Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов на 2009 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2009 жылға арналған квотасын белгілеу туралы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-2)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мүгедектер үшін квота Алтынсарин ауданы бойынша жұмыс орындарының жалпы көлемінен үш пайыз мөлшерінде жұмыс берушілерге белгілеу ұсынылсын.
Тармақ 2
2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М. Қ. Есенбаева) мүгедектердің жұмыс орындарына жұмысқа тұруға квотаға сәйкес жолданылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 8 ақпандағы № 30 "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2008 жылға арналған квотасын белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары К. Ғ. Таңқыбаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.