Құжат мәтініне өту

2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңдегі іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы

Қаулы · № 170 · қабылданған 06.04.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.04.2010 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-45637/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңдегі іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 170 ·06.04.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңдегі іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы

ҚАЗ2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңдегі іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 170 · қабылданған 06.04.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңдегі іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы
Атауы (қаз.)
2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңдегі іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
170
Қабылданған күні
06.04.2009
Көрсетілген редакция
03.04.2010 · қолданыстағы 45637_215855.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
03.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09LH000087
ЭКБ идентификаторы
45637
Редакция идентификаторы
45637_215855
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:28

0 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңдегі іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы

"Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19 бабына сәйкес және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі Жарлығының 3-тармағының талаптарын орындау мақсатында Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан – желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы республикалық Ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыру "Сырдария ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы ұйымдастырылсын.

2 2. 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі аудандық комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3 3. Тереңөзек кенті және ауылдық округі әкімдері мерзімді әскери қызметке шақырылғандардың қорғаныс істері жөніндегі бөлімге ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз ету және оларды салтанатты жағдайда шығарып салу жөнінде шаралар қабылдасын.

4 4. "Сырдария аудандық емханасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):

1 1) шақырылғандарды медициналық куәландырудан өткізуді ұйымдастыру үшін білікті маман дәрігерлер мен аяжандардың қажетті санын бөлу;

2 2) қажетті дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина мүлкімен қамтамасыз ету;

3 3) емдеу емханаларында шақырылғандарды кезектен тыс қабылдауды ұйымдастыру ұсынылсын.

5 5. "Сырдария аудандық Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскерге шақырушыларды жинау және әскерлерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастыру ұсынылсын.

6 6. "Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мерзімді әскери қызметке шақырылғандарды сапалы дайындауға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қарамағына ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандардан өз еріктерімен келіскен 4 адам бөлсін.

7

7. Тереңөзек кенті, ауылдық округтердің әкімдері, "Сырдария ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Сырдария аудандық емханасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Сырдария аудандық Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) қаулыны орындауда атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты 2009 жылдың 5 шілдесіне аудан әкімдігіне жолдау ұсынылсын.

8

8. "2008 жылдың қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңдегі іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы" аудан әкімдігінің 2008 жылғы 3 қазандағы N 523 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің 2008 жылғы 12 қарашада N 10-8-74 болып тіркелген, "Тіршілік тынысы" газет баспасының 2008 жылғы 19 қарашадағы N 92 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

9 9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. Әжікеновке жүктелсін.

10 10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

"Келісілді"
Сырдария аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
Б.Досанов
"6" сәуір 2009 ж.
"Келісілді"
Сырдария аудандық емхананың
бас дәрігері
Б.Пржанова
"6" сәуір 2009 ж.
"Келісілді"
N 35 қазақ орта мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Г.Батишева
"6" сәуір 2009 ж.
"Келісілді"
Сырдария ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің бастығы
М.Сүлейменов
"6" сәуір 2009 ж.
"Келісілді"
"Отан" қоғамдық бірлестігінің
Сырдария филиалының төрағасы
Н.Ергешбаев
"6" сәуір 2009 ж.

14 Комиссия мүшелері:

2009 жылғы 6 сәуірдегі
N 170 аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітілген қосымша
2009 жылдың сәуір – маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі аудандық комиссияның құрамы
Сүлейменов Мақсұт - "Сырдария ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің" бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Әжікенов Ержан - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Қалдыбеков Ғани - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Пржанова Бисен - аудандық емхананың бас дәрігері, (келісім бойынша)
Батишева Гүлсара - N 35 қазақ орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (келісім бойынша);
Ергешбаев Нәділ - "Отан" қоғамдық бірлестігінің Сырдария филиалының төрағасы (келісім бойынша).
Тоқмағанбетова Ғалия - аудандық аурухананың аяжаны, комиссия хатшысы (келісім бойынша).