Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2009 года Қолданыста
Басқа 0
Мерзімдік әскери қызметіне 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 01 сәуірдегі № 779 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан- желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы", жарлығын орындауда Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан желтоқсанында азаматтарды мерзімдік әскери қызметке шақыруды қамтамасыз етуді жүргізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. "Қамысты орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының бес дәрігері (келісім бойынша) аудандық әскерге шақыру комиссиясын дәрігер-мамандармен, сондай-ақ шақырылатын азаматтарды сапалы медициналық куәландыру үшін қажетті құралдармен және мүлікпен толықтырсын, аудандық ауруханада кезектен тыс амбулаториялық және стационарлық тексерілу үшін жағдайлар жасасын.
Тармақ 3
3. Селолық округтер мен селолар әкімдері, кәсәпорындар мен мекемелер басшылары:
Тармақша 1
1) шақыруға жататын азаматтарды (демалыс) іс-сапардан, қайта шақырылсын және оларға хабарлап шақыру участогіне уақытындакелуін ұйымдастырсын.
Тармақша 2
2) мерзімдік әскериқызметті өтеу үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрлымдарына жіберілген, әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу жөнінде іс-шаралар ұйымдастырылсын.
Тармақ 4
4. "Қамысты ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскерге шақыру жүргізу және командаларды жөнелту кезінде:
Тармақша 1
1) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтараған тұдғаларды іздестіру, ұстауды жүргізсін, іздестіру, жеткізу және ұстау жөніндегі шығыстарды төлеуді осы тұлғалардың есебінен жүргізсін.
Тармақша 2
2) жиналу пункітінде әскерге шақырылущылар арасында қоғамдық тәртіпті қалпында сақтау үшін" Қостанай облысы Қамысты ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру пункітіне әскерге шақырылушыларды жеткізу үшін автокөлік бөлу ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Кәсіпорындар, ұйымдар басшыларына селолық округтер мен селолар әкімдерінің тапсырыстары бойынша "Қостанай облысы Қамысты ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру пункітіне әскерге шақырылушыларды жеткізу үшін автокөлік бөлу ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне азаматтарды даярлау және әскерге шақыруды жүргізу үшін 1 адам санында техникалық қызметкер таңдап алынсын.
Тармақ 7
7. Әскерге шақыру учаскесіне жұмыс істеу үшін жіберілген әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің, техникалық және басқа қызмет көрсетуші адамдардың осы міндеттерді орындаудың барлық уақытында осы лауазымды тұлғалар жіберілген ұйымдарда және кәсіпорындарда орташа еңбекақысы, жұмыс орны және алып отырған лауазымы сақталсын.
Тармақ 8
8. Тауарлар мен кызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес жүргізілсін.
Тармақ 9
9. "Қамысты ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі әскерге шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс- шараларды" бағдарламасы бойынша Қамысты ауданы әкімдігінің қаржыландыру жоспарында қарастырылған қаржат есебінен жүзеге асырсын. Қамысты ауданы әкімдігінің қаржыландыру жоспарында қарастырылған қаражат есебінен жүзеге асырсын.
Тармақ 10
10. "Қостанай облысы Қамысты ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім" мемлекеттік мекемесінің бастығы атқарылған жұмыстар туралы 2009 жылдың 25 маусымынан және 25 желтоқсанына Қамысты ауданы әкім аппаратын хабардар етсін.
Тармақ 11
11. Қамысты ауданы әкімдігінің 2008 жылы 7 сәуірдегі № 72 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрамаларына 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан- желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысының күші жойылды деп есептелсін (тіркеу нөмірі № 9-11-72 аудандық 2008 жылғы 9 мамырдағы № 21 "Новый путь- Бозторғай" газетінде жарияланған).
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің орынбасары Килибаева Алмата Амантаевичке жүктелсін.
Тармақ 13
13. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2009 жылғы сәуірден бастап қолданысқа таратылады.