Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2009 года Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылдың сәуір-маусым мен қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімдік әскери қызметке шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына "Әскери міндеттер және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 3-тармағына, 23-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусым қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусым қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 қаулысына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақырудан босатылуға немесе кейінге калдыруға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтар оқу орындарынан шығарылған және белгіленген әскери мерзімді өткермеген азаматтар 2009 жылдың сәуір-маусым мен қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Шақыру жүргізу кезінде әскерге шақырушыларды сапалы дәрігерлік куәландыру мақсатында "Федоров аудандық орталық аурухана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігеріне ұсынылсын:
Тармақша 1
1) аудандық әскерге шақыру пунктерін белгіленген талаптарға сәйкес қажетті медициналық-санитарлық мүлікпен, құрал-жабдықтармен және медициналық құралдармен жинақталу бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) әскерге шақырушыларды медициналық куәландыру үшін қажетті дәрігерлер мен орта медициналық персоналдар жіберу;
Тармақша 3
3) қажетті жағдайда әскерге шақырушылардың стационарлық емделуін өткізуді қамтамасыз етсін, ол үшін "Федоров аудандық орталық аурухана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында 10 керуерт-орын бөлінуі қарастырылсын.
Тармақ 3
3. Федоров селосы және селолық округтер әкімдеріне:
Тармақша 1
1) әскерге шақырушыларды медициналық комиссиядан өтуге аудандық комиссиясының отырысына және әскерге жіберу үшін уақытында жеткізуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) мерзімді әскери қызметін өтеу үшін жіберілетін әскерге шақырушыларды салтанатты шығарып салу жөнінде іс-шаралар ұйымдастырылсын.
Тармақ 4
4. "Қостанай облысы Федоров аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі әскерге шақыру және командаларды жөнелту кезінде ұсынылсын:
Тармақша 1
1) әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіру және ұстауды жүргізу;
Тармақша 2
2) әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген адамдардың жеткізуін қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) шақыру комиссиясының жұмысы кезінде, аудандық және облыстық медициналық комиссиясына шақырушылардың тергеу уақытында және шақырушылардың әскери бөлімдеріне кету уақытында қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің аймағында қоғамдық тәртібінің күзетін қамтамасыз ету.
Тармақша 4
4) аудан әкімімен бекітілген, шақыру комиссиясы жұмыстарының кестесіне сәйкес, шақыру пунктінде тәртіпті қолдауы үшін учаскенін инспекторлар жіберілсін.
Тармақ 5
5. Әскерге шақыру учаскесіне жұмысқа жіберілген әскерге шақыру комиссия мүшелерінің, медициналық қызметкерлердің және қызмет көрсетуші адамдардың осы азаматтар жіберілген ұйымдарда, жұмыс орны және алып отырған лауазымы сақталатыны еске алынсын.
Тармақ 6
6. "Федоров ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі әскерге шақыруды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру 2009 жылға арналған ауданның бюджетінде қарастырылған қаражат есебінің шегінде іске асырсын.
Тармақ 7
7. "Қостанай облысы Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі әкімдіктің осы қаулысын орындау бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты Федоров ауданының әкіміне 2009 жылғы 1 шілдесінде және 2010 жылдың 1 қаңтарында берілсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2009 жылы сәуір айында жасалған әрекеттеріне таратылады. КЕЛІСІЛДІ: "Қостанай облысы Федоров аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ______________ Е. Файзуллин 27 сәуірдегі 2009 жылғы "Қостанай облысы Федоров ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы" ______________ А. Никифоров 27 сәуірдегі 2009 жылғы "Федоров аудандық орталық аурухана мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәспорынының бас дәрігері" ______________ В. Финк 27 сәуірдегі 2009 жылғы