Об утверждении Инструкции о социальных выплатах отдельным категориям нуждающихся граждан района в 2009 году Қолданыста
Басқа 0
2009 жылы ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына сәйкес, ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер жөніндегі нұсқаулық бекітілсін (бұдан әрі - Нұсқаулық).
Тармақ 2
2. Качир ауданының қаржы бөлімі ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдерді қаржыландыруды бюджеттік қаржы шегінде қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Г.Е. Біләлеваға жүктелсін.
Басқа 5. 2009 жылы ауданның мұқтаж азаматтарының
жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер
жөніндегі нұсқаулық
Качир ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 29 қаңтардағы
№ 23/1 қаулысымен
бекітілген
2009 жылы ауданның мұқтаж азаматтарының
жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер
жөніндегі нұсқаулық
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына 17-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және соларға теңестiрiлген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес 2009 жылы ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер шарттарын нақтылайды.
Тармақ 2
2. Азаматтарға әлеуметтiк төлемдерді қаржыландыру аудандық бюджеттен жүргізіледі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтiк төлемдерге құқығы бар
азаматтардың санаттары
2. Әлеуметтiк төлемдерге құқығы бар
азаматтардың санаттары
Тармақ 3
3. Әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы барлар:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары - Жеңiс Күнi қарсаңында;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына – ай сайын тұрғын үй - коммуналдық қызметке (сумен жабдықтау, жылумен, электрэнергиясымен жабдықтау, қатты отын сатып алу, телефон) және дәрі-дәрмек сатып алуға;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, Ауғанстандағы әскери әрекеттер кезеңінде қатысқан адамдар және Чернобыль атомдық электрстанциясындағы (АЭС) апат зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға тістерін протездеуге;
Тармақша 4
4) ЖҚТБ-мен, қатерлі ісікпен ауыратындар;
Тармақша 5
5) туберкулезбен ауыратындар;
Тармақша 6
6) ауданға жұмысқа келген салалы министрлiктердiң, департаментттердiң, ЖОО-ның жолдамасымен жоғары оқу орнын бiтiрген жас мамандар – ЖОО-ның түлектері;
Тармақша 7
7) "ауданның құрметтi азаматы" атағына ие тұлғалар;
Тармақша 8
8) тұрғын үй коммуналдық (сумен жабдықтау, жылумен, электр энергиясымен жабдықтау, қатты отын сатып алу) қызметтерге жалғызілікті және жалғыз тұратын, еңбекке жарамсыз қарт азаматтарға және зейнетақының ең аз мөлшерін (9875 теңге) алатын зейнеткерлерге - тоқсан сайын;
Тармақша 9
9) Чернобыль АЭС-індегі апат зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға - Жеңіс Күнi қарсаңында;
Тармақша 10
10) Ауған соғысына қатысқан азаматтар - Жеңiс Күнi қарсаңында;
Тармақша 11
11) ауылдық жерде тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, Чернобыль АЭС-індегі апат зардабын жоюға қатысқан және Ауған соғысына қатысқандарға тоқсан сайын бір рет облыстың қалалары мен аудандарына бару және келу жолақысы;
Тармақша 12
12) облыс әкімі грантының иегерлері аз қамтамасыз етілген отбасылардың студенттері және жетім – студенттердің жоғары оқу орнындағы оқуын төлеуге;
Тармақша 13
13) облыс әкімі грантының иегерлері, аз қамтамасыз етілген отбасылардың студенттері және жетім – студенттерді жоғары оқу орнында оқыту үшін стипендиясын төлеуге;
Тармақша 14
14) I-топтағы жалғызілікті мүгедектерге - отынға;
Тармақша 15
15) гемофилия, лейкемиямен ауыратындар;
Тармақша 16
16) 1988 - 1989 жылдары (26 – сәуір) Чернобыль АЭС апат зардабын жоюға қатысқандар;
Тармақша 17
17) Ауғанстандағы соғыс әрекеттеріне қатысқандар, әскерлерді шығару Күніне қарсы (18 - ақпан);
Тармақша 18
18) Чернобыль апаты зардабын жоюға қатысқандар, Ауғанстандағы әскери әрекеттерге қатысқандарға тоқсан сайын емделуге;
