Об определении перечня целевых групп населения в Карасуском районе на 2009 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарасу ауданында 2009 жылға арналған халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. 2009 жылға арналған халықтың нысаналы топтарының тiзбесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуды жәрдемдесу жөнiндегі шараларды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ
Басқа 4
Әкімдіктің 2009 жылғы 27 шілдедегі № 163 қаулысына қосымша 2009 жылға арналған халықтың нысаналы топтарының ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. Табысы аз адамдар;
Тармақ 2
2. Жиырма бip жасқа дейінгі жастар;
Тармақ 3
3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
Тармақ 4
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
Тармақ 6
6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалғанда);
Тармақ 7
7. Мүгедектер;
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
Тармақ 9
9. Бас бостандығынан айыру және мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
Тармақ 10
10. Оралмандар;
Тармақ 11
11. Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім оқу орындарының түлектері;
Тармақ 12
12. Жұмыс берушінің-заңды тұлғаның жойылуына не жұмыс беруші-заңды тұлға қызметінің тоқталуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартуына байланысты босатылған адамдар;
Тармақ 13
13. Бес жасқа дейінгі баласы бар ана;
Тармақ 14
14. Елу жастан үлкен адамдар;
Тармақ 15
15. Уәкілетті органының бағдары бойынша кәсіптік оқуды аяқтаған жұмыссыздар;
Тармақ 16
16. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін адамдар (он екі және одан астам ай);
Тармақ 17
17. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастағы жастар;
Тармақ 18
18. Алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі және өтілі жоқ жұмыссыз жастар.