2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы Қолданыста
Басқа 0
2009 жылдың сәуір-маусым және
қазан-желтоқсан айларында мерзімді
әскери қызметке кезекті шақыруды
өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 08 маусым 2005 жылғы Заңының және Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын, 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсан кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2009 жылдың 01 сәуірдегі №779 санды Жарлығына сәйкес, 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтардың мерзімді әскери қызметке уақытылы шақырылуын қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2009 жылдың сәуір-маусым айларында 18-ден 27 жасқа толған әскери қызметке шақыруын кейінге қалдыру құқығы жоқ ер азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырылуы жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Төмендегі құрамда аудандық әскерге шақыру комиссиясы құрылсын:
Сүйеубаев Қуаныш Жұмабекұлы – комиссия төрағасы, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы,
Жолдыбаева Ләззат – комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкім аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің жетекшісі,
Комиссия мүшелері
Тлегенов Ержан Санақбаевич – аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Шалабаева Гүлшат Бақытқызы – аудандық емхананың бас дәрігері, медициналық комиссиясының төрайымы (келісім бойынша)
Ақыбаева Гүльназ – комиссия хатшысы, денсаулық нығайту орталығының мейірбикесі (келісім бойынша).
Тармақ 3
3. Шақыру комиссияның төрағасының орынбасары, село, поселке село әкімдері, ішкі істер қызметкерлерін аудандық емхананың бас дәрігерін шақыруға қатысты кәсіпорын, мекеме басшыларын қатыстыра отырып, нұсқаулау-ұйымдастыру кеңесін өткізу тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Аудандық емхананың бас дәрігері Г.Шалабаева аудандық комиссияның қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін Түпқараған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тапсырысы бойынша жеткілікті мөлшерлерде бұрын шақыру комиссияның құрамында жұмыс тәжірибесі бар маман дәрігерлермен, құралдармен, желеңдермен қамтамасыз етсін Жалғанда / қосымша №1/, сонымен қатар;
Тармақша 1
1) әскерге шақырылған азаматтардың флюрографиядан өтуін, анализдер тапсыруын, қан құрамын айыруын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылған азаматтардың өкпе (туберкулез), трахома, бұлшықет,сүйек, буын органдарының тізімін, дәрігерлік бақылау мен диспансерлік байқаудың мәліметтерін табыс ету;
Тармақша 3
3) комиссияның маман дәрігерлерін қажетті аспаптармен, рентгенпленкасымен, флюропленкамен, электрокардиографияға арналған қағазбен қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) әскерге шақырылғандардың комиссиядан өту кезінде оларға қажетті жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 5
5. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ө.Қ.Қилыбаев (келісім бойынша) әскери міндетін өтеуден қашып, іздеуде жүрген азаматтарды жеткізіп беруін қадағалау, дәрігерлік комиссияның кезінде және әскер қатарына шақырылған азаматтарды облыстық жиын пунктіне жіберілу кезінде аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімде қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін қызметкерлерді бөлуді ұйымдастыру ұсынылсын. Жалғанды: /қосымша № 2/
Тармақ 6
6. Аудандық мәдениет үйінің директорына (Е.Ельмұханбетов) аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімімен келісе отырып, әскер қатарына шақырылатын азаматтардың салтанатты түрде соғыс ардагерлерімен, Отан алдындағы борышын өтеп келген азаматтармен кездесуін ұйымдастырылсын.
Тармақ 7
7. Село поселке әкімдеріне, меншік нысандарына қарамастан мекемелер, ұйымдар мен оқу орындарының басшыларына, әскерге шақырушыларды шақыру комиссиясының өтуге қажетті мезгілде (оқудан) босатуды, әскерге шақырушыларды іс сапардан, еңбек демалысынан кері шақырылып алынсын және әскери есеп мамандарына немесе кадр бөліміне қаулының басшылығымен олардың уақытылы келуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Қ.Сүйеубаев (келісім бойынша) әскерге шақыру бойынша қорытынды хабарламаны аудан әкіміне 2009 жылдың маусымның 25- не дейін ақпарат беру ұсынылсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары О.Жарылғаповаға жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 15
Аудан әкімдігінің
23 сәуір 2009 жылғы
№ 169 санды қаулысына
қосымша 1
Түпқараған аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімге дәрігерлік сараптамадан өткізуге таратылатын дәрігер мамандардаң тізімі
Тармақ 1
1. Терапевт-Асанова Эльмира Абдиакимовна
Тармақ 2
2. Тері-мерез ауруларының маманы – Ерманов Гүлшат Ақбердіқызы
Тармақ 3
3. Тіс-дәрігері –Боқаева Айтөре Нұрғалиқызы
Тармақ 4
4. Оташы – Гумарова Жанна Наурызовна
Тармақ 5
5. Неврапотолог-Богерова Сәнімжан Нұрғалиқызы
Тармақ 6
6. Физиатр – Қани Кенжеғали Тәжңғалиұлы
Тармақ 7
7. Лор- Үрбисинова Гүлжихан Мекейқызы
Тармақ 8
8. Көз- дәрігері - Мұрынов Жұмабек Көшкінбайұлы
Тармақ 9
9. Психолог- Дүйсенбаева Ақерке
Басқа 25
Аудан әкімдігінің
23 сәуір 2009 жылғы
№ 169 санды қаулысына
қосымша 2
Түпқараған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне әскер қатарына шақырылатын азаматтардың уақытында келуін қамтамассыз ететін іздестіру тобы
№
Тегі, аты-жөне лауазымы
Мекеме аты
1
Меңдібаев Сәрсенғали Жөкенұлы / сержант/
Қорғаныс істері жөніндегі бөлім
2
Қалсейітұлы Нұрбол /аға лейтенант/
Аймақтық полиция инспекциясының учаскелік полициясы