Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне, в октябре-декабре 2009 года Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 Жарлығын орындауда Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
Тармақ 2
2. Қалалық әскерге шақыру комиссиясының жеке құрамы бекітілсін: Садыков Кенжебай Мафикович – "Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы; Егишев Бекежан Кабиденович – Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары; Комиссия мүшелері: Шорова Елена Ивановна – "Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті Шахтинск қаласының ішкі істер бөлімі" Мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары; Бойцова Людмила Александровна – көз дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы; Султанова Фания Рафиковна – комиссия хатшысы.
Тармақ 3
3. Комиссия мүшелерінің біреуінің ауырған немесе басқа да себептермен болмаған кезеңіне комиссияның резервтік құрамы бекітілсін: Ахметов Ануар Тұрсынханович – "Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, комиссия төрағасы; Нұрмағанова Сандуғаш Оразхановна – "Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі" Мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары; Комиссия мүшелері: Абишев Евгений Серикович – "Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті Шахтинск қаласының ішкі істер бөлімі" Мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары; Ли Ирина Алексеевна – психиатр дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы; Фальковская Анна Викторовна – комиссия хатшысы.
Тармақ 4
4. Қарағанды облысы әкімдігі Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шахтинск қ. орталық ауруханасы" Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директорына (М.М. Байманов) сапалы медициналық куәландыру беру үшін:
Тармақша 1
1) әскерге шақыруды өткізу кезеңінде мына есепте ең тәжірибелі маман-дәрігерлерді бөлсін: терапевт-дәрігер – 1; хирург-дәрігер – 1; психиатр-дәрігер – 1; отоларинголог-дәрігер – 1; невропатолог-дәрігер – 1; көз дәрігері – 1; тіс дәрігері – 1; дерматовенеролог-дәрігер – 1; медициналық бике – 6 адам;
Тармақша 2
2) қалалық әскерге шақыру учаскесін қажетті медициналық құралдармен, жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен жабдықтасын;
Тармақша 3
3) дәрігерлік комиссиямен жолданған әскерге шақырушыларды тексеру үшін қаланың емдеу мекемелерінде қажетті төсек резервін жасасын;
Тармақша 4
4) әскерге шақыруға жататын, барлық азаматтардың электрокардиограммадан, кеуде куысын флюорографиядан өткізуін, клиникалық анализдерін тапсыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Қарағанды облысы әкімдігі Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шахтинск қаласының стоматологиялық емханасы" Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (А.С. Себепов) тіркеуді өткізу кезеңінде емделуді қажет ететіндердің барлығына ауыз қуысының санациясын қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Шахан, Долинка, Новодолинский кентінің әкімдеріне (А.Е. Клюев, Е.О. Солтабаев, З.С. Жапарова) әскерге шақырылуға жататын барлық азаматтарға жекелеген түрде шақыру қағаздарын беруді және әскерге шақыру комиссиясына ұйымдастырылған түрде келулерін, әскери бөлімдерге жөнелтірулерін қамтамасыз етсін. Әскерге шақырылудан жалтарған жастарды іздестіру үшін кент полициясының қызметкерлері тартылсын. Сол тұлғаларды жеке есепке алсын.
Тармақ 7
7. "Шахтинск қаласының білім беру бөлімі" Мемлекеттік мекемесіне (А.К. Акатаев), "Шахтинск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" Мемлекеттік мекемесіне (С.К. Ибраева) "Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Мемлекеттік мекемесімен бірлесіп (К.М. Садыков) (келісім бойынша) қалалық Әскерге шақыру күнін және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызмет ету үшін салтанатты түрде шығарып салуды өткізсін.
Тармақ 8
8. "Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті Шахтинск қаласының ішкі істер бөлімі" Мемлекеттік мекемесіне (М.Г. Терликов) (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін Қарағанды облысының жинау пунктіне әскер қатарына шақырылғандарды жіберу үшін және әскерге шақыру комиссиясының жұмыс күндерінде байланыс құралдарымен және автокөлікпен қамтамасыз етілген әскерге шақыру пунктіне полиция нарядын тағайындау;
Тармақша 2
2) шұғыл әскери қызметке шақырудан жалтарған азаматтарды іздестіруді, ұстауды және әскерге шақыру учаскесіне жеткізуді қамтамасыз ету ұснылсын. Әскер қатарына шақырылғандарды іздестіру және жеткізу бойынша шығындардың барлығын сол тұлғалардың есебінен төлесін.
Тармақша 3
3) "Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Мемлекеттік мекемесіне қылмыстық жазасын өтеп жатқан, тергеуде жүрген және бұрын сотталған тұлғалар туралы ақпарат беру ұсынылсын.
Тармақ 9
9. "Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Мемлекеттік мекемесіне (К.М. Садықов) (келісім бойынша), Қарағанды облысы әкімдігі Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шахтинск қ. орталық ауруханасы" Коммуналдык мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына (М.М. Байманов), Қарағанды облысы әкімдігі Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шахтинск қаласының стоматологиялық емханасы" Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына (А.С. Себепов) әскерге шақыру шараларын өткізгенде медициналық қамтамасыз ету туралы шарт жасау ұсынылсын.
Тармақ 10
10. "Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Мемлекеттік мекемесіне (К.М. Садықов) (келісім бойынша) әскер қатарына шақырылғандарды тасымалдау бойынша қызметтерді, тауарларды және жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың жеңімпаздарымен шарт жасау ұсынылсын.
Тармақ 11
11. "Шахтинск қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" Мемлекеттік мекемесіне (Т.В. Перова) комиссияның жұмыс уақытында әскерге шақыру учаскесіне судың, электр, жылу қуатының тоқтамай берілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 12
12. "Шахтинск қаласының қаржы бөлімі" Мемлекеттік мекемесіне (А.Б. Меллятов) медициналық куәландырумен, клиникалық анализдерді тапсырумен, электрокардиограмма, флюорографияны өтумен, көлік құралдарымен байланысты шығындар сметасымен және оған қоса берілген шарттарға сәйкес жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырсын.
Тармақ 13
13. Шұғыл әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу қорытындысы туралы ақпарат ішкі саясат бөліміне 2009 жылдың 6 шілдесіне дейінгі және 2010 жылдың 6 қаңтарына дейінгі мерзімде берілсін.
Тармақ 14
14. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 5/36 "2008 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" қаулысы (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 8-8-53 тiркелген; "Шахтинский вестник" газетінің 2008 жылғы 30 мамырдағы N 21 (923) жарияланған) күшін жойған деп танылсын.
Тармақ 15
15. Осы Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.К. Егишевке жүктелсін.
Тармақ 16
16. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Келісілген: Аты-жөні Лауазымы Қолы, күні, мөрі Садыков "Қарағанды облысы Шахтинск _______________ Кенжебай қаласының Қорғаныс істері (қолы) Мафикович жөніндегі бөлімі" Мемлекеттік 2009 ж. 23.04 мекемесінің бастысы Терликов "Қарағанды облысының Ішкі ________________ Манат істер департаменті Шахтинск (қолы) Газизович қаласының ішкі істер бөлімі" 2009 ж. 23.04 Мемлекеттік мекемесінің бастығы