Қолданыстағы ред. 26.01.2009

2009 жылғы бір жолға талондардың құны мөлшерін белгілеу туралы от 26.01.2009 г. № IX-7 (2009 жылғы бір жолға талондардың құны мөлшерін белгілеу туралы)

0

2009 жылғы бір жолға талондардың құны мөлшерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы №100-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының уодексін (Салық кодексі) қолданысқа енізу туралы Заңының 36 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 6 бабы 1 тармағының 15 тармақшасын басшылыққа алып және аудан әкімиятының 2009 жылғы 23 қаңтардағы №30 қаулысы мен ұсынысына сәйкес Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Базар аумағындағы дүнгіршіктердің, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстарын орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға біржолғы талондардың құны №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Қызметі дүркін-дүркін сипаттағы жеке тұлғаларға біржолғы талондардың құны №2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3

3. Бір жолғы талон негізіндегі кәсіпкерлік қызметтің жүргізілуін ұйымдастыру аудандық салық басқармасына (З.Нұрмашева-келісім бойынша) және округ әкімдеріне тапсырылсын.

4

4. Аудандық мәслихаттың 25 желтоқсан 2008 жылғы №VIII-4 «Салық кодексінің 394,491-2 баптары бойынша 2009 жылғы салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы» шешімі жойылсын.

5

5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісемін:
Аудандық салық басқармасының
бастығы З.Нұрмашева
«26» қаңтар 2009 жыл