Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости и социальной защите в 2009 году Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халықтың нысаналы тобын және 2009 жылы олардың жұмыспен қамтылуы мен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды анықтау туралы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5, 7 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148–II Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысы сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Келесi санаттағы халықтың нысаналы топтары анықталсын:
Тармақша 1
1) табысы аз адамдар;
Тармақша 2
2) жиырма бiр жасқа дейiнгi жастар;
Тармақша 3
3) балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата–ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар;
Тармақша 6
6) зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екi жыл қалған);
Тармақша 7
7) мүгедектер;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар;
Тармақша 9
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
Тармақша 10
10) оралмандар жатады;
Тармақша 11
11) ұзақ уақыт жұмыс iстемеген азаматтар (бiр жылдан артық);
Тармақша 12
12) келешегi жоқ жастағы тұлғалар (елу жастан асқандар);
Тармақша 13
13) бастауыш, орта бiлiм беру және курстық дайындық оқу мекемелерiнiң түлектерi, жұмыссыз жастар, жұмыс тәжірибесіз өткен жылдардың түлектері;
Тармақша 14
14) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
Тармақша 15
15) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.
Тармақ 2
2. "Ұзынкөл ауданының еңбекпен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң бастығына:
Тармақша 1
1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың уақытша жұмыспен қамтылуын және кәсiптiк дайындығын анықтау жөнiндегi шараларды қолдансын;
Тармақша 2
2) халықтың нысаналы топтарына жатанын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудi қамтамсыз етсiн;
Тармақша 3
3) халықтың нысаналы топтарына жатанын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға бақылау жасауды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуынын бақылауы Ұзынкөл ауданы әкiмiнiң орынбасары М.В.Слесарьға жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.