2009 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 және 20 баптарының негізінде, сондай-ақ "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2009 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі № 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. 2009 жылға арналған қоғамдық жұмыс түрлері, көлемі мен нақты жұмыс жағдайлары, қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныстар мен ұсыныстар № 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. "Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ш. Қосалов), ауылдық округтердің әкімдері азаматтарды қоғамдық жұмысқа тартқан кезінде нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды ескерсін.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы "2009-2011 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңымен белгіленген ең төменгі жалақы көлемінің 1,5 еселенген мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 5
5. "Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б. Әліпбаев) қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Іңкәрбековке жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. "КЕЛІСІЛДІ" "Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Жолдас Бақытжан Жолдасұлы "__" ақпан 2009 жыл "Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің Т. Рысқұлов аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы полиция подполковнигі Исабеков Бақберген Айтжанұлы "___" ақпан 2009 жыл
Басқа 8. 2009 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы аймақтардағы ұйымдардың ТІЗБЕСІ
Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 125 қаулысына № 1-қосымша 2009 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы аймақтардағы ұйымдардың ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. "Т. Рысқұлов ауданы Құлан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 2
2. "Т. Рысқұлов ауданы Луговой округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 3
3. "Т. Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 4
4. "Т. Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 5
5. "Т. Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 6
6. "Т. Рысқұлов ауданы Новосель ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 7
7. "Т. Рысқұлов ауданы Ақыртөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 8
8. "Т. Рысқұлов ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 9
9. "Т. Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 10
10. "Т. Рысқұлов ауданы Құмарық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 11
11. "Т. Рысқұлов ауданы Өрнек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 12
12. "Т. Рысқұлов ауданы Тереңөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 13
13. "Т. Рысқұлов ауданы Абай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 14
14. "Т. Рысқұлов ауданы Көгершін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 15
15. "Т. Рысқұлов ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 16
16. Т. Рысқұлов ауданы әкімінің "Құлан-Тазалық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
Тармақ 17
17. "Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 18
18. "Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 19
19. "Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 20
20. "Жабыл облысы ішкі істер департаментінің Т. Рысқұлов аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 21
21. Т. Рысқұлов ауданы әкімиятының "Жасыл-Құлан" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
Басқа 30. 2009 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 125 қаулысына № 2-қосымша 2009 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру № Жұмыс түрлері Нақты жұмыс түрлері Көлемі Қаржы көздері Сұраныс Ұсыныс 1 Аудан аумағын экологиялық сауықтыру (көріктендіру көгеріштендіру және тазалық жұмыстары) 1. Арық тазалау 2. Күл-қоқыс шығару 3. Жол құрылысы және жөндеу 4. Гүл егу жұмыстары және гүлзарларды күту 5. Тал егу 6. Күзету, суға- ру, күту және ретке келтіру 7. Тал түбін әктеу 8. Бағана сырлау, әктеу 9. Насихат тақталарын жаңалау, сырлау 80 шақырым 2500 тонна 25 шақырым 2500 м2 60 000 түп 750 гектар 40 000 түп 3200 дана 350 м2 Жергі- лікті бюджет 190 190 2 "Жасыл ел" бағдарламасы және ауыл әкімдерінің ұйымдастыруы- мен егілген талдардың сақталуын қамтамасыз ету Күзету, суғару, күту және ретке келтіру 180 гектар Жергі- лікті бюджет 30 30 3 Республикалық және аймақтық науқандар өткізу шараларына қатысу 1. Сауалнама жүргізу 2. Сайлау, санақ жұмыстарына жәрдемдесу 3. Басқа да жұмыстар Қажеттілі- гіне сәйкес Жергі- лікті бюджет 10 10 4. Бюджеттік мекемелердегі қысқа мерзімге дайындауға қатысу, соғыс ардагерлерімен мүгедектерге, жалғызбасты қарттарға жәрдемдесу 1. Ағымды жөндеу 2. Отын дайындау 3. Аулаларды ретке келтіру Қажеттілігіне сәйкес Жергі- лікті бюджет 16 16 5 Барлығы 246 246