Об организации, объемах, видах и условиях общественных работ на 2009 год Қолданыста
Басқа 0
2009 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, көлемдері, түрлері және жағдайлары туралы
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13), 14) – тармақшалары негізінде Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2009 жылға қоғамдық жұмыстардың көлемдері және түрлері,және жағдайлары, қоғамдық жұмыстар үшін жұмыс орындарын ұсынушы ұйым болып "Көмек-Алтын" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздардың еңбек ақысы аудандық бюджеттен ең төменгі жалақының бір жарым көлемінде белгіленсін.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және "Көмек-Алтын" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын арасындағы қоғамдық жұмыстарды орындауға жасалған қолданыстағы заңнамаға сәйкес келісім шартында көрсетілген талаптарына сәйкес жүргізілсін.
Тармақ 4
4. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі орындалған қоғамдық жұмыстардың сапасына бақылау жүргізсін.
Тармақ 5
5. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 67 "2008 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, түрлері, көлемдері және жағдайлары туралы" қаулысының (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-5-66, 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 11, 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 12, 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 15 "Таза бұлақ-Чистый родник" газеті) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары К.Ғ. Таңқыбаевқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8