Об утверждении инструкции "О социальных выплатах отдельным категориям граждан района в 2009 году" Қолданыста
Басқа 0
"2009 жылы аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем туралы" нұсқауды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының, 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне, қатысушыларға және оларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы" Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11 бабының, 1 тармағының, 3 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" № 754 Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған "2009 жылы аудан азаматтары 2009 жылы жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем туралы" нұсқау бекітілсін (бұдан әрі – Нұсқау).
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.В. Ильинаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң қолданысқа енеді.
Басқа 4. Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына арналған
әлеуметтік төлемдер туралы нұсқау
Успен ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 27 қаңтардағы № 38/1
қаулысымен бекітілді
Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына арналған
әлеуметтік төлемдер туралы нұсқау
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы нұсқау Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысына қатысқандарды, мүгедектерді және оларға теңестірілгендерді әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі "Мүгедектерді сауықтырудың кейбір мәселелері туралы" № 754 қаулысына cәйкес жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша аудан азаматтарының жекелеген санаттарына арналған әлеуметтік төлемдерді төлеудің тәртібін нақтылайды.
Тарау 2. 2. Жекелеген әлеуметтік төлемге құқығы
бар азаматтардың санаттары
2. Жекелеген әлеуметтік төлемге құқығы
бар азаматтардың санаттары
Тармақ 2
2. Жекелеген әлеуметтік төлемдер алуға мына азаматтардың құқықтары бар:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары (бұдан әрі – ҰОС), 1941 жылдың 22 маусымынан бастап 1945 жылдың 9 мамырына дейін кем дегенде 6 ай жұмыс істеген азаматтар және ҰОС жылдары тылда әскери қызмет және еңбегі үшін КСР Одағының медалімен және ордендерімен марапатталмаған тұлғалар, қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелдері, ауған соғысына қатысқандар, Чернобыль АЭС апатының салдарын жоюға қатысқандар, жеңілдік және кепілдік бойынша ҰОС қатысушылармен теңестірілгендер;
Тармақша 2
2) кірісі бекітілген кедейшілік деңгейінен төмен аз қамтылған азаматтар, тұрғындардың мақсатты тобына жататындарға емделу үшін;
Тармақша 3
3) тұрғындардың мақсатты тобына жататын аз қамтылған азаматтар, "Батыр Ана" атағы бар көп балалы аналар, 3 топтағы мүгедектер, жоғары оқу орнын (бұдан әрі – ЖОО) және орта оқу орнын 2008-2009 жылдары бітірген жас мамандарға орналасуға және жеке ауланы дамытуға;
Тармақша 4
4) жұмыссыздар санатындағы отбасынан қайтыс болғандарға жерлеу үшін;
Тармақша 5
5) 18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балалы аналар көмір алу үшін;
Тармақша 6
6) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар;
Тармақша 7
7) күтпеген тосын жағдайдан күн көріс қаражатынсыз қалған азаматтар;
Тармақша 8
8) әлеуметтік көмек бөлімі қызмет жасайтын жалғыз басты мүгедектер;
Тармақша 9
9) отбасының кірісі бекітілген кедейлік шегінен аспайтын аз қамтамасыз етілген азаматтарға құжат алу үшін;
Тармақша 10
10) зейнет жасындағы "Ауданның құрметті азаматы" атағы бар және ауылдық жерде тұратын азаматтарға көмір алу үшін;
Тармақша 11
11) 2008 - 2009 жылдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында әскери қызметін өтеп келгендер;
Тармақша 12
12) жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасы аумағынан квота бойынша тыс жерде медициналық мекемелерде тексеруден өткен және сырқаттарды емдеу үшін;
Тармақша 14
14) ҰОС мүгедектері, қатысушылары; Қазақстан Республикасы алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы алатын зейнеткерлер; облыс алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы алатын зейнеткерлер; ЧАЭС апатының салдарын жоюға қатысқандар, Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің аналары әр тоқсан сайын облыс орталығына барып-қайту жолына;
