Аудан бойынша 2009 жылда халықты жұмыспен қамту мәселелері туралы Қолданыста
Басқа 0
Аудан бойынша 2009 жылда халықты жұмыспен қамту мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы “Халықты жұмыспен қамту туралы” заңына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 “Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы” қаулысымен бекітілген “Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне”, “Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібіне” сәйкес аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) 2009 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды жүргізетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен жағдайлары, еңбекақы мөлшерлері, қаржыландыру көздері (1 қосымша);
Тармақша 2
2) 2009 жылы әлеуметтік қорғауға мұқтаж нысаналы топтарға жататын адамдарды жұмысқа алуға тиісті кәсіпорын, мекемелер тізімі және нысаналы топтардың әлеуметтік санаттары, квоталары (2 қосымша);
Тармақша 3
3) 2009 жылға арналған жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктілігін арттыру мен қайта даярлау жүргізілетін мамандық түрлері, адам саны, оқу мерзімі үшін жұмсалатын қаржы (3 қосымша);
Тармақша 4
4) 2009 жылда халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын мекемелер мен кәсіпорындардың тізбесі олардың келісімі бойынша (4 қосымша) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаулыда көрсетілген ақылы қоғамдық жұмыстарды жүргізу, әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға байланысты әлеуметтік төлемдер 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап төленетін болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Аталған шаралардың орындалуы үшін қаржы көзін іздестіру “Бейнеу аудандық қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесіне (М.Нысанбаев) тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулыны оның қосымшаларында көрсетілген мекеме, кәсіпорын басшыларымен келісе отырып орындау “Бейнеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесіне (Б.Өмірбеков) жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қ.Әбілшеев
К.Машырықов
Қ.Бөлтеков
М.Нысанбаев
Қ.Сынабаев
А.Ұлықбанов
М.Көбеген
Қ.Жарасбаева
дайындаған:Б.Өмірбеков