О ставках платы за эмиссии в окружающую среду на 2009 год по Мангистауской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 2009 жылға арналған төлемақы ставкалары туралы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 495-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 2009 жылға арналған төлемақы ставкалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Б. Бисенов 30 қаңтар 2009 ж. «КЕЛІСІЛДІ» Жайық-Каспий экология департаменті облыстық филиалының бастығы Ы. Ноғаев 30 қаңтар 2009 ж. «КЕЛІСІЛДІ» Маңғыстау облысы бойынша Салық департаментінің бастығы А. Теңгебаев 30 қаңтар 2009 ж.
Басқа 3
Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 12/147 шешіміне қосымша Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 2009 жылға арналған төлемақы ставкалары
Тармақ 1
1. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары: Рет № Ластағыш заттардың түрлері 1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК) 1 килограмм үшін төлемақы ставкалары (АЕК) 1. Күкірт тотықтары 20 2. Азот тотықтары 20 3. Шаң және күл 10 4. Қорғасын және оның қосындылары 3986 5. Күкіртсутек 124 6. Фенолдар 332 7. Көмірсутектер 0,32 8. Формальдегид 332 9. Көміртегі тотықтары 0,32 10 Метан 0,02 11. Күйе 24 12. Темір тотықтары 30 13. Аммиак 24 14. Алты валентті хром 798 15. Мыс тотықтары 598 16. Бенз(а)пирен 996,6
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары: Рет № Ластағыш заттардың түрлері 1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК) 1. Көмірсутектер 44,6 2. Көміртегі тотықтары 14,6 3. Метан 0,8 4. Күкірт диоксиды 200 5. Азот диоксиды 200 6. Күл 240 7. Күкіртті сутегі 1240 8. Меркаптан 199320
Тармақ 3
3. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары: Рет № Отын түрлері Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін ставка (АЕК) 1. Этилденбеген бензин үшін 0,66 2. Дизель отыны үшін 0,9 3. Сұйытылған, сығылған газ үшін 0,48
Тармақ 4
4. Ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары: Рет № Ластағыш заттардың түрлері 1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК) 1. Нитриттар 1340 2. Мырыш 2680 3. Мыс 26804 4. Оттегіне биологиялық сұраныс 8 5. Тұзды аммоний 68 6. Мұнай өнімдері 536 7. Нитраттар 2 8. Жалпы темір 268 9. Сульфаттар (анион) 0,8 10. Өлшенген заттар 2 11. Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар 54 12. Хлоридтер (анион) 0,2 13. Алюминий 54
Тармақ 5
5. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары: Рет № Қалдықтардың түрлері Төлемақы ставкалары (АЕК) 1 тонна үшін 1 гигабек-керель (Гбк) үшін 1. Өндіріс пен тұтынудың қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы берілген орындарда орналастырғаны үшін: 1.1. Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылғыларының кәріздік тұнбасы) 0,38 1.2. Қауіптілік деңгейін ескере отырып, өнеркәсіптік қалдықтар: 1.2.1. "қызыл" тізім 14 1.2.2. "янтарь" тізім 8 1.2.3. "жасыл" тізім 2 1.2.4. жіктелмегендер 0,9 1.3. Бұдан басқа: 1.3.1. аршынды жыныстар 0,004 1.3.2. жанас таужыныстары 0,026 1.3.3. байыту қалдықтары 0,02 1.3.4. шлактар, шламдар 0,038 1.3.5. күл мен күлшлактар 0,66 1.3.6. ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары 0,018 2. Радиоактивтік қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк): 2.1. Трансуранды 0,76 2.2. Альфа-радиоактивті 0,38 2.3. Бета-радиоактивті 0,04 2.4. Шынақты радиоактивті көздер 0,38
Тармақ 6
6. Мынадай коэффициенттер:
Тармақша 1
1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде түзілетін эмиссия көлемі үшін табиғи монополия субъектілері мен Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары үшін осы шешімде белгіленген төлемақы ставкаларына: 1 - тармақта – 0,3 коэффициенті; 4 - тармақта – 0,43 коэффициенті; 5 - тармақтың 1.3.5.-жолында – 0,05 коэффициенті;
Тармақша 2
2) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалардан жиналған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін 5-тармақтың 1.1.-жолында белгіленген төлемақы ставкасына 0,2 коэффициенті қолданылады.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің 6-тармағында көзделген коэффициенттер қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерден тыс көлемі үшін төленетін төлемақыға қолданылмайды.
Тармақ 8
8. Белгіленген лимиттерден асып түскен қоршаған ортаға эмиссия үшін осы шешімде белгіленген төлемақы ставкалары он есеге ұлғаяды.