Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2009 год Қолданыста
Басқа 0
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының 2009 жылға арналған квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-2) тармағын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармағын жүзеге асыру мақсатында Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Федоров ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындардың жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде орын болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүгедектерді квотаға сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына жіберуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен қолданысқа енгізіледі.