2009 жылға арналған нысаналы топтарды жұмыспен қамтитын мекемелер мен кәсіпорындар тізбесін бекіту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.02.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылға арналған нысаналы топтарды жұмыспен қамтитын мекемелер мен кәсіпорындар тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңдарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2009 жылға арналған нысаналы топтарды жұмыспен қамтитын мекемелер мен кәсіпорындар тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жұмыс берушілер халықтың бекітілген нысаналы топтарын жұмыспен қамтамасыз етуге ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалсын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Сатыбалдиевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Т.Сатыбалдив _______________ "08" желтоқсан 2009ж. Ы.Құлатай ______________ "08" желтоқсан 2009ж. С.Кушербаева _______________ "08" желтоқсан 2009ж. Н.Гумарова _______________ "Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы "08" желтоқсан 2009ж. Р.Жантілеуова ______________ "Жаңаөзен қалалық қаржылар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы "08" желтоқсан 2009ж. А.Қоңырбаев _______________ "Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы "08" желтоқсан 2009ж. Дайындаған: М.И.Абубикиров _______________ "Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметттік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы "08" желтоқсан 2009ж.
Басқа 5
Қала әкімдігінің 2009 жылы 8 ақпандағы N 169 қаулысына қосымша 2009 жылға арналған нысаналы топтарды жұмыспен қамтитын мекемелер мен кәсiпорындар тiзбесi