Тармақша 15
15) ҰОС қатысушылары және мүгедектері дәрі-дәрмек алуға;
Тармақша 16
16) мемлекеттік білім грантына конкурстан өте алмаған, облыс әкімінің грантымен оқитын аз қамтамасыз етілген отбасы студенттері және жетім студенттер, жылына екі рет оқу сессиясының нәтижесі бойынша оқудан шығарылған студенттің орнына осы оқу орнында оқитын жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың оқу ақысын төлеу; жоғары оқу орындарында оқу үшін ауданда қажет мамандарға оқып жатқан студенттер, ауданның медициналық мекемелеріне жаңадан келген дәрігерлерге біркелкі материалдық көмек;
Тармақша 17
17) мүгедек балалар;
Тармақша 18
18) амбулаторлық емделудегі туберкулез ауруына шалдыққандарды тамақтандыруға 3 АЕК көлемінде 6 айдан кем емес және туберкулезге қарсы мекемелерге бару жолына;
Тармақша 19
19) онкологиялық ауруына шалдыққандарды тамақтандыруға;
Тармақша 20
20) ҰОС мүгедектері, қатысушылары және оларға теңестірілгендерге тіс салуға;
Тармақша 21
21) облыс әкімінің гранты бойынша оқитын студенттердің тұруына жол ақысына;
Тармақша 22
22) ЧАЭС апатының салдарын жоюға, Ауған соғысына қатысқандарға денсаулықтарын сауықтыру үшін;
Тармақша 23
23) 1941 жылдың 22 маусымынан бастап 1945 жылдың 9 мамырына дейін кем дегенде 6 ай жұмыс істеген азаматтар және ҰОС жылдары тылда мінсіз әскери қызмет және жан қиярлық еңбегі үшін КСР Одағының медалімен және ордендарымен марапатталмаған тұлғаларға біркелкі жәрдемақы үшін;
Тармақша 24
24) соғысқа қатысқандар, мүгедектер және оларға теңестірілгендер, ҰОС қатысушыларының және ҰОС қайтыс болған мүгедектердің жесірлері, жалғыз басты азаматтарға мерзімді баспа сөзге жазылу үшін;
Тармақша 25
25) "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ кәсіби оқыту мерзімінде есепте тұрған жұмыссыздар;
Тармақша 26
26) қолында сал ауруына шалдыққан және қисыл қозғалысы бұзылған балалары бар жалғыз басты аналар;
Тармақша 27
27) Ұлы Отан соғыс қатысушылары, ҰОС қаза тапқандардың екінші рет тұрмысқа шықпаған әйелдері, ауған соғысына қатысқандар, ЧАЭС оқиғасында апат салдарын жоюға қатысушылар, ең төмен көлемінде зейнетақы алушы зейнеткерлер және тоқсан сайын тұрғын-үй коммуналдық қызмет шығындарын өтеу үшін жалғыз мүгедектерге, отын алу үшін жалғыз қарт еңбекке жарамсыз азаматтарға біркелкі материалдық көмек;
Тармақша 28
28) 10-12 жұма мерзімімен екі қабатты әйелдерді дер кезінде есепке алу;
Тармақша 29
29) емшек сүтінің орнын ауыстыратын затта мұқтаж 1 жасқа дейінгі балаларды тегін қамтамасыздандыру үшін балалар тамағын беру туралы;
Тармақша 30
30) 13 жасқа жеткен үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды компьютерлік құралдармен қамтамасыздандыру.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі
3. Әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі
Тармақ 3
3. Төмендегі әлеуметтік төлемге құқығы барларға тағайындалады:
Тармақша 1
1)- 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 16), 17), 19), 20), 22), 25), 28), 29), 30) тармақшаларында көрсетілген әлеуметтік төлем алуға құқығы бар санаттағылар 258015007 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша аудан азаматтарының жекелеген санаттарына арналған әлеуметтік төлемдерді төлеу" бюджеттік бағдарламасына және тұрғындарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, еңбек проблемалары бойынша Үйлестіру Кеңесінің өтініш иесі құжаттарының толық пакетін қараған соң қабылдаған шешіміне сәйкес тағайындалады;
Тармақша 2
2) -1), 14), 15), 23), 24), 27), 30) тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысына қатысқандарды, мүгедектерді және оларға теңестірілгендерді әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы", Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39-III "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік төлемді іске асыру
үшін қажетті құжаттар тізбесі
4. Әлеуметтік төлемді іске асыру
үшін қажетті құжаттар тізбесі
Тармақ 4
4. Нұсқаудың 1 тармағына көрсетілген азаматтар санаттарына әлеуметтік төлемдерді төлеу үшін төмендегі құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) 2 тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау және төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Успен филиалы (бұдан әрі – МЗТО) ұсынған тізімге, ауылдық округ әкімдіктері ұсынған тізімге сәйкес;
