Об определении целевых групп населения в Житикаринском районе на 2009 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылға арналған Жітіқара ауданындағы халықтың мақсатты топтарын белгілеу туралы Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына, 7 бабы 2) тармақшасына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жұмысқа орналасуға көмектесу үшін 2009 жылға арналған Жітіқара ауданындағы халықтың мақсатты топтары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға көмекті қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Әкімдік қаулысы оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткенінен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
2009 жылғы 25 наурыздағы № 165 әкімдік қаулысына қосымша Жұмысқа орналасуға көмектесу үшін 2009 жылға арналған Жітіқара ауданындағы халықтың мақсатты топтары
Тармақ 1
1. Тұрмысы төмендер.
Тармақ 2
2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
Тармақ 3
3. Жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйлерінің тәрбиеленушілері және ата-ананың қамқорлығысыз қалған балалар мен жетім балалар.
Тармақ 4
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуші жалғыз басты, көп балалы ата - аналар.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленгендей тәртіпте қарамағындағыларға көмекті және тұрақты күтімді қажет етеді деп танылғандары бар азаматтар.
Тармақ 6
6. Зейнеткерлік алды жасындағылар (жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалғандар).
Тармақ 7
7. Мүгедектер.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарынан босатылған тұлғалар.
Тармақ 9
9. Мәжбүрлеп емдеуден және (немесе) бас бостандығынан айыру орынынан босатылған тұлғалар.
Тармақ 10
10. Оралмандар.
Тармақ 11
11. Ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеген азаматтар (жыл және одан да көп).
Тармақ 12
12. Елу жастан асқандар.
Тармақ 13
13. Кәсіби білімдері бар бастауыш, орта және жоғары бағдардамаларды жүзеге асыратын, оқу орындарының түлектері.
Тармақ 14
14. Қостанай облысы бойынша тиісті кезеңіне белгіленгендей азық - түлік себеті құнынан аспайтын табысы бар толық емес отбасылар.
Тармақ 15
15. Жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады.
Тармақ 16
16. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.