Құжат мәтініне өту

2009 жылы Теректі ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 75 · қабылданған 12.02.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 26.01.2010 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-44853/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
2009 жылы Теректі ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 75 ·12.02.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

2009 жылы Теректі ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы

ҚАЗ2009 жылы Теректі ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 75 · қабылданған 12.02.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2009 жылы Теректі ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
2009 жылы Теректі ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
75
Қабылданған күні
12.02.2009
Көрсетілген редакция
26.01.2010 · қолданыстағы AI44853_2.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
26.01.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09ZL000074
ЭКБ идентификаторы
44853
Редакция идентификаторы
AI44853_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:47

0 2009 жылы Теректі ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасынының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасын басшылыққа ала отырып, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5 тармақшасы мен 20 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 қаулысын орындау, сонымен қатар аудандық мекемелер мен ұйымдардан түскен сұраныстар мен ұсыныстарға байланысты қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және еңбек нарығындағы жағдайды жақсарту мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудан бойынша аудандық бюджет есебі арқылы қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелер мен ұйымдардың тізімі 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен еңбек ақы көлемі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3 3. "Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелер мен ұйымдардың жетекшілері осы қаулының орындалуы ұсынылсын.

4

4. Аудан әкімдігінің "2008 жылы Теректі ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы" 2008 жылғы 20 наурыздағы N 100 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-12-55 тіркелген және 2008 жылдың 25 сәуірдегі "Теректі жаңалығы-Теректинская новь" газетінің N 19 жарияланған) және аудан әкімдігінің 2008 жылғы 15 тамыздағы N 220 "Теректі ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы "2008 жылы Теректі ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы" N 100 қаулысына толықтырулар енгізу туралы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-12-65 тіркелген және 2008 жылдың 26 тамыздағы "Теректі жаңалығы-Теректинская новь" газетінің N 49 жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Кадыров Әділбек Жаныбекұлына жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

7 Аудан бойынша аудандық бюджет есебі арқылы қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелер мен ұйымдардың тізімі

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 12 ақпандағы
N 75 қаулысымен бекітілген
N 1-қосымша
Аудан бойынша аудандық бюджет есебі
арқылы қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар
жүргізілетін мекемелер мен ұйымдардың
тізімі

1 1. Теректі ауданының Әділет басқармасы - 1 адам;

2 2. Теректі ауданының ішкі істер бөлімі - 1 адам;

3 3. Теректі аудандық соты - 2 адам;

4 4. Теректі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі - 2 адам;

5 5. Теректі ауданының аумақтық инспекциясы - 1 адам;

6 6. Теректі ауданының "Луч" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны - 1 адам;

7 7. "Батыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөнендегі орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының Теректі аудандық филиалының басқармасы - 1 адам;

8 8. Теректі ауданын мұрағат бөлімі - 1 адам;

9 9. Селолық округтер әкімі аппаратары - 274 адам;

9.1 9.1. Ақжайық селолық округі - 52 адам;

9.2 9.2. Ақсуат селолық округі - 10 адам;

9.3 9.3. Ақсоғым селолық округі - 18 адам;

9.4 9.4. Аңқаты селолық округі - 22 адам;

9.5 9.5. Богдановка селолық округі - 5 адам;

9.6 9.6. Долинное селолық округі - 15 адам;

9.7 9.7. Көнеккеткен селолық округі - 7 адам;

9.8 9.8. Новопавловка селолық округі - 2 адам;

9.9 9.9. Подстепное селолық округі - 20 адам;

9.10 9.10. Покатиловка селолық округі - 6 адам;

9.11 9.11. Приречное селолық округі - 6 адам;

9.12 9.12. Придорожное селолық округі - 5 адам;

9.13 9.13. Төңкеріс селолық округі - 8 адам;

9.14 9.14. Ұзынкөл селолық округі - 16 адам;

9.15 9.15. Федоровка селолық округі - 57 адам;

9.16 9.16. Шағатай селолық округі - 5 адам;

9.17 9.17. Шалқар селолық округі - 10 адам;

9.18 9.18. Шаған селолық округі - 10 адам;

10 10. Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі - 2 адам;

11 11. Теректі ауданы бойынша Салық комитеті - 1 адам;

12 12. Теректі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі – 1 адам;

13 13. Теректі ауданының жер қатынастары бөлімі - 1 адам;

14 14. Теректі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі - 1 адам;

15 15. "Батыс Қазақстан облыстық судан қүтқару қызыметі" - 2 адам;

41 Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен еңбек ақы көлемі

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 12 ақпандағы
N 75 қаулысымен бекітілген
N 2-қосымша
Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен еңбек ақы көлемі
N
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Еңбек ақы (айына) теңге
Қаржыландыру көзі
1.
Аумақты көгалдандыру, көркейту және тазалау, саябақтар шаруашылығын сақтау және дамыту жұмыстарына көмектесу. Республикалық және облыстық компаниялар өткізуге (қоғамдық пікірлерді сұрау, санақ жүргізу), жергілікті тұрғындардан салықтар жинау кезінде забарлама тасуға, жарыстар мен фестивальдар өткізуге, ағымды жөндеуге, тарихи-сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру, лагерь аумағын жинастыруға, малдар мен өсімдіктерді зиянкестер мен ауруларға қарсы аталған мерзім ішінде жаппай тексеруден өткізуге, уақытша және маусымдық жұмыс мезгілінде және қызметтің өзге түрлеріне көмек көрсету.
Қазақстан Республи-
касының қолда-
ныстағы заңнама-
сымен тиісті жылға белгі-
ленген жалақының ең төменгі мөлшері
Жергілікті бюджет
2
Құрылыс, жолдарды жөндеу және қалпына келтіру, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандарды күрделі жөндеу, қарттар мен І,ІІ топтағы мүгедектердің тұрғын үйлерін жөндеуден өткізу жұмыстарына көмек қолын ұсыну.
Қазақстан Республи-
касының қолда-
ныстағы заңнама-
сымен тиісті жылға белгі-
ленген жалақының ең төменгі мөлшері
Жергілікті бюджет