Тармақша 2
2) 2 тармақтың 2), 9) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін аталған әлеуметтік төлемге құқығы бар адамның жеке есеп шоты және СТН көрсетілген өтініші, жеке куәліктің көшірмесі, тұратын жерінен анықтама, материалдық–тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, отбасының жұмыс істейтін мүшелерінің кірісі туралы анықтама, жұмыспен қамту бөлімінің жұмыссыздарға берген анықтамасы, медициналық мекемеден емделу қажет екенін растайтын анықтама, өтініш иесінің аталған әлеуметтік төлемді сенімді адамның атынан алуға берген өтініші;
Тармақша 3
3) 2 тармақтың 2), 9) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін аталған әлеуметтік төлемге құқығы бар адамның СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке куәліктің көшірмесі, ауылдық округ әкімдігі жанындағы комиссия жасаған өтініш иесінің материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, ЖОО немес ОАО бітіргені туралы дипломның көшірмесі, жұмысқа қабылдану туралы бұйрық;
Тармақша 4
4) 2 тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жерлеуді атқарған адамның СТН және есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, тұрған жерінен анықтама, қайтыс болған адамның мәртебесін анықтайтын құжат және қайтыс болуы туралы анықтама көшірмесі;
Тармақша 5
5) 2 тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау және төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Успен филиалымен келісілген зейнетақы көлемі, міндетті түрде СТН, есеп шот нөмірі мен жеке куәлігінің көшірмесі, тұратын жері көрсетілген өтініш;
Тармақша 6
6) 2 тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін аталған әлеуметтік төлемге құқығы бар адамның СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, тұрған жерінен анықтама, бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылғаны туралы анықтама көшірмесі;
Тармақша 7
7) 2 тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін аталған әлеуметтік төлемге құқығы бар адамның СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, өрт немесе кенеттен болған апат салдарынан келген зиянды анықтайтын немесе тұрғындарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, еңбек проблемасы жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің күтілмеген жағдайды тану туралы шешімі;
Тармақша 8
8) 2 тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін аталған әлеуметтік төлемге құқығы бар адамның СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, тұрған жерінен анықтама, әлеуметтік көмек анықтамасы;
Тармақша 9
9) 2 тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін аудандық мәслихат ұсынған тізімге сәйкес;
Тармақша 10
10) 2 тармақтың 11) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін әлеуметтік төлем алуға құқығы бар адамның СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, тұрған жерінен анықтама, аудандық әскери комиссариаттан 2008 - 2009 жылдары әскери борышын атқарғанын растайтын анықтама;
Тармақша 11
11) 2 тармақтың 12) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін әлеуметтік төлемге қамқоршының СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, тұрған жерінен анықтама, қамқоршылықты белгілеу туралы қамқоршылық Кеңесі шешімінің көшірмесі;
Тармақша 12
12) 2 тармақтың 13) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін қамқоршының әлеуметтік төлемге СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, тұрған жерінен анықтама, денсаулық сақтау департаментінің жолдамасы, тексеруден өту және емделу фактісін растайтын көшірме, барып қайтуға пайдаланылған билеттер, сондай-ақ қажет болған жағдайда апарып келген адамның жеке куәлігінің көшірмесі және барып қайтуға пайдаланылған билеттер;
Тармақша 13
13) 2 тармақтың 14), 15) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін аталған әлеуметтік төлемге құқығы бар адамның СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші;
Тармақша 14
