Жылыой ауданы бойынша 2009 жылға тіркелген салық ставкалары туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жылыой ауданы бойынша 2009 жылға тіркелген салық ставкалары туралы Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Салық кодексінің 422 бабының 2 тармағын басшылыққа алып, аудандық мәслихаттың кезекті VIII сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жылыой ауданы бойынша 2008 жылға тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың 19 желтоқсан 2007 жылғы N 3-7 "Жылыой ауданы бойынша 2008 жылға ойын бизнесіне қатысты тіркелген жиынтық салық ставкалары туралы" (мемлекеттік тіркеу саны 4-2-85, 25 қаңтар 2008 жылы 4 "Кең Жылыой" газетінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 8-9 шешіміне қосымша Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 422 бабының 2 тармағына сәйкес 2009 жылға тіркелген салық ставкалары Р/с Салық салынатын объектілердің атауы Тіркелген салық ставкалары бір айға (айлық есептік көрсеткіш) 2009 жылы 1 2 3 1 Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы 4 2 Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы 7 3 Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер 1 4 Ойын жолы 15 5 Карт 6 6 Бильярд үстелі 5 Айлық есептік көрсеткіш – Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес бекітіледі.