Об определении предприятия и видов общественных работ для привлечения лиц, осужденных к общественным работам в 2009 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сотталған тұлғаларды 2009 жылы қоғамдық жұмыстарға тарту үшін кәсіпорынды және қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42-бабын, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 30, 33-баптарын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сотталған тұлғаларды 2009 жылы қоғамдық жұмыстарға тарту үшін кәсіпорын Рудный қаласы әкімдігінің "Рахат" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны белгіленсін.
Тармақ 2
2. Сотталған тұлғаларды 2009 жылы қоғамдық жұмыстарға тарту үшін жұмыс түрі аумақты абаттандыру, жайларды жинау, жүк тиеу-түсіру жұмыстары болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Рудный қаласы әкімдігінің "Сотталған тұлғаларды 2008 жылы қоғамдық жұмыстарға тарту үшін қоғамдық жұмыстардың түрлерін және кәсіпорындар тізбесін анықтау туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы № 945 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі нөмірі 9-2-110, 2008 жылғы 24 маусымда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған) күшін жойды деп саналсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.Е. Қосаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.