14) 2 тармақтың 16) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін студенттің СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, студенттің ЖОО-мен оқуға жасаған үш жақты шартының көшірмесі;
Тармақша 15
15) 2 тармақтың, 17) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің аудандық МЗТО келісілген тізімге сәйкес;
Тармақша 16
16) 2 тармақтың 18) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін әлеуметтік төлем алуға құқығы бар адамның СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, туберкулез ауруханасының анықтамасы, жеке бас куәліктің көшірмесі;
Тармақша 17
17) 2 тармақтың 19) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін әлеуметтік төлем алуға құқығы бар адамның СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, онкология ауруханасының анықтамасы, жеке бас куәліктің көшірмесі;
Тармақша 18
18) 2 тармақтың 20) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін әлеуметтік төлем алуға құқығы бар адамның СТН және есеп шоты көрсетілген өтініші, тұратын жерінен анықтама, жеке куәлік көшірмесі, ОС қатысушысы куәлігінің көшімесі, медициналық мекемеден тіс салу қажеттігі туралы анықтама;
Тармақша 19
19) 2 тармақтың, 21) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің аудандық МЗТО келісілген тізімге сәйкес;
Тармақша 20
20) 2 тармақтың, 22) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің аудандық МЗТО келісілген тізімге сәйкес;
Тармақша 21
21) 2 тармақтың, 23) тармақшасында СТН, есеп шоттың көшірмесі, зейнеткерлік куәліктің көшірмесі, төлемге құқығы бар тұлғаның өтініші;
Тармақша 22
22) 2 тармақтың 24)тармақшасында көрсетілген санаттар үшін осы төлемге құқығы бар тұлғаның СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, ҰОС қатысушысының куәлігі, тұрған жерінен анықтама, мерзімді баспа сөзге жазылған төлемнің көлемі туралы құжат;
Тармақша 23
23) 2 тармақтың 25) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін әлеуметтік төлем алуға құқығы бар адамның СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке бас куәлігінің көшірмесі, жұмыспен қамту орталығының анықтамасы;
Тармақша 24
24) 2 тармақтың 26) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін әлеуметтік төлем алуға құқығы бар адамның СТН және есеп шоты көрсетілген өтініші, тұратын жері туралы анықтама, жеке бас куәлігінің көшірмесі, дәрігерлік-ұжымдық комиссия анықтамасының көшірмесі;
Тармақша 25
25) 2 тармақтың 27) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтың аудандық филиалының ұсынған тізімі бойынша;
Тармақша 26
26) 2 тармақтың 28) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін әлеуметтік төлем алуға құқығы бар адамның СТН және есеп шоты көрсетілген өтініші, тұратын жерінен анықтама, жеке бас куәлігінің көшірмесі, есепке тұрғаны жөнінде медициналық мекемеден анықтама, табыстары туралы анықтама;
Тармақша 27
27) 2 тармақтың 29) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін әлеуметтік төлем алуға құқығы бар адамның СТН және есеп шоты көрсетілген өтініші, тұратын жерінен анықтама, жеке бас куәлігінің көшірмесі, баланың туғаны туралы куәлік көшірмесі, емшек сүті орнына қолданылатын сүтте бала мұқтаж жайында медициналық мекемеден анықтама;
Тармақша 28. 5. Есеп жүргізу және есеп беру
28) 2 тармақтың 30) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін ата-анасынан СТН және есеп шоты көрсетілген өтініші, тұратын жерінен анықтама, ата-анасының жеке бас куәлігінің көшірмесі, баланың туғаны жайлы куәлігінің көшірмесі, облыс психологиялық дәрігерлік педагогикалық кеңес қорытындысының көшірмесі.
5. Есеп жүргізу және есеп беру
Тармақ 5
5. Әлеуметтік төлем туралы мәселе шешілетін бастапқы құжаттар (хаттама, тексеру актілері, анықтамалар, тізімдер т.б.) "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-де үш жыл сақталады.
Тармақ 6
6. Әр айдың 20-сында "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ Успен ауданның "Қаржы бөлімі" ММ-не бюджеттік бағдарламалар бойынша әлеуметтік төлемді қамтамасыз ету үшін қажетті қаражат туралы өтінімдер ұсынады.
Тармақ 7
7. "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ Успен ауданның "Қаржы бөлімі" ММ-не әлеуметтік төлемдерге арналған қаражаттың жұмсалғаны туралы есеп береді.