Құжат мәтініне өту

2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Қаулы · № 208 · қабылданған 04.05.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.04.2010 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-46174/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 208 ·04.05.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

ҚАЗ2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 208 · қабылданған 04.05.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Атауы (қаз.)
2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
208
Қабылданған күні
04.05.2009
Көрсетілген редакция
30.04.2010 · қолданыстағы 46174_217866.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
30.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09ZG000090
ЭКБ идентификаторы
46174
Редакция идентификаторы
46174_217866
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:09

0 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20 баптарын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармақтың 8 тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентінің "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 2009 жылғы сәуірдің 1-дегі N 779 Жарлығын жүзеге асыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17-ші сәуірдегі N 543 Қаулысын басшылыққа алып, мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырып, қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2009 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.

2 2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы 1 қосымшаға сәйкес құрылсын. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамында аудандық медициналық комиссия құрылсын.

3 3. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4 4. Ауылдық округ әкімдері азаматтарды толық әскери қызметке шақыру, оларды әскер қатарына жөнелту үшін уақытында қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуді қамтамасыз етсін.

5 5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұранысына қажетті қоғамдық қызметкерлерімен қамтамасыз етсін.

6

6. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Зеленов аудандық орталық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны және Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының "Зеленов аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша).

1 1) шақыру кезеңіне арнап қажетті мөлшерде жоғары білікті тәжірибелі дәрігер–мамандар, медбикелер бөлсін және қорғаныс істері жөніндегі бөлімді медициналық жабдықтармен, аспаптармен қамтамасыз ету ұсынылсын;

2 2) шақыру комиссияларымен емдеу мекемелеріне жіберілген шақырылушылардың стационарлық және емханалық тексерулерін және емделуін қамтамасыз ету ұсынылсын.

7 7. Аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) шақыру пунктінде әскерге шақырылушы азаматтардың қоғамдық тәртіпті сақтауын қамтамасыз ету ұсынылсын.

8 8. Аудандық қаржы бөлімі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру, оларды әскери бөлімшелерге алдыру жөніндегі шараларды орындауға байланысты шығындарға, аудандық бюджеттен қаралған қаражатын бөлсін.

9 9. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісім бойынша) шақырудың барысы туралы аудан әкіміне дер кезінде мәлімдеп отырсын. Қорытынды ақпаратты 2009 жылдың 11 желтоқсанына тапсыру ұсынылсын.

10

10. Аудан әкімдігінің "2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда кезекті шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы N334 қаулының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7-7-69 нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 11 қазандағы "Ауыл тынысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

11 11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г. М. Құлжановаға жүктелсін.

12 12. Осы қаулы, 2009 жылғы 17 сәуірден туындаған құқықтық қолданылатын аталған қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8 тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

15 Комиссия мүшелері:

N 1 қосымша
Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 4 мамырдағы
N 208 қаулысымен бекітілген
Аудандық шақыру комиссиясының
құрамы
Ават Мұғалімұлы Измайлов
– комиссия төрағасы, ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы
Армат Амангелдіұлы Байғазиев
– комиссия төрағасының орынбасары, аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы
Комиссия мүшелері:
Жасқайрат Төлеғалиұлы Жұмағалиев
– комиссия мүшесі, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Хойсы Ғилманқызы Аюпова
– медициналық комиссия төрайымы, Переметный ауылы
Надия Абриковна Ахметова
– медициналық комиссия төрайымы, Дариян ауылы
Надежда Яковлевна Ищенко
– комиссия хатшысы, Переметный ауылы
Камия Төребекқызы Жулаева
– комиссия хатшысы, Дариян ауылы
Аудандық әскерге шақыру комиссиясының
(резервтік) құрамы
А.Ищанов                   - Аудандық дене шынықтыру
және спорт  бөлімінің
бастығы, шақыру комиссиясының
төрағасы (келісім бойынша)
Н. Акаев                   - Аудандық ауыл шаруашылық
бөлімінің бастығы, шақыру
комиссиясы төрағасының
орынбасары
Комиссия мүшелері:
С. Айткалиева             - Аудандық қаржы бөлімінің
бастығы, комиссия хатшысы
(келісім бойынша)
Ю. Дьяченко               - Аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығының орынбасары,
(келісім бойынша)
Е.Чирова                  - Аудандық халықты жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы, комиссия
төрағасы (келісім бойынша)
Аудандық шақыру комиссиясының жұмыс тәртібі аудандық қорғаныс істері бөлімінің жұмыс кестесіне сәйкес (жергілікті уақыт бойынша) сағ. 8.30-дан 12.30-ға дейін белгіленсін.

16 N 2 қосымша

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 4 мамырдағы
N 208 қаулысымен бекітілген
Азаматтарды мерзімді әскери
қызметке шақыруды өткізу
кестесі

Қорғаныс
істері
жөніндегі
бөлім
сәуір
мамыр
маусым
қазан
қараша
желтоқ-
сан
1
Қорғаныс
істері
жөніндегі
бөлім
17, 18,
21, 22,
23, 24,
25, 28,
29, 30
2, 3,
5, 6,
7, 8,
12, 13,
14, 15,
16, 19,
20, 21,
22, 23,
26, 27,
28, 29,
30
2, 3,
4, 5,
6, 7,
9, 10,
11, 12,
13, 16,
17, 18,
19, 20,
23, 24,
25, 26,
27, 30
1, 2,
3, 6,
7, 8,
9, 10,
13, 14,
15, 16,
17, 18,
20, 21,
22, 23,
24, 27,
28, 29,
30, 31
3, 4,
5, 6,
7, 8,
10, 11,
12, 13,
14, 17,
18, 19,
20, 21,
24, 25,
26, 27,
28
1, 2,
3, 4,
5, 8,
9, 10,
11, 12,
15, 17,
18, 19,
20, 22,
23, 24, 25, 26,
29