Тармақша 19
19) ауданға жолдамамен жұмысқа келген, маман - дәрігерлерге көтерме ақы;
Тармақша 20
20) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайта тұрмыс құрмаған жесірлеріне - Жеңіс Күні қарсаңында;
Тармақша 21
21) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайта тұрмыс құрмаған жесірлеріне, тұрғын үй-коммуналдық қызметіне (ай сайын);
Тармақша 22
22) Чернобыль апаты зардабын жоюға қатысқандар, Ауғанстандағы соғыс әрекеттеріне қатысқандарға қалпына келтіру жұмысына қатысқандар, тұрғын үй коммуналдық қызметіне (ай сайын);
Тармақша 23
23) мүмкіндігі шектеулі балаларға, балаларды қорғау Күні қарсаңында (1 маусым);
Тармақша 24
24) жетім-балалар, балаларды қорғау Күні қарсаңында;
Тармақша 25
25) 18-жасқа дейінгі мүгедек–балалар, ми салымен ауыратын балаларға;
Тармақша 26
26) 18-жасқа дейінгі мүгедек–балалар, ми салымен ауыратын балаларға (тоқсан сайын емделуге);
Тармақша 27
27) жалғызілікті 1-топтағы мүгедектерге тұрғын үйі үшін от жағу қазанын сатып алуға және қоюға;
Тармақша 28
28) аз қамтамасыз етілген отбасылар жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға;
Тармақша 29
29) бас бостандығынан айыру мекемелерінен босаған адамдар;
Тармақша 30
30) жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуде тұрған аз қамтамасыз етілген отбасыларға - жерлеуге;
Тармақша 31
31) жүктілігі бойынша уақытында есепке тұрған, УДЗ мен скринингтен өткен және дәрігердің барлық нұсқауларын орындайтын жүкті әйелдер;
Тармақша 32
32) гемофилия диагнозы бар, мүгедек бала;
Тармақша 33
33) мүгедек-балаларға Қазақстан Республикасы аумағында медициналық мекемелерге екі жаққа барып қайту жолы және тұруына;
Тармақша 34
34) диспансерлік есепте тұрған, толық емдеу курсынан өткен туберкулезбен ауыратындар;
Тармақша 35
35) студент, жоғары оқу орны және аудан әкімі арасында үш жақты келісім шартын жасаған медициналық жоғары оқу орындарының 6 курсында оқитын студенттері;
Тармақша 36
36) Ұлы Отан соғысының қатысушылары;
Тармақша 37
37) "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-нің есебінде тұрған, кадрларды кәсібі даярлау және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыз азаматтар;
Тармақша 38
38) аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасылар балабақшада және мини-орталықтағы балалар үшін ата-аналар төлемдері бойынша шығындарды өтеуге;
Тармақша 39
39) Ұлы Отан соғысына қатысушылар жылу қазандығын сатып алуға және орнатуға;
Тармақша 40
40) 1 жасқа дейінгі жасанды қоректендірілетін балалары бар аз қамтамасыз етілген отбасылар балалар тамағына;
Тармақша 41
41) Ұлы Отан соғысына қатысушылар газетке жазылуға;
Тармақша 42
42) маргиналды топтағы тұлғалар құжаттандырылуға
Тарау 3. 3. Әлеуметтiк төлем және басқа
да әлеуметтiккөмек түрлерiн
тағайындау тәртiбi
3. Әлеуметтiк төлем және басқа
да әлеуметтiккөмек түрлерiн
тағайындау тәртiбi
Тармақ 4
4. Әлеуметтiк төлем және басқа да әлеуметтiк көмек түрлерiн алуға құқылы адамдар үшін тағайындалады:
Тармақша 1
1) 4), 5), 6), 7), 8), 12), 13), 14), 15), 19), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 37), 38), 40), 42) - тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшін - "Жергiлiктi өкiлетті органдар шешiмi бойынша жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтардың әлеуметтiк төлемдері" 451.007.000 бюджеттік бағдарламасы негiзiнде;
Тармақша 2
2) 1), 2), 3), 9), 10), 11), 16), 17), 18), 20), 21), 22), 36), 39), 41) -тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшін - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi, соларға теңестiрiлген адамдарға берілетін жеңiлдiктер мен әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20 бабына сәйкес және "Жергiлiктi өкiлетті органдар шешiмi бойынша жекелеген санаттағы мұқтажды азаматтардың әлеуметтiк төлемдері" 451.007.000 бюджеттік бағдарламасы негiзiнде.
