Об установлении стоимости разовых талонов на 2009 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылға біржолғы талондардың бағаларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2009 жылға қызметі ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғаларға арналған біржолғы талонның бағасы белгіленсін (қосымша 1).
Тармақ 2
2. 2009 жылға базарда тауарларды сатумен, жұмыстарды орындаумен және қызмет көрсетумен айналысатын жеке тұлғаларға арналған біржолғы талонның бағасы белгіленсін (қосымша 2).
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың ауданның бюджеттік саясаты мен әлеуметтік–экономикалық дамуы бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. 2009 жылға қызметі ара–тұра сипатта болатын жеке тұлғаларға арналған біржолғы талондардың бағалары
2009 жылғы 22 қаңтардағы Осакаров аудандық мәслихатының 12 сессиясының N 108 шешіміне 1 қосымша 2009 жылға қызметі ара–тұра сипатта болатын жеке тұлғаларға арналған біржолғы талондардың бағалары N р/с Біржолғы талон негізінде кәсіпкерлік қызмет түрлері Айлық есептік көрсеткіштен бір күндік талондардың бір күндік бағасы % 1. Бақша дақылдарын сату 13 2. Саяжай және үй жанында өсірілген тірі гүлдерді сату 10 3. Үй жанындағы ауыл шаруашылығы, бау, бау-бақша және саяжай учаскелерінің өнімдерін сату 4 4. Газеттер мен журналдарды сату 7 5. Тұқым, сондай-ақ отырғызу материалдары (тікпе көшет, көшет) 10 6. Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің қызмет көрсетулері 24 7. Жануарлар мен құстардың азықтарын сату 10 8. Үй жануарлары мен құстарын бағу 3 9. Сыпырғыштарды сату 4 10. Орман жидектерін сату 4 11. Бал сату 10 12. Саңырауқұлақтарды сату 4 13. Балық сату 7
Басқа 6. 2009 жылға базарларда тауарларды сатумен, жұмыстарды орындаумен және қызмет көрсетумен айналысатын жеке тұлғаларға арналған біржолғы талондардың бағалары
2009 жылғы 22 қаңтардағы Осакаров аудандық мәслихатының 12 сессиясының N 108 шешіміне 2 қосымша 2009 жылға базарларда тауарларды сатумен, жұмыстарды орындаумен және қызмет көрсетумен айналысатын жеке тұлғаларға арналған біржолғы талондардың бағалары Базардың атауы Мамандандыру Сауда орнының түрі Сауда орнының көлемі шаршы метр Айлық есептік көрсеткіштен 1 шаршы метр алымының мөлшерлемесінің көлемі % 1 2 3 4 5 Осакаров ауданының базарлары Азық- түлік Ет сату орны 3 3,5 Сүт сату орны 2 2,5 Өнеркәсіп Сөреден 2,8 2,5 Қолдан 1,5 2,5