2009 жылға Маңғыстау ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамту үшін кәсіпорын, мекемелер мен ұйымдарға жұмыс орнын белгілеу туралы Қолданыста
Басқа 0
2009 жылға Маңғыстау ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамту үшін кәсіпорын, мекемелер мен ұйымдарға жұмыс орнын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы”, “Халықты жұмыспен қамту туралы ” заңдарын басшылыққа алып, Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2009 жылға Маңғыстау ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамту үшін кәсіпорын, мекемелер мен ұйымдарға қосымшаға сәйкес жұмыс орны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Кәсіпорын, мекемелер мен ұйымдар басшыларына аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жіберілген нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
С.Қайымова
аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
бастығы
«9»02.2009 ж.
_____________________