Тарау 4. 4. Әлеуметтiк төлемдердiң
түрлерi және мөлшерi
4. Әлеуметтiк төлемдердiң
түрлерi және мөлшерi
Тармақ 5
5. Нұсқаулықтың 2-тарауының 3-тармағында көрсетiлген азаматтардың санаттарына әлеуметтiк төлемдер мына түрлерi және мөлшері бойынша:
Тармақша 1
1) 1), 9), 10), 16), 17), 23), 24)-тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшiн – 10 000 теңге мөлшерiнде бiр жолғы материалдық көмек;
Тармақша 2
2) 2)-тармақшада 4000 теңге мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек және дәрі-дәрмекті сатып алуға 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде;
Тармақша 3
3) 3)-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн тіс салдыру қызметінің нақты бағасы бойынша бiр жолғы материалдық көмек;
Тармақша 4
4) 4), 14), 34)-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн - 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
Тармақша 5
5) 5)-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн - 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 6 ай бойы бiр жолғы материалдық көмек;
Тармақша 6
6) 6)-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн - 80 000 теңге мөлшерiнде бiр жолғы материалдық көмек;
Тармақша 7
7) 7)-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн - коммуналдық шығынға 15000 теңге мөлшерiнде бiр жолғы материалдық көмек;
Тармақша 8
8) 8)-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн - тоқсан сайын 2 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде бiр жолғы материалдық көмек;
Тармақша 9
9) 11), 33)-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн - қолданған билеттер бағасы;
Тармақша 10
10) 12)-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн - студенттерге сәйкесті оқу орнындағы оқудың нақты кұны есебімен 2008-2009 оқу жылдарына әлеуметтік көмек төленеді;
Тармақша 11
11) 13)-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн - оқу барысы мезгілінде 7000 теңге мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек;
Тармақша 12
12) 15), 25), 30)-тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшiн - 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде бiр жолғы материалдық көмек;
Тармақша 13
13) 18)-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн - 2 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде бiр жолғы материалдық көмек;
Тармақша 14
14) 19)-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн - 80000 теңге мөлшерінде (колледж бітірген медицина қызметкерлеріне), 250000 теңге (АОА дәрігерлері) және 500000 теңге (ауылдық округтерге жолданған дәрігерлер) бiр жолғы материалдық көмек;
Тармақша 15
15) 20), 29)-тармақшаларында көрсетiлген санаттағылар үшiн - 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек және 26), 32)-тармақшадағыларға - 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тоқсан сайын;
Тармақша 16
16) 21), 22)-тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшiн - 2000 теңге мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек.
Тармақша 17
17) 27)-тармақшада көрсетілген санаттағылар ұшін - орындалған жұмыстар актісіне сәйкес, бірақ 45000 теңгеден аспау;
Тармақша 18
18) 28)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін - 90000 теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
Тармақша 19
19)п31)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 12730 теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
Тармақша 20
20) 35)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – 2008-2009 оқу жылының екінші жартыжылдығы бойынша тиісті оқу орындағы нақты оқу құны есебімен жүргізілетін медициналық жоғары оқу орындары студенттеріне интерн келісім шарттарына сәйкес әлеуметтік көмек;
Тармақша 21
21) 36)-тармақшасында көрсетілген санаттағылар үшін – "Качир ауданының құрылыс бөлімі" ММ-мен жасалынған сметаға сәйкес, үйді жөндеуге немесе су құбырын өткізуге арналған бір жолғы материалдық көмек;
Тармақша 22
22) 37)-тармақшасында көрсетілген санаттағылар үшін - кәсіптік дайындау және қайта дайындауды өту кезеңінде 5 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
Тармақша 23
23) 38)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 2400 теңгеден 3800 теңгеге дейінгі мөлшерде 1 балаға ай-сайынғы материалдық көмек";
Тармақша 24
24) 39)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 75000 теңге мөлшерінде жылу қазандығын сатып алуға және орнатуға бір жолғы материалдық көмек;
Тармақша 25
25) 40)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 4470 теңгеден 5960 теңгеге дейінгі мөлшерде ай-сайынғы материалдық көмек;
Тармақша 26
26) 41)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 2010 жылға арналған "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" және "Заря" газеттеріне нақты жазылым бағасы бойынша бір жолғы материалдық көмек;
Тармақша 27
27) 42)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 1000 теңгеге дейінгі мөлшерде бір жолғы материалдық көмек.
Тарау 5. 5. Есеп және есеп беру
5. Есеп және есеп беру
Тармақ 6
6. Әлеуметтiк төлемнiң қаражат шығыны есебiн аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтiк төлем төлеу мәселесi шешiлетiн алғашқы құжаттар (тексеру актi, хаттама, анықтамалар және т.б.құжаттар) ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнде 3 жыл бойы сақталады.
Тармақ 8
8. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнің бухгалтериясы әлеуметтiк төлемге берiлген қаржының жұмсалуы туралы ауданның қаржы бөлiмi алдында есеп бередi.
Тарау 6. 6. Әлеуметтiк төлемдер алуға өтiнiш берушi
ұсынатын қажетті құжаттар тiзiлімі
6. Әлеуметтiк төлемдер алуға өтiнiш берушi
ұсынатын қажетті құжаттар тiзiлімі
Тармақ 9
9. Нұсқаулықтың 2-тарауының 3-тармағында көрсетiлген жекелеген азаматтар санаттарына әлеуметтiк төлемдердi iске асыру үшiн мынадай құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) 1), 9), 10), 16), 17), 20)-тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшiн Качир ауданы бойынша зейнетақы және жәрдемақы тағайындау және төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталығының аудандық филиалы бөлімшесінің және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің салыстырылған тізімдеріне сәйкес есеп шоты көрсетілген өтініш, (немесе жинақ кітапшасының көшірмесі) жеке басы куәлігінің көшірмесі, ҰОС-на қатысушы куәлігінің көшірмесі, Ауған соғысына қатысушы және Чернобыль апаты зардабын жоюға қатысушы куәлігінің көшірмесі, СТН, азаматтарды тіркеу кітабы;
Тармақша 2
2) 2), 14), 21), 22)-тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты көрсетiлген әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, СТН, жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi және алушы статусын растайтын құжат көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
Тармақша 3
3) 3)-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты көрсетiлген әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, СТН, жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi, азаматтарды тіркеу кітабы, медициналық мекемеден шығынын растайтын анықтама;
Тармақша 4
4) 4), 5), 15), 18), 31), 32), 34)-тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты көрсетiлген әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, СТН , жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi, медициналық мекемеден анықтама, азаматтарды тіркеу кітабы;
Тармақша 5
5) 6), 19)-тармақшаларында көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты (жинақ кітапшасының көшірмесі) көрсетiлген әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, СТН, жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi, салалы министрліктерден, департаменттерден, ЖОО-нан жолдама, азаматтарды тіркеу кітабы, кәсіпорыннан маманды жұмысқа алғандығы туралы бұйрық үзіндісі, жеке еңбек шарты;
Тармақша 6
6) 7)-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты (жинақ кітапшасының көшірмесі) көрсетiлген әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, СТН, жеке басы куәлiгiнiң көшірмесі, "Құрметтi азамат" атағын растайтын құжат(немесе аудандық мәслихаттың расталған тізімі), азаматтарды тіркеу кітабы;
Тармақша 7
7) 8)-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты көрсетiлген әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, СТН, жеке басы куәлiгiнiң көшірмесі, материалдық-тұрмыс күнкөріс жағдайын тексеру актісі, азаматтарды тіркеу кітабы, зейнеткер куәлігінің көшірмесі (ең аз мөлшердегi зейнетақы алатын зейнеткерлер үшін немесе МЗТО тізіміне сәйкес);
Тармақша 8
8) 11), 33)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін дербес есеп шоты көрсетілген әлеуметтік төлемге құқылы адамның өтініші, СТР, жеке басы куәлігінің көшермесі және алушы статусын растайтын құжат көшірмесі, қолданылған билет немесе жүрген жолы құнын растайтын құжат, тұру үшін түбіртек, азаматтарды тіркеу кітабы;
Тармақша 9
9) 12), 13), 35)-тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты(жинақ кітапшасының көшірмесі) көрсетiлген әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, СТН, жеке басы куәлiгiнiң көшірмесі, студенттің жоғары оқу орнымен оқуға жасаған шартының көшірмесі, интерн келісім шарттының көшірмесі.
