2009 жылы жастар практикасын ұйымдастыру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылы жастар практикасын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы, 13 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 6 тармағына сәйкес жоғарғы және орта кәсіптік білім алған оқу орындарының түлектеріне тәжірибе бере отырып, жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту мақсатында Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауданның жұмысқа орналастыру жөніндегі уәкілетті органы – "Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - жұмыспен қамту бөлімі): жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыздық есебінде тұрған жоғарғы және орта кәсіптік білім алған оқу орындарының түлектеріне мамандықтары бойынша жұмыс тәжірибесін алуына жағдай туғызу үшін нарық еңбегінде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жұмысқа орналасуға ықпал етуге бағытталған жұмыссыз жастар арасында жастар тәжірибесін жүргізуді ұйымдастырсын; жастар практикасы аясында N 11 кәсіптік лицейдің түлектерін кәсіптік диплом алғаннан кейінгі тәжірибесін ұйымдастыруға жұмыс берушілермен келісім шарт жасауды қамтамасыз етсін; жастар практикасы іс-шараларын жүргізуді қаржыландыруды жергілікті бюджеттің 002 "Халықты жұмыспен қамту" бағдарламасы 102 "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар" кіші бағдарламасы бойынша жүргізілсін. жастар практикасына қатысушылардың еңбек ақысының төлемі қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес қарастырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Юржан Асанұлы Бекқожинге жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.