Құжат мәтініне өту

2009 жылға көшіп келу квотасы бойынша Жамбыл облысына келетін оралмандарды қабылдау мен орналастыруды ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 58 · қабылданған 26.02.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 29.04.2010 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-45181/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
2009 жылға көшіп келу квотасы бойынша Жамбыл облысына келетін оралмандарды қабылдау мен орналастыруды ұйымдастыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 58 ·26.02.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

2009 жылға көшіп келу квотасы бойынша Жамбыл облысына келетін оралмандарды қабылдау мен орналастыруды ұйымдастыру туралы

ҚАЗ2009 жылға көшіп келу квотасы бойынша Жамбыл облысына келетін оралмандарды қабылдау мен орналастыруды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 58 · қабылданған 26.02.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2009 жылға көшіп келу квотасы бойынша Жамбыл облысына келетін оралмандарды қабылдау мен орналастыруды ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
2009 жылға көшіп келу квотасы бойынша Жамбыл облысына келетін оралмандарды қабылдау мен орналастыруды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
58
Қабылданған күні
26.02.2009
Қолданысқа енгізілген күні
18.04.2009
Көрсетілген редакция
29.04.2010 · қолданыстағы 45181_185590.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
29.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09G0001722
ЭКБ идентификаторы
45181
Редакция идентификаторы
45181_185590
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:39

0 2009 жылға көшіп келу квотасы бойынша Жамбыл облысына келетін оралмандарды қабылдау мен орналастыруды ұйымдастыру туралы

"Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының , "Оралмандардың 2009-2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы № 690 Жарлығының негізінде және "Оралмандардың 2009 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қаңтардағы № 32 қаулысын іске асыру мақсатында Жамбыл облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1 1. 2009 жылға арналған оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша шет елдерден Жамбыл облысына көшіп келетін 1800 оралман отбасылары аудандар мен Тараз қаласына қоныстандырылсын.

2 2. "Көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):

1 1) оралмандарды қабылдауды, оларға қолданыстағы заңнамаларға сәйкес үй-жай алуға, біржолғы жәрдемақылар төлеуге және көлік шығындарын өтеуге республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен төлемдер төлеуді қамтамасыз ету;

2 2) көршілес шет елдердегі қазақ мәдени орталықтарымен байланыса отырып, Жамбыл облысына бөлінген көшіп келу квотасы бойынша өз ыхтиярымен облысқа көшіп келетін ұлты қазақ адамдардың көшіп келуін ұйымдастыру ұсынылсын.

3

3. Аудандар мен Тараз қаласы әкімдері оралмандар отбасыларын елді мекендерге орналастыруды қамтамасыз етсін, қажет болған жағдайда оларға тұрғын үй салу және шаруа қожалықтарын ұйымдастыру үшін жер телімдерін бөліп, оралмандарды еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптерге даярлау мен қайта даярлауды, еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамтуды ұйымдастырсын.

4

4. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) оралмандарды қабылдау кезінде, жол жүріп келе жатқанда және облыс аумағындағы тұрғылықты жерінде олардың жеке басы мен мүліктік қауіпсіздігін, заңда белгіленген тәртіппен уақытылы тіркеуді және орналасқан жерінде тұруға және Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға рұқсат беретін қажетті құжаттардың берілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.

5

5. "Жамбыл облысы әкімиятының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі оралмандар балаларының шетелде алған білімі туралы құжаттарын зерделеуді жүзеге асырсын, қажет болған жағдайда олардың білімінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін оларды қысқартылған мерзімді өтпелі оқу жоспарлары бойынша қосымша оқытуды ұйымдастырсын.

6 6. "Жамбыл облысы әкімиятының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі көшіп келген оралмандардың Қазақстан Республикасы азаматтарымен бірдей жалпы негізде медициналық тексерілуін және науқастарының емделуін қамтамасыз етсін.

7

7. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) және "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Жамбыл облыстық филиалына (келісім бойынша) "Жамбыл облысы әкімиятының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес көшіп келген оралмандарға зейнетақы және жәрдемақы тағайындау бойынша жұмыстарды жүргізу ұсынылсын.

8 8. "Жамбыл облысы әкімиятының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыс халқын оралмандарды орналастыру бойынша жүргізіліп отырған жұмыстар жөнінде хабардар етсін.

9

9. "Көшіп келу квотасы бойынша Жамбыл облысына келетін оралмандарды қабылдау мен орналастыруды ұйымдастыру туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 29 мамырдағы № 188 қаулысының ((нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1706 болып тіркелген, 2008 жылдың 15 шілдесінде № 117 "Ақ жол" және № 106 "Знамя труда" облыстық газеттерінде жарияланған), "Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 29 мамырдағы "2008 жылғы көшіп келу квотасы бойынша Жамбыл облысына келетін оралмандарды қабылдау мен орналастыруды ұйымдастыру туралы" № 188 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 396
қаулысымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1720 болып тіркелген, 2009 жылдың 12 ақпанында № 25-26 "Ақ жол" және № 25 "Знамя труда" облыстық газеттерінде жарияланған) өзгерістер енгізілді)) күші жойылды деп танылсын.

10 10. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

11 11. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және
әлеуметтік қорғау комитетінің Жамбыл облысы
бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау
департаменті" мемлекеттік мекемесінің директоры
Ә. Тұрысов
27 ақпан 2009 жыл
"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
М. Жаманбаев
27 ақпан 2009 жыл
"Көші–қон комитетінің Жамбыл облысы
бойынша департаменті"
мемлекеттік мекемесінің директоры
Қ. Тоқтағұлов
27 ақпан 2009 жыл
"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
Министрлігінің мемлекеттік зейнетақы
төлеу орталығы" республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының Жамбыл облыстық
филиалының директоры
А. Аймағамбетов
27 ақпан 2009 жыл