Тармақша 10
10) 23)-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн - Качир психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің салыстырылған тізімдеріне сәйкес дербес есеп шоты (не жинақ кітапшасының көшірмесі) көрсетiлген ата-анасының бірінің (қамқоршының) өтiнiшi, СТН, жеке басы куәлiгiнiң көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы;
Тармақша 11
11) 24)-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн Качир ауданының білім бөлімімен салыстырылған тізіміне сәйкес дербес есеп шоты көрсетiлген қамқоршының немесе баланың мүддесін көрсететін тұлғаның өтiнiшi, СТН, жеке басы куәлiгiнiң көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы;
Тармақша 12
12) 25), 26)-тармақшаларында көрсетiлген санаттағылар үшiн мүгедек баланың ата-анасының біреуінің дербес есеп шоты көрсетiлген өтiнiшi, СТН, жеке басы куәлiгiнiң көшірмесі, мүгедек статусын растайтын құжат, азаматтарды тіркеу кітабы;
Тармақша 13
13) 27)-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты (жинақ кітапшасының көшірмесі) көрсетiлген әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, СТН, жеке басы куәлiгiнiң көшірмесі, тұрғын үй тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, орындалған жұмыс актісі;
бюджеттік қаражаттарды игеру жөнінде уәкілетті органдарға тізім ұсынады:
Тармақша 14
14) 28)-тармақшада көрсетілген осы әлеуметтік төлемге құқығы бар санаттағы тұлғаның дербес есеп шоты көрсетiлген өтініші, (жинақ кітапшасының көшірмесі), СТН, жеке басы куәлігінің көшірмесі, ауылдық округі әкімінің қолдаухаты, тұрғын-үй жағдайын тексеру актісі;
Тармақша 15
15) 29)–тармақшада көрсетілген осы әлеуметтік төлемге құқығы бар санаттағы тұлғаның дербес есеп шоты көрсетiлген өтініші, СТН куәлігінің, жеке басы куәлігінің көшірмесі, бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылғандығы туралы анықтама;
Тармақша 16
16) 30)–тармақшада көрсетілген осы әлеуметтік төлемге құқығы бар санаттағы тұлғаның дербес есеп шоты көрсетiлген өтініші, СТН, жеке басы куәлігінің көшірмесі, жұмыссыз статусын растайтын анықтама, қайтыс болғандығы туралы куәлік, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
Тармақша 17
17) 37)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – дербес есеп шотының нөмірі көрсетiлген осы әлеуметтiк төлемге құқығы бар адамның өтiнiш СТН, жеке басы куәлiгiнiң көшірмелері, жұмыссыз мәртебесін растайтын анықтама, оқуын растайтын құжат;
Тармақша 18
18) 36)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – дербес есеп шотының нөмірі көрсетiлген әлеуметтiк төлемге құқығы бар адамның өтiнiшi, СТН, жеке басы куәлiгiнiң көшірмелері, Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігі, үй жөндеуге немесе су құбырын өткізуге "Качир ауданының құрылыс бөлімі" ММ-мен құрастырылған смета;
Тармақша 19
19) 38)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – дербес есеп шоты көрсетiлген осы әлеуметтiк төлемге құқығы бар адамның өтiнiшi, СТН, жеке басы куәлiгi, азаматтарды тіркеу кітабы, баланың туу туралы куәлігінің көшірмелері, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, ауылдық округ әкімінің және (немесе) мектеп директоры, балабақша меңгерушісінің қолдаухаты;
Тармақша 20
20) 39)- тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – дербес есеп шоты көрсетiлген әлеуметтiк төлемге құқығы бар адамның өтiнiшi, СТН, жеке басы куәлiгi, ҰОС-на қатысқан куәлігінің көшірмелері, "Тереңкөл ауылдық әкімі аппараты" ММ-нің шығындар сметасы";
Тармақша 21
21) 40)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін-дербес есеп шоты көрсетiлген әлеуметтiк төлемге құқығы бар адамның өтiнiшi, СТН, жеке басы куәлiгi, азаматтарды тіркеу кітабы, баланың туу туралы куәлігінің көшірмелері, орталық аудандық аурухана тізімі;
Тармақша 22
22) 41)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін - МЗТО бөлімшесімен салыстырылған тізімге сәйкес;
Тармақша 23
23) 42)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – құжаттануд қажет ететін тұлғалар тізімі қоса берілген ауылдық округ әкімінің қолдаухаты.