпан Г. Аубанова
Екібастұз қаласы ішкі
істер бөлімінің бастығы
2009 жылдың 3 ақпан О. Обухов
Басқа 97. Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген
санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау
бойынша комиссияның
Құрамы
Екібастұз қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 6 ақпандағы
№ 68/2 қаулысына
1-қосымша
Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген
санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау
бойынша комиссияның
Құрамы
Сансызбай Сапарұлы Төлеубаев
- Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Серік Әубәкішұлы Арыстанов
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;
Мадина Салахиденқызы Балтабаева
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия хатшысы;
Комиссия мүшелері:
Александр Егорович Белых
- Екібастұз қалалық Ардагерлер Кеңесі төрағасы (келісім бойынша);
Балтабай Құдайбергенұлы Шахметов
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы;
Болат Қайыржанұлы Құспеков
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы.