Об организации и финансировании профессиональной подготовки, переподготовки и повышения квалификации безработных в 2009 году Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылы жұмыссыздарды кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 19 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, жұмыссыздардың еңбек нарығындағы бәсекелестiкке төтеп беру қабiлетiн арттыру мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Жұмыссыздарды кәсiби даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыратын жұмыстарды ұлғайту аудандық бюджеттен қаржыны игерсiн.
Тармақ 2
2. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жұмыссыздарды кәсiби даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру" 002 бағдарламасы бойынша аудандық бюджетте бекiтiлген қаржы көлемiнде мерзiмiнде қаржыландыруды қамтамасыз етілсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б. З. Ысқақоваға мiндеттелсiн.