2009 жылға Маңғыстау ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және олардың көлемдерін бекіту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылға Маңғыстау ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және олардың көлемдерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы”, “Халықты жұмыспен қамту туралы ” заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы “Халықты жұмыспен қамту туралы” N 836 қаулысын басшылыққа алып, Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 2009 жылға Маңғыстау ауданы бойынша ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстарды жүргізетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбек ақысының мөлшері және қаржыландыру көздері бекітілсін /қосымша/.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыс түрлерін ұйымдастыру Маңғыстау ауданының село әкімдеріне және жіберілетін ұйымдарға ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Жұмыссыздардың қоғамдық жұмысқа сұранысына қарай жедел жіберілуін ұйымдастыру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне /С.Қайымова/ міндеттелсін.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмысқа арналған бюджеттік қаржы шығындарын жоспарлау және қаржыландыру аудандық экономика және қаржы бөліміне /Р.Шабикова/ тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.