Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қолданыста
Басқа 0
Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар, 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының қатарына мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
Тармақ 2
2. Әскери қызметке шақыру жұмысын жүргізу үшін төмендегі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:
Ошақбаев Бақытжан Қаратайұлы
-аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша)
Темірбеков Аян Мырзахметұлы
- аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Алимкулов Мурат Алимкулович
-аудандық ішкі істер бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы
(келісімі бойынша)
Орынбеков Жұмахан
-аудандық аурухананың дәрігері, дәрігер-медициналық комиссияның төрағасы (келісімі бойынша)
Түкібай Сәбира
-аудандық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша)
Тармақ 3
3. Аудандық медицина бірлестігі (Ш. Құрманбекова – келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) дәрігерлік комиссия құрамын қажетті мамандармен қамтамасыз етіп, комиссия жұмысы біткенге дейін дәрігерлер мен медбикелер негізгі жұмыс орындарынан босатылсын және жұмыс орны мен лауазымы сақталсын. Әскери дәрігерлік комиссияның жұмысы Отырар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде өтеді. Жұмыс уақыты күнделікті сағат 9.00- ден 18,00-ге дейін. Демалыс күндері сенбі жексенбі.
Тармақша 2
2) әскери дәрігерлік комиссияның қажетті құралдармен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуін ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) дәрігерлік комиссиядан емделуге жолдама алған азаматтарды ауруханада жедел стационарлық тексеруден өткізу, табылған ауруды емдеп, оларды келесі мерзімге дайындау жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) жастарды диспансерлік және амбулаториялық картасы бойынша есепте тұратын әскери қызметке жататын жастардың тізімін Отырар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тапсыру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Отырар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Б. Ошақбаев – келісімі бойынша) әскери қызметке шақырылған азаматтарды дәрігерлік комиссиядан және флюрографиялық тексеруден өткізу кестесін жасау ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Аудандық ішкі саясат бөлімі (А. Темірбеков) әскер қатарына шақыру орындарында жастар арасында әскери патриоттық, интернационалдық тәрбие жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 6
6. Аудандық ішкі істер бөліміне (Қ. Жандарбеков -келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру қағазына келмей жүрген азаматтарды іздеп тауып, әскери дәрігерлік комиссияға жеткізілуін;
Тармақша 2
2) әскери қызметке шақырылған азаматтардың облыстық әскери дәрігерлік комиссияға бару қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 7
7. "Мұқтарәлі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (директоры - Ж. Әлиев, келісімі бойынша) әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдау үшін аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тапсырысы бойынша техникалық ақаусыз автобустармен қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Асылбекке жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
аудандық Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы
07.04.2009 жыл Ошақбаев Бақытжан Қаратайұлы
аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
07.04.2009 жыл Жандарбеков Қажымұқан
аудандық ішкі істер
бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік
бөлімшесінің бастығы
07.04.2009 жыл Алимкулов Мурат Алимкуливич
аудандық медицина
бірлестігінің бастығы
07.04.2009 жыл Құрманбекова Шахаризада Мамытқызы
" Мұқтарәлі" ЖШС директоры
07.04.2009 жыл Әлиев Жаңабай Әметұлы