Қолданыстағы ред. 27.01.2009

2009 жылға Түпқараған ауданы бойынша жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін нысаналы топтарды анықтау туралы от 27.01.2009 г. № 19 (2009 жылға Түпқараған ауданы бойынша жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін нысаналы топтарды анықтау туралы)

0

2009 жылға Түпқараған ауданы бойынша жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін нысаналы топтарды анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басұару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қарашадағы № 1114 Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудан әкімдігі қаулы етеді:

1

1. 2009 жылға Түпқараған ауданы бойынша жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуға жірдемдесу үшін нысаналы топтар қосымшаға сәйкес анықталсын.

2

2. Шаруашылық субъектілерінің басшыларына нысаналы топқа жататын жұмыссыз адамдарды Түпқараған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамалармен жұмысқа қабылдауға ұсыныс жасалсын.

3

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Жарылғаповаға жүктелсін.

4

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Жарылғапова О.Б.
Қани С.Қ
Аудандық экономика және бюджетті
жоспарлау бөлімінің бастығы
27.01.2009 жыл
Шүкірбаева Д.С
Аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы
27.01.2009 жыл

5

Түпқараған ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 27 қаңтардағы
№ 19 қаулысына Қосымша
2009 жылға Түпқараған ауданы бойынша жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін нысаналы топтар.

Нысаналы топтардың атауы
1
Табысы аз адамдар
2
29 жасқа дейінгі жастар
3
Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар
4
Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты, көп балалы ата-аналар
5
Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар
6
Зейнеткерлік жастың алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған)
7
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдары
8
Бас бостандығынан айыру және (немесе ) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар
9
Оралмандар
10
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдары
11
Ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмысы жоқ адамдар
12
Мүгедектер (жалпы есебінен 3 пайыздық мөлшерде мүгедектерге жұмыс орнының )