Об организации льготного проезда на общественном транспорте по маршруту "Город - дачи" для отдельных категорий граждан города Экибастуза на 2009 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылға Екібастұз қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының "Қала - саяжай" бағыты бойынша қоғамдық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жол жүру шығынын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бап 1-тармақ 14-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабына, Екібастұз қалалық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы (IV шақырылған кезекті XI сессия) "Екібастұз қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы" № 129/11 шешіміне сәйкес, әрі және қала азаматтарының жекеленген санаттарына "Қала - саяжай" қоғамдық жолаушылар көлігінде жол жүру шығындарын өтеу мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1."Қала - саяжай" бағыты бойынша қоғамдық жолаушылар көлігінде тегін жүру құқына мына санаттағы азаматтар ие болатыны белгіленсін:
Тармақша 1
1) жасына байланысты зейнеткерлер;
Тармақша 2
2) 3-топтағы мүгедектер.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген азаматтар тегін жол жүру құқығын белгілеу үшін кондукторға (бақылаушыға) міндетті түрде келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
Тармақша 1
1) жасына байланысты зейнеткерлер үшін-зейнеткерлік куәлігі;
Тармақша 2
2) 3-топтағы мүгедектер үшін - мүгедектік куәлігі.
Тармақ 3
3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" (С. Арыстанов), "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі" (Л. Векшина) мемлекеттік мекемелері "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Екібастұз диспетчерлік қызмет орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен (М. Мұхамеджанов), әрі қоғамдық жолаушылар көлігінде "Қала - саяжай" бағыты бойынша тасымалдауды жүзеге асыру конкурсында жеңіп шыққан, әрі жолаушылар көлігінде жолаушыларды тасымалдауды іске асыратын кәсіпорынмен (бұдан әрі - Кәсіпорын) бірлесіп айына бір рет қоғамдық жолаушылар көлігінде жекеленген санаттағы жолаушы азаматтар ағынының мониторингісін жүргізсін.
Тармақ 4
4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С. Арыстанов):
Тармақша 1
1) Кәсіпорынмен жекеленген санаттағы азаматтарды "Қала - саяжай" бағыты бойынша қоғамдық жолаушылар көлігінде тасымалдау бойынша қызмет көрсету туралы келісімшарт жасасын;
Тармақша 2
2) Кәсіпорынға ақысыз жол жүру өтемі осы мониторинг негізінде Кәсіпорынның есеп шотына ақшалай қаражат аудару жолымен шығынын өтеуді жүргізсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі және "Қала - саяжай" бағыты бойынша тасымалдауды іске асыру сәтінен туындайтын құқықтық қатынаста таратылады.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н. Дычкоға жүктелсін.