О перечне лиц, относящихся к целевым группам населения на 2009 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылға арналған халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғалардың тізбесі туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Халықтың нысаналы топтары болып мынадай санаттар анықталсын:
Тармақша 1
1) табысы аз адамдар;
Тармақша 2
2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 3
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
Тармақша 6
6) мүгедектер;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
Тармақша 8
8) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
Тармақша 9
9) оралмандар;
Тармақша 10
10) ұзақ жұмыс істемеген адамдар (он екі айдан аса);
Тармақша 11
11) жұмыссыздар ретінде жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда тіркелген елу жастан жоғары адамдар;
Тармақша 12
12) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
Тармақша 13
13) алған мамандығы бойынша жұмыс өтілі және тәжірибесі жоқ жастар;
Тармақша 14
14) курстық дайындық бойынша оқуды бітірген жұмыссыздар;
Тармақша 15
15) білім беру орындарының түлектері;
Тармақша 16
16) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім ұйымдарының түлектері;
Тармақша 17
17) заңды тұлға – жұмыс берушінің жойылуына, немесе жеке тұлға – жұмыс беруші қызметінің тоқтатылуына, қызметкерлер саны немесе штаттың қысқартылуына байланысты босатылғандар адамдар;
Тармақша 18
18) толық емес жұмыс күні тәртібінде қамтылған адамдар.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.