О выплате единовременной материальной помощи на развитие личного подворья малообеспеченным лицам (семьям), проживающим в сельской местности города Экибастуза на 2009 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларға (отбасыларына) жеке шаруашылығын дамыту үшін 2009 жылға біржолғы материалдық көмек беру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бап 1-тармақ 14) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы (IV шақырылған кезекті XI сессия) "Екібастұз қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы" № 129/11 шешімін орындауда, аз қамтамасыз етілген тұлғаларды (отбасыларын) қолдау мақсатында, әрі ауылдық округ тұрғындарының жеке шаруашылығын дамыту үшін қаражаттың жеткіліксіздігін ескере келіп, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларға (отбасыларына) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек тағайындау бойынша қоса беріліп отырған комиссия құрамы (бұдан әрі – Комиссия) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтамасыз етілген тұлғалардың (отбасылардың) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек алу құқығы белгіленсін.
Тармақ 3
3. Жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек алу үшін "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды тапсыру қажет:
Тармақша 1
1) материалдық көмекті пайдалану мақсаты туралы өтініш;
Тармақша 2
2) аз қамтамасыз етілген отбасы мәртебесін куәландыратын анықтама;
Тармақша 3
3) азаматтарды тіркеу кітабінің көшірмелері;
Тармақша 4
4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (көшірме);
Тармақша 5
5) жеке куәлігі (көшірме);
Тармақша 6
6) "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі есеп шоты.
Тармақ 4
4. Жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек Комиссияның шешімімен тағайындалады.
Тармақ 5
5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі қаланың 2009 жылға арналған жылдық бюджеті аясында біржолғы материалдық көмекті қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А. Құрмановаға жүктелсін.
Басқа 14. Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларға (отбасыларына) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек тағайындау жөніндегі комиссия Құрамы
Екібастұз қаласы әкімдігінің 17 наурыздағы 2009 жылғы № 141/3 қаулысына қосымша Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларға (отбасыларына) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек тағайындау жөніндегі комиссия Құрамы Сансызбай Сапарұлы Төлеубаев Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; Серік Әубәкішұлы Арыстанов "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары; Айгүл Мұратқызы Төлегенова "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік көмек секторының меңгерушісі, комиссия хатшысы; Комиссия мүшелері: Болат Қайыржанұлы Құспеков "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы; Кенжебек Дүйсенбайұлы Дүйсенбаев "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы; Әлия Көкішқызы Базарбаева "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары