Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ в 2009 году по видам продукции растениеводства, подлежащим обязательному страхованию в растениеводстве Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруға жататын, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері бойынша 2009 жылғы егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңының 5 бабы 3 тармағы 3) тармақшасына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері бойынша 2009 жылғы егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері анықталсын: бидай - 15 мамырдан 31 мамырға дейін; арпа, сұлы - 15 мамырдан 5 маусымға дейін.
Тармақ 2
2. Осы әкімдік қаулысының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. А. Алиферецке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткенінен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛГЕН "Жітіқара ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ________________Б. Қабиев